Ортаңғы
«Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Өткізілу
күні: 12.03.2019ж
Тәрбиеші:
Берік А.Б
Білім
беру саласы: «Шығармашлық»
Пән:
Сурет салу
Өтпелі
тақырып: «Жер
– Ана!»
Тақырыбы:
«Көктемдегі
ағаштар»
Мақсаты
1.Тәрбиелеу:
Өсімдіктерді
қорғауға тәрбиелеу.
2.Дамыту:
Сурет
салу арқылы эстетикалық талғамдарын
қалыптастыру.
3.Оқыту:
Балаларға
көктемнің өзгерістері туралы түсінік
беру.
Педагогикалық
технологиялар:
әңгімелесу, түсіндіру
Ресурстармен
қамтамасыз ету: Көктем
мезгілінің, ағашатардың суреті
Билингвалдық
компонент: көктем-весна,
ағашатар-деревьи
Ұйымдастырушылық
кезеңі
Жыл
мезгілін, ай, апта атауларын сұрап,
естеріне түсіру.
-
Қазір жылдың қай мезгілі?
-
Көктем мезгілінде неше ай бар?
-
Қазір көктем мезгілінің қай айы?
-
Бір
аптада неше күн бар?
-
Бүгін
аптаның қай күні?
Балалар
көктем мезгілінде күн жылы болады.
Құстар жылы жақтан келеді.
Тәрбиеші
күн бейнеленген суретті көрсетеді. Бұл
– ең үлкен және қайырымды керемет күн.
Тағы ол қандай?
«Салыстыр
және ата» ойыны.
Тәрбиеші
сөйлемнің басын бастайды, балалар
аяқтайды.
Күн
сары, (бақ-бақ) сияқты
Күн
дөңгелек (доп) сияқты
Күн
мейірімді, (анамыз) сияқты, т.с.с.
-
Көктем күнге қалай көмектесті?
Неліктен
қар ериді?
Көктемде
ағаштарда не пайда болады?
Бүршіктің
түсі қандай? Ал ағаштың ше?
Көктем
мезгілінде жер беті құлпырып өзгеше
бір ерекшелікте болады. Көктемде күн
қысқа қарағанда жылуын шашып, жарқырай
бастады. Қар еріп, су жерді суғарды.
Ағаштар да бүршік аттып, жапырақтар өсе
бастады. Жылы жақтан құстар ұшып келеді
Жақсы
балалар бүгін біз осы «Көктемдегі
ағаштар» деген тақырыпта сурет саламыз.
Тәрбиеші
көктем суретін әңгімелеп, тақтаға салып
көрсетіп, түсіндіру
Қауіпсіздік
ережесі:
Достарымызғакедергі
жасамаймыз, қылқаламды орынмен
пайдаланамыз. Акварельді иіскемейміз,
қолмен ұстамаймыз.
Сурет
салу тәсілі
Бізге
Көктемдегі ағаштарды салу үшін жасыл,
қоныр түстер қажет болады. Ең бірінші
ағаштын діні, бұтақтары, гүлдерін
саламыз, діні жоғарыдан төмен қарай
жіңішкереді, сондықтан дінінің төмен
жағын қоңыр қою бояумен бояймыз, жоғарды
жанына ашық қоныр бояуды жеңіл жағамыз.
Бояуды қылқаламмен қағазға жайлап
тигіземіз. Қылқаламның қозғалуы ағаштың
бұтағының бағытын білдіреді. Жеңіл
қозғалыспен сүйкей жағу тәсілімен
жапырақтарды
саламыз.
Сергіту
сәті:
Шапалақта
қолыңды,
Жай,
жай, жай! Міне, былай!
Шапалақта
қолыңды.
Тез-
тез- тез! Тез-тез-тез!
Алға
қарай адымда,
Жай,
жай, жай! Міне, былай!
Жолыңнан
еш жаңылма,
Тез-тез-тез!
Тез-тез-тез!
Балалар
сурет салуға кіріседі.
Балалар
көктем ағаштарының суретін салады.
Балалардың салған суреттерін қарап,
көмектесу.
Қортынды
-
Балалар, қандай оқу іс- әрекеті болды?
-
Оқу іс- әрекетінде не туралы айттық?
-
Бұл оқу іс-әрекетінде ненің суретін
салдыңдар?