400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тақырыбы: «Дыбыстарды дұрыс айтайық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: а) Балаларға дауысты дыбыстарды (а, ә, о, ө) дұрыс айтуға үйрету. ә)Артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. б)Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы



Білім беру саласы:Қатынас.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Дыбыстарды дұрыс айтайық (а−ә, о−ө).

Мақсаты: а) Балаларға дауысты дыбыстарды (а, ә, о, ө) дұрыс айтуға үйрету. ә)Артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. б)Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Алдын− ала жүргізілетін жұмыс: Әңгімелесу.

Қос тілдік құрам: Әтеш−петух, лақ−козленек.

Әдіс−тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, сұрақ− жауап.

Іс- әрекет

кезендері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Педагог балаларға шаттық шеңберіне тұруды ұсынады.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

(Е.Өтетілеуұлы).


Шаттық шеңберге тұрады, педагогпен бірге қайталайды.

Ізденушілік

Ұйымдастыру-шылық


















Демонстрациялық көрнекілікті қолдану.

Педагог балаларға кішкентай баланың суретін көрсете отырып:

Келгенше апам жұмыстан

Бесікте ойнап жатады.

Әрнені ұғып дыбыстан

«А−а−а» −деп үн қатады.

Бұл кім?

−Кішкентай бала «а−а−а», −деп ән салады екен. Кәне, бәріміз қайталайықшы.

Кейбір балалардан жеке−жеке сұрайды.Педагог бұзау, лақ, әтештің суреттерін көрсетеді. Олардың қалай дыбыстайтынын айтады.

Ақ бұзауым ұнайды,

«Мө−мө» −деп сүт сұрайды.

Ақ бұзау жақсы фермада,

Апарамын көрмеге.

(Е.Өтетілеуұлы).

−Бұзау қалай дыбыстайды? («Мө−мө−мө» деген дыбысты қайталату).

−Балалар, бұзауды еркелетіп, «әукім−әукім−әукім» деп шақырады.


Педагог лақтың суретін көрсетеді.

Лағым−ау, лағым,

Естімей ме құлағың?

Айтқан сөзді ұқпайсың,

Келмей ме әлде тіл алғың?

(Н.Меңгітаев)

−Ал мынау ешкінің төлі−лақ.

Лақ қалай дыбыстайды?


Педагог әтештің суретін көрсетеді.

Оятпа, әтеш, сен бізді,

Өзім де сездім, таң атты.

Сенсіз−ақ білем мезгілді

Танимын енді сағатты.

(А.Сопыбеков)

−Бұл−әтеш. Әтеш қалай дыбыстайды?

−Әтеш «қо−қо−қоқ» деген дыбыс шығарады.


Сергіту сәті:

Лағым, лағым, лағым

Шошаңдаған шұнағым.

Секіресің секеңдеп

Ойнағандай еркелеп.


Дидактикалық ойын:

«Төлдер қалай дыбыстайды?» ойыны арқылы әр малдың төлдерінің қалай дыбыстайтынын айту.


Жеке жұмысты қажет ететін балалардан төлдердің қалай дыбысталуын қайталату.


Суретке қарайды, жауап береді.







−Сәби

«А−а−а» деп хормен және жеке−жеке қайталайды.







−Бұзау−сиырдың төлі.




−Мө−мө−мө.










−Лақ−ешкінің төлі.

−Мә−мә−мә.








«Қо−қо−қоқ» деп балалар қайталайды.




Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.






Мал төлдерінің дыбысталуын қайталайды.

Балалар қайталайды.



Рефлексивті-

түзетушілік

Педагог балалардың іс−әрекетін бағалайды.

−Қандай үй жануарларының төлдерін білесіңдер?

−Үйлеріңде қандай үй жануарлары бар?

Сұрақ−жауап арқылы оқу іс−әрекетін қорытындылайды.





Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білу: Үй жануарларының төлдерін дұрыс атап, олар туралы білетіндерін әңгімелеуді;

Үйрену: Есте сақтау қабілетін жетілдіріп, дыбыстарды дұрыс айту керектігін;

Меңгеру: Үй құстары мен жануарларға қамқорлық жасауды;

.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
977
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі