Мақсаты: Балалардың
қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы
ойындар мазмұнын меңгерту, спорт туралы
білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын
арттыру. Бала денесін ойын арқылы
қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру.
Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын
арқылы қалыптастыру. Салауатты өмір
салтына тәрбиелеу.
Қажетті
құрал-жабдықтар: Кедергілер,
шелектер, шана, күрек, шаңғы, хоккей
таяқшасы, шайба, аққалаға керекті заттар.
Үштілдік: Қар-снег-snow,
аққала-снеговик-snowman, қыс-зима-winter.
Жүргізуші: Құрметті
ата-аналар, балалар, балабақша ұжымы,
қонақтар «Қарлығаш» тобы
балаларының «Қыс
қызығы» атты
эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!
Тілек
шеңбері
Балалар
алаңда екі қатарға тұрып, бір-біріне
қарап, тілектер айтады.
Ауамыз таза
болсын,
Денсаулығымыз мықты болсын,
Ойын
қызықты болсын,
Жарыс көңілді
болсын,
Жеңімпаздар көп болсын!
Жүргізуші: Сауығып
айдай толасың.
Спортты серік ете
біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз
болу оңай ма,
Арман болған
талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа
түсіп қалайда.
-
Ал, балалар, барлық қонақтармен сәлемдесіп
алайық.
Балалар: Сәлем
бердік алтын күн,
Сәлем бердік ашық
аспан.
Сәлем бердік жер-ана,
Сәлем
бердік баршаңа.
«Әнұран»
шырқалады
Жүргізуші: Шанамен
зырлап желетін,
Шаңғы, коньки
тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай
мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Қыс
мезгілі.
- Балалар,
қараңдаршы бізге қонаққар келе жатқан
секілді. Ой, мынау келе жатқан аққала,
түлкі, қасқыр ғой. (балалармен амандасады)
Түлкі: Менің
жұмбағымды шешсендер мен сендерді
жарысқа жіберемін.
Қыста
ғана болады.
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Табаныма
байладым,
Қос таяқпен айдадым.
(Шаңғы)
Жалт
- жұлт етеді,
Ұстасаң еріп, кетеді.
(Мұз)
Зулап түсті төменге.
Шықпас
менен төбеге. (Коньки)
Тікен - тікен
тік пісте,
Қысы,
жазы бір түсте. (Шырша)
Күміс
тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай
қылып. (Шана)
Жүргізуші: Намысы
бар балапандар қайдасың,
Білген дұрыс
бұл спорттың пайдасын- дей отырып «Ақ
аю», «Ақ қоян» топтарын
ортаға басшыларымен шақырамыз.
Міне,
балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар
жеке-жеке команда
Ал, балалар өздеріңді
таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық
көрсетіп табанды,
«Ура» деген ұранды
біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді
бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!»
деп
Жалынды ұран тастаймыз
«Ақ
аю» топ басшысы -
Съезбек Айарыс
Ұраны: Біріміз
бәріміз үшін,
Бәріміз біріміз үшін.
«Ақ
қоян» топ басшысы -
Сәдуақас Әлихан
Ұраны: Қояндарша
орғимыз,
Намысты қолдан бермейміз.
Жүргізуші: Ал
сайыскер топтар,
Ешкімнің жоқ
алалар.
«Жеңімпаз болу» үлкен сын,
Оны
әділқазың бағалар.
Ашық жарқын
жүзді,
Әділқазылар біздің
Таңдап
баға беруге,
Шақырайық
төрге,- деп әділқазылар
алқасымен таныстырайық.
Б\б
әдіскері: Темирбекова
Сауле Сагындиковна
Б/б
психологі: Ғабдулина
Қарагөз
Б\б
медбикесі: Кашимова
Гүлнар
Топтарымызға
сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік.
(Музыка ойналады) Енді сайыс түрлерімен
танысайық.
Жүргізуші: Балалар
бүгінгі жарыс 6-кезеңнен тұрады:
1.
«Қай топтың шанасы алда»
2. «Хоккейшілер»
3. «Кім
епті?»
4.
«Шаңғышылар»
5.
«Аққала» жасау жарысы
6.
«Арқан тартыс»
Жүргізуші: Балалар,
ендеше жарысымызды бастаймыз! Дайынсыңдар
ма?
Балалар: Біз
дайынбыз!
-
Ал енді құрметті сайыскерлер! Сіздерге
сәт сапар! Жарысымызды
бастаймыз.
Жүргізуші: Шанасына
мінеді,
Мәз мейрам боп күледі.
Жарысамыз
бәріміз,
Жарасып тұр сәніміз.
І-кезең: «Қай
топтың шанасы алда» деп аталады
Ойынның
шарты: Әр
топқа бір шанадан, оның үстіне бір баланы
отырғызып, белгіленген жерден айланып
өз орнына барады. Кім бірінші келсе, сол
топ жеңіске жетеді.
ІІ-кезең:
«Хоккейшілер» деп аталады
Ойынның
шарты: Балалар
хоккей таяқшасымен шайбаны кедергілер
арасынан айналып өтіп, мәреге бірінші
келген топ жеңіске жетеді.
ІІІ-кезең: «Кім
епті?» (Ыдыстан-ыдысқа
қалақпен қар тасу)
Ойынның
шарты: Балалар
ыдыстағы қарды қалақпен кедергілер
арасынан жүгіріп, шелекке тасу. Қай топ
шелекке көп қар жинаса, сол топ жеңіске
жетеді.
Жүргізуші: Жапалақтап
ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға
шықты балалар,
Шаңғыларың арқалап.
ІV-кезең: «Шаңғышылар»
деп аталады
Ойынның
шарты: Балалар
шаңғымен кедергілер арасынан жүріп
өтіп, мәреге бірінші болып жеткен топ
жеңіске жетеді.
Жүргізуші: -
Балалар, біз келесі ойынды ойнамас бұрын
жұмбақ шешейік, сол жұмбақтың шешуі
арқылы келесі ойынымыздың атауын
анықтаймыз.
Мұрны сәбіз үп-үшкір
Көзі
көмір қап-қара
Көне шелек басында
Сыпырғышы
қолында (Аққала)
V-кезең: «Аққала»
Ойынның
шарты: Балалар
дайын тұрған қардан аққала құрастырады.
Оның көзін, мұрнын, аузын жасайды. Басына
шелек кигізіп, қолына сыпырғыш ұстатады.
Қай топтың балалары бұрын болса, сол
топ жеңеді.
VІ-кезең: Қазақтың
ұлттық ойыны: «Арқан тартыс»
Ойын
шарты: Арқанның
екі жағынан екі топқа бөлінген балалар
тартысады. Қай топ арқанды өз жағына
тартып, алып келсе, сол топ жеңіске
жетеді.
Жүргізуші: Назар
аудар денсаулыққа,
Өмірде
бақыттысың денің сауда
«Денсаулық
– терең бақыт» деген сөзді
Құр
айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің
сауда күштісің бұл әлемде,
Денің
сауда сұлусың жер бетінде.
Сол
мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің
әлі талай бақыттарға деп, - ортаға әділ
қазылардың әділ қазысын айтатын мүшелерді
шақырамыз. Марапаттау.
І-орын: «Ақ
аю» тобы
ІІ-орын: «Ақ
қоян» тобы
Аққала: Балалар,
жарысқа өте жақсы қатыстыңдар, рахмет
сендерге, менің әкелген сыйлығым бар!
(көрсетіп, апайға береді, топта сыйлығын
таратып береді)
Жүргізуші: Ұрпақ
керек ертеңгі алда,
Болашақты
болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін,
жерін қорғайтын!
Денсаулық - басты
байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл
ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын
насихаттап,
Атанайық жақсы азамат
өңірдегі.
Еліміздің
болашағы дені сау азаматтардың қолында.
Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Қыс
қызығы» атты
спорттық эстафеталық жарысымыз осымен
аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға
рахмет. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!