Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ашы сабақ. "Мен еңбекқор баламын"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ашы сабақ. "Мен еңбекқор баламын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділігі: балаларға еңбек, еңбексүйгіштік туралы түсінік беру. Дамытушылық: еңбек ету дағдыларын дамыту. Тәрбиешілігі: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ересек «Балдәуен» тобына арналған

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ашы сабақ.

Күні: 27.04.2022ж

Тәрбиеші:Ибраева .А.М.

Білім саласы: Коммуникация,Шығарамшылық.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Мен еңбекқор баламын»

Мақсаты:

Білімділігі: балаларға еңбек, еңбексүйгіштік туралы түсінік беру.

Дамытушылық: еңбек ету дағдыларын дамыту.

Тәрбиешілігі: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, слайд , доп.

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру,сұрақ -жауап.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңін бірге қайталап айтады.

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы досым-ай.

II. Негізгі кезең:

Әңгімелеу.

- Еңбекқор бала деп қандай баланы айта аламыз?

- Сендер үйде, топта үлкендерге қалай көмектесесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды. Әр бала кішкентай болса да, ата-аналарына, отбасы мүшелеріне, топтағы апайларына көмектесіп, қолғабыс жасаулары керек. Киімдерді реттеп қою, ертеңгі жаттығу жасау, тіс тазалау, ойыншықтарды жинау, гүлге су құю, ыдыстарды жинау, есіктің алдын сыпыру, т.б. жұмыстар, жағымды іс – әрекеттер баланың еңбегіне жатады. Ал осының бәрін орындайтын баланы еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты бала деп атаймыз. Адам жас кезінен еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты болса, ондай балаларды бәрі жақсы көреді, сыйлайды, үлкендердің батасына ие болып, алғысқа бөленеді. Сондықтан да еңбекке адам жас кезінен ұмтылғаны абзал. Олай болса балалар Мәдіхат Төрежановтың «Ертеңге қалдыруға бола ма?» әңгімесін бейне жазба арқылы тамашалайық.

Сұрақ – жауап арқылы бейне жазбаны талдау.

- Бейне жазба туралы түсінгендерін сұрау.

- Балалар, Хадишаны қандай қыз деп айтуға болады?

- Бүгін жасалатын жұмысты ертеңге қалдыруға бола ма екен?





Ертеңге қалдыруға бола ма? М.Төрежанов

Қалима апай жұмыстан келгенде,қызы ойыншықтарымен ойнап отырған-ды. Шешесі күндегі әдетінше киімдерін аустырып, үй жұмысына кірісіп кетті. Үйді сыпырып, еден жуып жүріп:

-Қадиша,гүлдерге су құймағансың ба?-деп сұрайды.

-Апа,гүлдерге суды ертең құямын ғой.

-Анасы еденді жуып болып, терезенің шаңын сүрте бастайды.

-Қадиша,ойнаған қуыршақтарыңды неге жинап қоймадың, реттей салсаңшы...-деді қызына.

-Апа,қуыршактарымды ертең жинармын. Жарай ма? Қалима көйлек-көншек тәрізді жеңіл заттарды жууға ыңғайланып;

-Қадиша,дүкенге барып,кір сабын әкеле қойшы,-деді.

-Апа,мына көйлегімді жуа салшы,-деді.

-Қадиша ертең де кір жуамын,сонда бірге жуармын көйлегіңді.

Біраздан кейін Қадиша шешесінің жанына келіп;

-Апа тамақ істемеисің бе?Қарным ашып кетті,-деді.

-Тамақты да ертең істеимін.

-Апа,теледидир қойып беріңізші, кино көрейін деп едім,-деді Қадиша біраздан кейін.

-Киноны да ертең қарарсың. Ертең де күн бар. Қадиша:

-Бәрін де ертең-ертең дейсің,бүгін тамақ ішпеуім,теледидир көрмеуім керек пе?-деп жылап жіберді.

-Неге жылайсың?-деді шешесі. Бүгін істейтіннің бәрін ертеңге қалдырып, ертең-ертең дегенді шығарған өзің емес пе? Сенен үйреніп,мен де ертеңге сілтеп отырмын. Әтпесе,бүгін-ақ тындырып тастауға болатын істі ертеңге қалдырудың не қажеті бар?

Қадиша қарақат көздерін бір нүктеге қадап, ойланып қалды. Шынында да шешесінің айтқаны орынды екен-ау.

Қадишаны қандай қыз деп айтуға болады?

Сендер Мақұлжан сияқты ата-әжелеріңді, әке-аналарыңды,бір нүктеге қадап, ойланып қалды. Шынында да шешесінің айтқаны орынды екен-ау.

Қадишаны қандай қыз деп айтуға болады?

Сендер Мақұлжан сияқты ата-әжелеріңді, әке-аналарыңды,аға-әпкелеріңді тыңдап, айтқанын өз уақытында орындайсыңдар ма?

Балалардың жауаптары тыңдалып,қорытындылау.

Ата-аналарынның,үлкендердің айтқан сөзін тыңдап, берген тапсырмаларын бұлжытпай орындайтын балаларды еңбекқор,еңбексүйгіш деп атайды. Қадиша сияқты анасының сөзіне құлақ аспай, айтқанын уақытында орындамайтын,аға-әпкелеріңді тыңдап, айтқанын өз уақытында орындайсыңдар ма?

Ойын. «Мен еңбекқор баламын».

Ойын шарты: Балалар дөңгелене тұрып, ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істейтіні жайлы айтып, допты келесі балаға лақтырады.

Мысалы: Мен ойыншықтарымды жинаймын.

Мен гүлдерге су құямын.

Мен киімдерімді реттеймін.

Мен есіктің алдын сыпырамын.

Мен ыдыстарды жуамын.

Мен үйді реттеймін.

Мен еден жуамын, т.б.

Сергіту сәті:

Мынау-менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-басым ақылды,

Бәрін осы атқарған.

Мынау-менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Еңбек туралы мақал -мәтелдер:

1. Еңбек бәрін де жеңбек.

2. Еңбекпен ел көгерер

Жаңбырмен жер көгерер.

3. Еңбек түбі зейнет.

4.Еңбегіне қарай — құрмет,

Жасына қарай — ізет.

Шығармашылық жұмыс: «Көктем ағашы» Балалар ақ қағаздағы ағашқа жапырақтарды жапсырады..

III. Қорытындылау.

Балалар біз бүгін оқу қызметімізде ата-анамыздың айтқанын тыңдап, бұлжытпай орындап, тілалғыш, ұқыпты, еңбексүйгіш бала болуды үйрендік. Еңбек етудің қуаныш екенін, еңбектің бізді бірлікке, достыққа, жақсылыққа жетелейтінін білдік.

















«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беру мектебі»КММ

«Балдәурен» шағын орталық ересек тобы














Ашық сабақ


Тақырыбы: : «Мен еңбекқор баламын»








Тәрбиеші: Ибраева А.М.







2021-2022ж























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.00.2023
330
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі