400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
дидактикалық ойындарды ойната отырып,балалардың сөздік қорын байыту,киім түрлерін ажырату, атай білуге, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аягөз қалалық №5 бөбекжай-балабақша» КМҚК-ның тәрбиешісі Карлыбаева Гульмира Жумагазыкызы



Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру салалары: Коммуникация.

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: Қуыршақты серуенге шығару үшін киіндіреміз

(дидактикалық ойын).

Мақсаты: дидактикалық ойындарды ойната отырып,балалардың сөздік

қорын байыту,киім түрлерін ажырату, атай білуге, дауысты және дауыссыз

дыбыстарды анық айтуға үйрету.

Міндеті: а) Білімділік: киім түрлерін ажырату, атай білу;

ә) Дамытушылық: «т» дыбысын және сөздерді дұрыс және анық айтуға

жаттықтыру.

б) Тәрбиелік: киімді ұқыпты, таза киюге, киінудің реттілігін сақтауға

тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: «т» дыбысы кездесетін сөздерді қайталауға арналған

тапсырмаларды;

Түсінеді: қысқаша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

Қолданады: әр жыл мезгіліне қарай киім түрлерін, оның ішінде қысқы

киімдер қалай кию керектігін;

Көрнекіліктер: № 15 демонстрациялық материал (баланың жәнеоның

қыстық киімдері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қыстық киімдер туралы әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: тон, малақай.

Билингвалды компонент: тон – шуба, малақай – ушанка.

ҰОҚ барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең

Балалар педагогпен дөңгелене шеңбер құрып тұрады.

– Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық. Бәріміз қол ұстасайық.

Барлығымыз жақсы көңіл күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық.

– Аспанымыз ашық болсын!

– Мен бәріңізге жақсылық тілеймін.

2.Негізгі кезең.

– Қайырлы таң!

– Бүгін ауа райы қандай?

– Жылдың қай мезгілі?

– Қыс мезгілінде қалай киінеміз?

Киінген кезде басты ережелерді еске алу қажеттігін түсіндіреді.

1. Киінудің реттілігін сақтап отыру қажет.

2. Балалар киінгенде бір-біріне көмектесукеректігін ұсынады.

№ 15 демонстрациялық материал.

– Балалар, біз өзімізбен бірге топтағы қуыршақты серуенге шығарайық.

Ол сендермен бірге серуенде ойнағысы келеді. Бұл қуыршаққа Марат

деп ат қояйық.

Педагог балаларға қуыршақ Маратты серуенге киіндіруді ұсынады.

Маратты серуенге шығару үшін қалай киіндіреміз?

– Жейде, шалбар, жемпір, малақай, тон, етік.

«Т» дыбысының дұрыс, анық айтылуына мән беру.

Тон – иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.

Билингвалды компонент: тон – шуба, малақай – ушанка.

– Балалар, тон дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

– Дұрыс, «т» дыбысы. (Педагогтің көмегімен «т» дыбысын қайталайды).

Сергіту сәті:

Санайық жаңаша,

Бір, екі, үш!

Желбіре, жалауша,

Достықта біздің күш!

«Қыстық киімдерді ата» дидактикалық ойыны.

Шарты: қыстық киімдерді ретімен атау.(Тон,жемпір,малақай, етік,қолғап)

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан «Т»дыбысын дұрыс айтуды

қайталату. Тон – шуба, малақай – ушанка сөздерін қайталайды.

«Т» дыбысын бірнеше рет қайталап айтады. Саусақтарын біріктіріп, үшке

дейін санайды. Қыстық киімдерді ретімен атайды.

Рефлексия:

Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

– Қуыршақ Маратты серуенге шығару үшін қалай киіндірдік?

– Сендер өздерің серуенге қалай киінесіңдер?

Педагог балалардан сұрақтарына толық жауап алуға тырысады.

Балаларды мадақтайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
541
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі