400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: "Қуыршақтарға әдемі моншақтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға әшекей бұйымдар туралы түсінік беру. Қиылған пішіндерді үйлесімді орналастыруға үйрету. Қайшымен ұқыпты қиып жұмыс жасауға дағдыландыру.Жапсыру іскерлік дағдыларын меңгерту. Эстетикалық талғамдарын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Естиярлар «Балапан» тобында ұйымдастырылған оқу іс -әрекеттің технологиялық картасы

Өткізу уақыты: Сәуір айы – 1 апта
Білім беру саласы: “Шығармашылық”
Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекет түрі :
«Жапсыру»
Тақырыбы: «Қуыршақтарға әдемі моншақтар»
Мақсаты: Балаларға әшекей бұйымдар туралы түсінік беру. Қиылған пішіндерді үйлесімді орналастыруға үйрету. Қайшымен ұқыпты қиып жұмыс жасауға дағдыландыру.Жапсыру іскерлік дағдыларын меңгерту. Эстетикалық талғамдарын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Қонаққа Айжан деген қыз бала келеді. Балалармен амандасады. Айжанның дос құрбысының туған күні екен. Құрбысы моншақты жақсы көреді екен. Сондықтан да құрбысына моншақ жасап беру үшін көмек сұрап келеді.

Балалар, Айжанға көмектесеміз бе?







Балалар Айшамен амандасады. Айшаның сұрағын қабыл алып, көмектесіп, моншақ жасауға келіседі.



Іздену-

ұйымдастырушы

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Сендердің аналарың қандай әшекей заттарды жақсы көреді.

Мына әшекейлік бұйымдарға қарайықшы. Қандай әшекей бұйымдарды көріп тұрсыңдар? Оларды кімдер жасайды? Неден жасалған? Біз қайдан аламыз? Мына моншақтың пішіні қандай? Ал, түсі ше?

Балалар, бүгін Айшаның құрбысының туған күні екен. Айшаның құрбысына әдемі моншақ жасап берейік.

Балаларға қалай жасау әдісі көрсетіледі.

Сергіту сәті жүргізіледі.



Балалар қай жыл мезгілі екенін айтады.

Әр бала өз аналарының әшекей бұйымдары жайлы әңгімелейді.

Өздері білетін әшекейлік бұйымдарды атайды. Оларды аналары қонаққа, концертке т.б жерлерге киіп баратындарын, оларды арнайы шеберханада, шеберлер даярлайтынын, олар қаңылтырдан, сүйектен т.б жасалатынын әңгімелейді.

Моншақтардың әртүрлі болатындығын атайды.

Сергіту сәті жүргізіледі.

Алақанды ұрайық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Берілген үлгі бойынша моншақ жасайды.

Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар бізге қонаққа кім келді? Айжан қандай көмек сұрап келді? Біз қалай көмектестік? Қандай ойын ойнадық?

Айжан балалардың жасаған моншақтарына қуанып, алғыс айтады. Балаларға риза болып, қоштасып кетеді.

Күтілетін нәтиже:

Білу: әшекейлік бұйымдарды білу;

Үйрену: қайшымен жұмыс жасап үйрену;

Өзіне үйренгені: ұйымшылдыққа үйрену.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі