400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:менің сүйікті ойыншығым

Материал туралы қысқаша түсінік
тарбиеші мамандарға,балабақшадаға балаларға сабақ отуіне көмегін тигізер деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕНІҢ    СҮЙІКТІ    ОЙЫНШЫҒЫМ


Білім беру саласы:  Қатынас.
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Мақсаты: Білімділігі:  Өздеріне ұнаған ойыншыққа зеріттеу жүргізіп ( түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан  түрлі болатыны ) , әңгімелеп айтып беруге , ойыншықтардың жекеше , көпше атауларын айтуға  үйрету .
Дамытушылық :Балаларды сөзді анық айтып , дұрыс сөйлей білуге баулу , сөздік  қорларын  дамыту .
Тәрбиелік : Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп , ұқыптылыққа , эстетикалық талғамдарын кеңейту , ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен , жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу .
Әдіс тәсілі : ойын ,сұрақ – жауап , жұмбақ .
Көрнекіліктер : Ойыншықтардың суреттері , машина,доп,қуыршақ

 Балалар ,  қане ,  бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.
Балалар;   шаттық  шеңберге   тұрады .
                     Бәрі бірге қосылып айтады .
    Шаттық     шеңбері;
                            Біз      ұқыпты     баламыз ,
                            Айтқан   тілді       аламыз.    
                             Ойыншықтарды   жинаймыз,    
                             Үлкендерді    сыйлаймыз.    



 Балалар мына үстел   үстінде  жатқан  заттар  не?
Олар   -    ойыншықтар  . 
-  Ойыншықтармен    не    істейді?                                                       
- Ойыншықтармен  ойнайды .                     
-  Балалар қараңдаршы  біздің  тобымызда  ойыншықтар  өте  көп,олар   қандай ойыншық?                                                                                            
Балалар;  доп.                                                                                                    

-Доптың  пішіні  , түсі   қандай ?        
Балалар ;  жауап  береді .                                                
Тәрбиеші ;  Доптың  қимылы қандай ?                                    

-Қане бәріміз  допша  секірейікші ?                                

Кім доп туралы  тақпақ  біледі                                                                          

 Балалар;  Топ –топ добым  домалақ ,    
                    Қайда  кеттің   домалап .
                    Бір ,екі  деп екі  ұрдым ,                                          

Шатырға  сен  секірдің .    

 
Тәрбиеші;   Қыз  балалар  көбіне қандай  ойыншықпен  ойнайды ?
 Қуыршақпен .
Тәрбиеші ;    -Дұрыс    айтасыңдар .   Қуыршақпен .

Балалар қуыршақтың   әдемі   шашы  ,   әдемі   көйлегі   бар  екен .  Қуыршақтың   көйлегінің     түсі   қандай ?   
-Кім  қуыршақты  қалай  ұйықтататынын    көрсетеді ?
 
-Ал , ұлдар көбінесе  қандай ойыншықпен   ойнайды ? 
Балалар ;   машинамен  ойнайды .         
Тәрбиеші ;   Ал,  машинаның   түсі   қандай?
-Кім   машина   туралы  тақпақ  біледі ?
Балалар ;        Үлкенмін  ғой  міне  мен ,
    Ойыншықтарды  жинаймын  .
    Машинаға  мінер  ем  ,
    Кабинаға     сыймаймын .



Сергіту   сәті ;
 
Ұзын құлақ  сұр қоян  ,
Естіп  қалып  сыбдырды .
Ойлы – қырлы жерлермен ,
Ытқып –ытқып жүгірді .
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан  томпаңдап ,
Көжегі екен өзінің  .



Ойын ;  « Ғажайып  қорапша ».            
Ойын  шарты ;  көздеріңді   жұмып  қоржыннан  кез  -келген  ойыншықты  аласыңдар .  Алған  ойыншықтарыңның  атын ,  түсін , қатты , жұмсақ  екенін айтып , жақсы мейірімді  тілек  білдіресің 









Қорытындылау .
Күтілетін  нәтиже ;
Біледі;  ойыншықтардың   түрлерін   ,  түсін  ,     пішінін   білу .
Игереді;   Толық  сөйлем  құрау .
Меңгереді ;  Ойыншықтарға  жанашырлықпен қарап , достарымен бөлісіп ойнау 









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
618
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі