15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Тақырыбы: Үй құстары
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы:Коммуникация Бөлімі: Вариативтік бөлім Тақырыбы: Орыс халқының ертегісі «Жеті лақ» ертегісін сахналау Мақсаты: Балаларды ертегі тыңдауға, байланыстырып сөйлеуге және мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге ,жұмбақтардың шешуін таба білуге үйрету. Дамытушылық:Ертегіні рөлге бөліп ойнау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Білімділік:Ертегі арқылы балаларды қайсарлыққа,мейірімділікке,адамгершілікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Билингвальді компонент:Қасқыр-Вольк-wolf, Ешкі –Коза -goat ,Лақ-Козленок –lamb
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз Біз ерекше баламыз Айтқан тілді аламыз
Қайырлы таң балалар! Доброе утро всем нам! Dood morning,good morning Dood mornind to you. Dood morning,good morning I am glad to see you. Ғажайып сәт:
Есік
қағылып сыныпқа қонақтар келеді
Балалар бізге бүгін қонақтар келді
қане қонақтарға арнап «жеті лақ»
ертегісін сахналап берейік.
Автор:
Ерте,
ерте, ертеде,
Орманның бір шетінде
Әдемі
бір үй болыпты.
Сол үйде жеті лақ
анасымен
Алаңсыз өмір сүріпті.
Сазды
әуенмен ортаға жеті лақ пен анасы
шығады.
Автор:
Бір күні ешкі мол азық әкелмек болып, лақтарын шақырып, бар ақылын айтыпты.
Ешкі
Лақтарым, шырақтарым,
Мен сендерге жем әкелем.
Шөп әкелем, су әкелем,
Ешкімге есік ашпаңдар.
Естеріңде сақтаңдар!
Лақтар:
Жарайды, анашым, ешкімге Есікті біз ашпаймыз.
Автор:
Аналарының кеткенін аңдып қасқыр жүр еді қарны ашып, қараусыз қалған лақтарды
біліп. Келе салып есік қақты, жуан дауысымен:
«Мен сендерге жем әкелдім,
Шөп әкелдім, сүт әкелдім.
Есікті ашыңдар!»
Лақтар Жоқ, есікті ашпаймыз.
Анамыздың айтқанын
Ешкімге есік ашпа деп.
Автор:
Қап ,енді не істесем екен деп ойланып ұстаға барып дауысын жіңішкертіп алады.
Лақтарға келіп енді жіңішке дауысымен
Қасқыр
Лақтарым, шырақтарым,
Мен сендерге жем әкелдім.
Шөп әкелдім, сүт әкелдім, деп дыбыстайды
Автор:
Лақтар анамыз келді деп қуанып есікті ашып жібереді
Сол кезде қасқыр тап беріп лақтарды орманға алып кетеді,ал кішкене лақ пештін ішіне кіріп тығылып қалды.
Ешкі орманнан келсе есік ашық жатыр лақтары жоқ кішкентай лағы шығып болған жайды баяндап береді. Көп жылаған ешкі балалардан көмек сұрайды
Қасқыр менің тапсырмаларымды орындасаңдар лақтарды босатамын дейді
1-ші тапсырма Бірден онға дейін санап беріңдер (қазақша,ағылшынша,орысша) Бір,екі,үш,төрт,бес,алты,жеті, сегіз, тоғыз,он. Один ,два ,три,четыре, пять, шесть, семь, восемь ,девять, десять One ,two, three, four, five,six ,seven,eight, nine ,ten.
Балалар тапсырмамды жақсы орындадыңдар енді 2-ші тапсырмамды орындап көріңдер Мына жұмбақтардың шешуін тауып көріңдер
Жұмбақтар
Үйін жинап ертемен Мейіз тауып алыпты Мысығы келмеген соң Ол өкпелеп қалыпты Бұл қай ертегі? (Мақта қыз бен мысық)
Атай өзі салғанын, Көрді өсіп қалғанын Ары тартты,бері тартты Тарта алмады Бұл қай ертегі? (Шалқан)
Апасынан қашып кетті Атасынан қашып кетті Кездестіріп біраз аңды, Біраз жолдан асып кетті Бұл қай ертегі? (Бауырсақ)
Балалар жұмбақтардың шешуін дұрыс таптыңдар
Енді балалар менімен бірге сергіту жаттығуын орындаңдар. Сергіту сәті Аяқпенен топ- топ Аяқпенен топ – топ – топ, Алақанмен хлоп – хлоп – хлоп. Бір оңға, бір солға, Айналайық кел мұнда. Қолымызды бір сілтеп, Басымызды шайқайық. Бір оңға, бір солға Ойнайықшы кел мұнда. Секіреміз жоғары, Қиын емес секіру. Бір оңға, бір солға Секірейік кел мұнда. Бір оңға, бір солға Секірейік кел мұнда.
Қасқырға сергіту сәті ұнағаны сонша ол лақтарды енесіне қайтарды
сөйтіп ешкі лақтарымен бақытты өмір сүріпті.
Күтілетін нәтиже: Нені біледі: Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сахналап көрсете білді Нені игерді:Балалар кейіпкерлерінің сөздерін нақтылап интонациямен жеткізе білді. Нені меңгерді:Үш тілде санауды,кейіпкерлердің атын айтуды

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген