Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы/бөлім: Таным/Жаратылыстану Тақырыбы: «Үй жануарлары» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:26.10.2021

Білім беру саласы/бөлім: Таным/Жаратылыстану

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты:

1.Тәрбиелік: - Адамдардың жануарларға қамқорлық жасауын түсіндіру.- Адамға беретін пайдасы туралы білімдерін кеңейту.

2. Білімділік: Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Олардың күту жолдарын түсіндіру. - Жылқы, сиыр, қой, түйе, ешкі. Сыртқы келбеті және оның мінез-құлқы.

3. Түзетушілік: Есте сақтауын қалыптастыру,ұсақөқол моторикасын дамыту

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап,

Көрнекілік: тақырыпқа байланысты суреттер

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Дефектолог іс-әрекеті


Баланың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық ұйымдастыру кезеңі


Ал, қазір бізде қандай жыл мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Қандай? -Күз мезгілінің ауа райы қандай болады?

Бала жауабы

Негізгі кезең


Білімді өзектендіру. Сурет бойынша жұмыс. Атауларын ата.

-Ферма дегеніміз не?

-Фермада қандай жануарларды ұстайды?

Біз бүгін сендермен ұй жануарлары туралы айтатын боламыз.

2.Үй жануарлары және олардың пайдасы туралы әңгіме.

-Ферма-барлық үй жануарларын өсіріп ұстайтын шаруашылық орын.Үй жануарларын адам күтіп-баптайды.Жануарлардың еті,сүті,жұмыртқасы-азық,ал жүні, терісі және мамығынан қаншама тұрмысқа қажетті заттар жасалады.

3.Төлдерін тап.

Түйенің төлі-ботақан.

Қойдың төлі-қозы.

Ешкінің төлі-лақ.

Жылқының төлі-құлын.

Сиырдың төлі-бұзау.

4.Динамикалық үзіліс: «Шип-шип шөжелерім» әнің үнтаспадан тыңдау,билеу.

Жеке жұмыс :Тапсырма: Үлкен-кіші

1.Мысық-кішкентай. Сиыр- үлкен

Көрсет: Үлкен сиырды, кішкентай мысықты.

(Бір жануарға саусағымызды қойып сұрау, бұл үлкен ба кішкентай ма ?Маған кішкентай жануарды көрсет немесе үлкен сиырды көрсет!)

2.Дыбысқа еліктеуін қалыптастыру.

5.Д/ойын: «Дауысынан таны»



6. «Ненің көлеңкесі» ойыны

Бала жауабы




Балалар зейін қойып тыңдайды.


Сұрақтарға жауап береді








үнтаспадан тыңдау,билеу.









Жануарлар дауысын келтіру.


Үй жануарлар көлеңкесін табу.

Қорытындылау

Балаға сұрақтар қою. Сұрақ- жауап арқылы қортынды жасау.Балаларды мадақтау.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейтеді

Түсінеді: Олардың пайдасын

Қолданады: атауларын














































«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ

Әлеуметтендіру және бейімделу бөлімі.

5-6 жас

1

Мурат Тамерлан

2

Тергенбаев Жеңіс

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:26.10.2021

Білім беру саласы/бөлім: Таным/Жаратылыстану

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: «Балалардын үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшіліктерімен,мінез-құлықтарымен,тіршілік әрекетімен таныстыру.

ДМ:үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу

арқылы кез- келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

ТМ:үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге және қорғауға тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар:үй жануарларының суреттері.

Сөздік жұмыс:үй жануарлары

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Дефектолог іс-әрекеті


Баланың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық ұйымдастыру кезеңі


Ал, қазір бізде қандай жыл мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Қандай? -Күз мезгілінің ауа райы қандай болады?

Бала жауабы

Негізгі кезең


1.-Балалар, мына суреттерден не-лерді көріп тұрсыңдар?

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Білесіңдер ме?

-Дұрыс айтасыңдар, бұл жануарларды төрт-түліктер деп те атайды?

-Олай болса. қазір үнтаспадан шыққан дыбыстың қай үй жануарының даусына ұқсайтынын табайықшы.

Барлығымыз тыңдайық.

-Қай жануардың дауысы?

-Сиыр. Сиырдың төлі, баласы қалай аталады?

-Сиыр төрт түліктің бірі.Сүті, еті, терісі бағалы. Сүтінен май, айран, құрт,қаймақ , етінен тағам түрлері, терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Жайылымда жайылады. Төлін-бұзау деп атайды.

-Мына дауыс қай жануардікі?

-Жылқы. Жылқының баласын қалай атайды?

-Төлін-құлын, құлыншақ дейді. Жылқының етінен қазы-қарта жасайды.

-Қай жануардың дауысы деп ойлайсың?

-Қой. Қойдың төлін қалай атаймыз?Қозы. Қой төрт түлік малдың бір түрі. Еті, жүні терісі бағалы.

-Мына дауыс қай жануардікі?Ешкі. Ешкіні де қоймен бірге бағады. Ешкінің төлін лақ деп атайды. Ешкінің жүнінен түрлі киімдер тігеді.

-Мынау қай жануардың дауысы?Түйе. Түйе шөл керуені. 10 күнге дейін су ішпейді. Сүтінен шұбат алынады.Оның емдік қасиеті ерекше. Жүнінің жылуы өте ерекші. Төлі – бота.

-Мынау ненің дауысы?Дұрыс айтасыңдар, иттің. Итті де үйде тіршілік ететін жануарға жатқызуға болады. Ит-адамға дос. Осы үй жануарларын өсіруге, қорғауға иттің көп көмегі бар.

-Енді бұларды қалай күтіп-баптаймыз?Дұрыс, таза су береміз, жем, шөпті уақытылы беріп тұру керек. Қорасы таза, жылы болуы керек.

2.Жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріндерші.

1.Кішкене ғана бойы бар Айналдыра киген тоны бар   2.Кезікті бір жануар Үстінде екі тауы бар   3.Басында екі таяғы бар Төрт аяғы, сақалы бар

3.Қалай айтамыз.

Түйе - бө - бө боздайды

Ешкі - бе - бе бақырады

Сиыр - мө - мө мөңірейді

Жылқы - е - е - е кісінейді


Бала жауабы

Қортындылау

Балаға сұрақтар қою. Сұрақ- жауап арқылы қортынды жасау.Балаларды мадақтау.

Бала жауабы

Жеке жұмыс

Тергенбаев Жеңіс

Тапсырма: Үлкен-кіші

1.Мысық-кішкентай. Сиыр- үлкен

Көрсет: Үлкен сиырды, кішкентай мысықты.

(Бір жануарға саусағымызды қойып сұрау, бұл үлкен ба кішкентай ма ?

Маған кішкентай жануарды көрсет немесе үлкен сиырды көрсет!)

2.Дыбысқа еліктеуін қалыптастыру.

3.Жануарлардың көлеңкесін тап.



Күтілетін нәтиже:

Күтілген нәтиже:

Біледі:үй жануарлары туралы жалпы түсінік алады. Олардың қасиеттері мен дыбыстарын ажыратады.

Игереді:қай жануардан қандай пайдалы өнім өндірілетінін түсінді.

Меңгереді:үй жануарлары туралы ойларын еркін жеткізуге дағдыланады. Жануарларды дауысынан ажыратады және өздері дыбыстай алады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2021
572
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12