Ортаңғы «Күншуақ»
тобы
Тақырыбы:Менің
отбасым
Білім беру
саласы:Әлеуметтік
орта”
Бөлімі:Қоршаған ортамен
таныстыру
Мақсаты:Балаларды өзінің отбасылары,сүйіктілері,олардың мейірімі
мен жанашырлығы туралы әңгімелеуге талаптандыру.Отбасы бұл бірге
тұратын,бірін-бірі сүйетін,бір-біріне қамқор болатын адамдар деген
түсінікті қалыптастыру.Өзінің отбасы үшін мақтаныш сезімін
тәрбиелеу.
Билингвистикалық
компоненттер:Ата-дедушка,әже-бабушка,әке-отец,ана-мать
Қажетті
құрал-жабдықтар:”Отбасы”суреттері,слайд
Мотивациялық
қозғаушы
Шаттық
шеңбері :Бас
бармағым-әкем,
Балан
үйрек-апам.
Ортан
терек-ағам;
Шылдыр
шүмек-мен.
Кішкене
бөбек-сен
- Балалар, қараңдаршы, мен
бүгін сендерге қандай сурет әкелдім. (суретті слайдтан корсету)
- Бұл суретті қалай атаймыз? (Отбасы)
- Отбасында неше адам?
Атам,әжем,әкем,анам,мен,қарындасым.
- Сенің отбасың барлығы жиналғанда не істегенді
ұнатады?
-Қазір мен сендерге жұмбақ
жасырамын
Жұмбақ:
1.Ол өте
мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар,
сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ертегі айтып
береді.
-Бұл кім? (әже)бабушка
2.Ол
көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи
оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, немерелеріне таттілер алып
береді.
- Кім бұл? (ата)дедушка
Ол сен үшін ең
қымбат адам.Үнемі үй тірлігімен
айналысады, -Бұл жұмбақ кім
туралы? (ана
туралы)мать
-Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай
мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым, анатайым).
- Және соңғы жұмбақ..
Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді:
сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа
алып шығады.
-Бұл кім? (әке)-отец
-Дұрыс - Ал сендердің
әкелерің қандай? (күшті, батыл, мықты,...)
-Бәрекелді,балалар жұмбақтарды дұрыс
шештіңдер.
Сендер ақылды,білімді балалар болып осіп келе
жатыр екенсіңдер
балалар,жарайсыңдар.
Қане,балалар шаршаған шығарсыңдар бір сергіп
алайық
Сергіту
сәті: Жел соқты
гу-гу,
Жаңбыр жауды
тырс-тырс;
Жаңбыр
басталды,
Күн
ашылды.
- Қане,балалар
отбасы мүшелерінің суреттерін
ілейікші.
–Ой,жарайсыңдар
балалар.
Енді ойын ойнап бір сергіп
алайық « Кім жоқ»-дидактикалық ойын:
Тақтада отбасы мүшелерінің
суреттері ілулі тұрады.Балалар көздерін
жұмады.
Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы
мүшесінің суретін алып
тастайды.
Балалар көздерін ашып,мұқият
қарап шығып,кімнің суреті жоқ екенін айтады. -Жарайсыңдар
балалар,есте сақтау қабілеттерің өте жақсы дамыған
екен.
Күтілетін
нәтиже:
Білу керек:Ата,әже,әке,ана-отбасы тірегі. Оларды сыйлау
керек.
Түсінуге тиіс: Ата,әже,әке,ана,ұл,қыз-бәрін отбасы
дейміз.
Істей білу
керек: Біздің кішкентай
жүрегіміз бәрін жақсы көреді.