400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызмет: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Түлкі мен Ешкі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды «Түлкі мен Ешкі» ертегісімен таныстыру. Оқу әңгімелеу. Ертегіні тыңдай білуге, кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың әрекетттерін бағалауға, ертегі мазмұнын аша білуге үйрету. Ертегі мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтауға, диалогты сөйлеуге, кейіпкерлердің мінезін сипаттауға үйрету. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің бейнесін, қоғамдық өмірмен байланыстыра отырып, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметтінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Калимова Гулмира Муратовна

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызмет: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Түлкі мен Ешкі»

Мақсаты: Балаларды «Түлкі мен Ешкі» ертегісімен таныстыру. Оқу әңгімелеу. Ертегіні тыңдай білуге, кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың әрекетттерін бағалауға, ертегі мазмұнын аша білуге үйрету. Ертегі мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтауға, диалогты сөйлеуге, кейіпкерлердің мінезін сипаттауға үйрету. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің бейнесін, қоғамдық өмірмен байланыстыра отырып, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Түлкі мен Ешкі үлгі суреттері мен атрибуттары, мульт топтама, ұсақ суреттер

Әдіс-тәсіл: оқу, ертегіні үш нұсқада тыңдау(кітаптан оқу, сурет арқылы, мульт топтама арқылы ) әңгімелеу, сұрақ-жауап, триз ойыны, топтастыру, ойын арқылы оқу қызметті қорыту. Балаларды мадақтау.

Іс-әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы





Іздену ұйымдастырушы:














































Рефлексивті коррекциялау:


« Күзгі вальс» әуенді қимылды жаттығуымен басталады

Д/ ойын : «Бүгін қай күн?»



Тәрбиеші: Ал, балалар, тұрмайық!

Қандай жұмбақ болсада,

Шешпей оны қоймайық!


Екі таяғы бар, Өзі бір қу,

4 аяғы бар Жүрген жері айқай мен шу

Иегінде сақалы бар Бұл не?

Бұл не?

Тәрбиеші: Балалар, түлкі қайда мекендейді? Түлкі күз мезгілінде өзінің тамағын қалай тауып жейді?


Ешкі қандай жануар? Күзде оларға біз не дайындаймыз?


Балалар, жан-жануарлар туралы ертегілер болады. Мен сіздерді «Түлкі мен Ешкі» туралы ертегімен таныстырамын.

Кітаптан оқу беремін. Мұқият тыңдаңыздар

Сурет арқылы оқылады.

Мульт топтама арқылы тамашалайды


Ертегінің аты қалай аталады?

Ертегінің басы қалай басталады?

Аяғы қалай аяқталады?


Триз ойыны: «Жақсы, жаман»

Ертегідегі Түлкі қандай кейіпкер?

Ешкі қандай кейіпкер?


Сергіту сәті:

(аңдар туралы қимылды жаттығулар )

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


Ормандағы қу түлкі,

Жылмың-жылмың етеді.

Алдына келген жандарды,

Алдап арбап кетеді.


Балалар «Тлкі мен Ешкі» ертегісін сахналауға кім қатысады?

Ортаға 2 баланы шығарып. Атрибуттарды пайдаланып ертегіні сахналайды


Д/ ойын: «Қай ертегі?»

Балалар, Түлкі туралы тағыда қандай ертегілер білесіңдер?

Ендеше үстел үстіндегі жан-жануарлар, құстар туралы түлкінің қатысумен болған, кейіпкерлерді тауып тақтадағы Түлкінің айналасына топтастырыңыздар

Мысалы: «Түлкі мен Тырна», «Түлі мен Жолбарыс» т.б.

Барлық ертегіде Түлкі қандай кейіпер болды?


Балалар,ертегіні, қоғаммен байланыстырсақ, адамдарды алдап – арбауға, өтірік айтуға болмайды.


Балалар, оқу қызметте өздеріңізді өте жақсы көрсеттіңіздер.Ризашылығымды қол шапалақтау арқылы білдіремін. Оқу қызмет ұнады ма? Өздеріңіз бағалай қойыңыздар.

Жарайсыздар! Рахмет!

Балалар музыка ырғағамен

« Күзгі вальс» әуенді қимылды жаттығуымен залға кіреді.

«Бүгін қай күн?» өлеңді жатқа айтып береді.






Жұмбақтың жауабы: ешкі мен түлкі


Түлі орманда мекендейді.

Орманда өзінің тамағын тауып жейді.


Ешкі үй жануары. Күзде оларға жем шөп дайындалады.


Ертегіні тыңдайды

Сурет бойынша тыңдайды

Мульт топтамадан тамашалайды



«Түлкі мен Ешкі»

Бір күні Түлкі келе жатып байқаусызда терең апанға түсіп кетеді. Оған су іздеп жүрген Ешкі кездеседі.Түлкі Ешкіні алдап. Апанға түсіріп Ешкіні, Ешкінің үстінен басып Түлкі апаннан шығып кетеді.

Түлкі жағымсыз кейіпкер.

Ешкі жағымды кейіпкер



Сергіту сәтін көңілдене орындайды.







Ертегіні сахналауға қатысады




«Түлкі мен Тырна» «Түлкі мен Аю» «Түлкі, бұзау, қозы» «Түлкі мен Ешкі»

«Түлкі мен Жолбарыс» Түлкі мен Қоян» т.б.

Ойын ережесіне іс-әркет жасайды.


Барлық ертегіде Түлкі жағымсыз кейіпкер. Айлакер, қу.

Өтірік айтуға болмайды.


Балалар өздерінің ризашылықтарын бас бармақтарын көрсету арқылы бағалайды.

Риза болып тарасады!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
1845
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі