Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз)
Шанамен зырлап жететін
Шаңғы,коньки тебетін
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс)
Бұлтты айдай желдеткен
Нөсерлеткен,селдеткен
Шымшық келіп ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (көктем)
Қойның толы жеміске
Көк майсалы егіске
Көбелек қуып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (жаз )
-Жақсы,дұрыс таптыңдар.Бұл жұмбақтардың жауабы
бізге жақсы таныс жыл мезгілдері,ия?!
-Ал,балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Қазір қай ай?
-Күзде ауа райы қандай болады,қандай өзгерістер
байқап жүрсіңдер?
Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдерін
тап»
Әуенге сәйкес ЖазХаншайымы
келеді.
-Балалар, сендер танып тұрсыңдар ма,бұл кім бізге
қонаққа келген?
-Жаз,сен неге көңілсізсің?
Жаз Ханшайымы: Балалар, мен
қатты тонып қалдым,жаурадым,мен адасып кеттім.Байқамай сендердің
топтарыңа кіріп кеттім.
-Жаз,келгенің жақсы
болды.Қамықпа! Біз балалармен жыл мезгілдері туралы әңгімелесіп
жатыр едік.Біздің балалар табиғатты жақсы көреді,аялай қорғай
алады.Саған да көмектесеміз.Кел,төрлет,бізбен бірге
бол!
-Балалар, сендер жаз мезгілі туралы не
білесіңдер?Есімізге түсірейікші
Жазда күн....(жылынады)
Жазда жапырақ....(жайқалады)
Жазда гүлдер....(гүлдейді)
Жазда саңырауқұлақтар... (өседі)
Жазда көбелектер ....(пырылдап ұшады)
Жазда масалар...(ұшады)
Жазда жидектер...(піседі)
-Тамаша!Жарайсыңдар!
-Ал енді,Жаздың көңілін біраз көтеру үшін бізоған
тақпақтар айтып берейік.
Дарина,Есқожа,Сайя тақпақ
айтады
Жаз Ханшайымы: рахмет,балалар,мен біраз марқайып
қалдым.Мен туралы көп біледі екенсіңдер. Менде сендерге бос қол
келмедім.Менде сендердің жазғы демалысты қалай өткізгендерін туралы
естелік фото-суреттерін сақталып қалған.Қане,кім өзінің суретін
айтып беремін дейді.
Балалар суреттерін талдайды
Ойын «Жұмсақ-қатты»
-Жақсы,біраз демалып
алдыңдар.Жазда тағы қандай қызықтар болады?Мен сендерге
көмектесейін.Ол үшін суреттерді талдап,әңгіме
құрастырайық.
Жаз Ханшайымы: Балалар,рахмет,сендермен бірге
болу маған қатты ұнады.Сендер өте ақылды ,білімді балалар
екенсіңдер!Бірақ менің кетуім керек,жолымды табуым керек!Келесі
жазда кездескенше!Мен сендерді асыға күтемін.
Монтессори әдісі бойынша
«Күншуақ»жасау.Арнайы кесілген шеңберлерге,кыстырғаш қыстысру
арқылы шуақтарын жасау,жаз Ханшайымына сыйлау.
-Ал,балалар,жазбен
қоштастық,енді біздің қонақтармен қоштасатын кез келді.Сау
болыңыздар!
«Ақ бота»бөбекжай-бақшасы МКҚК
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Жаз дегеніміз не?»
Тапсырған: Сапиева А.С.
Петропавл қ.,