Тақырыбы:
Жол
тәртібін білейік, аман есен жүрейік
Бастаушы:
Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз
қазір орманға саяхатқа барамыз. Жол
алыс сондықтан, көлікпен баруымыз керек.
Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар,
біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.
Бұл
тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп
ешбір адам емдемейді.
Жүк
емес жануарға жүз адам да,
Киіп
ап төрт дөңгелек дөңгелейді.
Бастаушы:
Енді жол ережелерін есімізге түсірейік.
Өйткені, жолда түрлі жол белгілері
кездеседі.
(кеуделеріне
белгі ілген 5 бала ортаға шығады:
бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама,
көрсеткіш белгілері)
Бағдаршам:
Менің атым – Бағдаршам!
Бар
әдемі үш көзім,
Алдамаймын,
аңғарсаң,
Ақылдымын
тіпті өзім.
Ескерту
белгісі: Қызыл шеңбер ішінде
Үшбұрыш
боп тұрамын
Қателеспес
үшін де,
Көз
сал маған, шырағым!
Құрар
үйде сауықты,
Жолдан
аман келсе адам-
Жолда
күткен қауіпті
Ескертемін
мен оған.
Тыйым
салу Болмау үшін қиын күн,
белгісі:
Қажеті бар тыйымның.
Қызыл
шеңбер ішінен
«Болмайды!»
деп бұйырдым.
Тұрады
әркез сапта аман-
Сол
тыйымды сақтаған.
Тыйым
көрсең, тұра қал-
Әрі
қарай аттама!
Анықтама
Түнде, күндіз, кеште де
белгісі:
Жөн сілтеймін жолға сай-
Аңғармайсың
ештеңе
Анықтама
болмаса.
Ой-шұңқырды
алдағы,
Қалай
өту керегін,
Жылдамдықты,
ал, кәне,
Анық
айтып берейін!
Көрсеткіш
Жол созылмақ қаншаға,
белгісі:
Қайда асхана, монша бар,
Қонақүй
бар қай жерде,
Қайда
музей, қай көрме...-
Көрсетемін
саған дәл,
Не
көрсетсем, соған бар!
Бастаушы:
Ал балалар, қане атобусқа жайғасайық.
Ал қозғалдық. Сәт сапар! Біз казір қаланың
көшесімен келе жатырмыз. Көше қиылыстарының
бәрінде бағдаршам тұр екен. Бағдаршамның
қай түсі жанғанда біздің автобусымыз
жүру керек?
Ашса
кезек үш көзін,
Айтты
деп ұқ, үш сөзін:
-Тоқта!
-Сақтан!
-Жол
ашық!
Жүрме
жолға таласып.
Бастаушы:
Балалар, жүргізүші неге жүрісін баяулатты?
Бастаушы:
Балалар, енді бақшаға ораламыз. Қане
автобусқа отырайық.
Ән:
«Бағдаршам»
(«Байқа!
Балалар!» белгісі көрінеді). Мынау қандай
белгі, балалар?
Балалар:
Бұл «байқа, бұл жермен балалар жүреді»
деген белгі.
Бастаушы:
міне, біздер бақшаға да келіп қалдық.
Саяхат ұнады ма сендерге? Бүкіл саяхат
барысында біз сендермен қанша жол
ережесін есімізге түсірдік, білімімізді
толықтырдық.
Шуақты
өміріміз күндей куліп,
Жүректе
бүршік атып, гүлдейді үміт,
Арманға
сапар тарту мүмкін емес,
Жол
жүру ережесін білмей тұрып.
Нұрбөбек»
бөбекжай-балабақшасы
Тақырыбы:
«Тоқта,сақ
бол,абайла!»
Тәрбиеші:Сдихова
Айша
2017-2018
оқу жыл