400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың достық қарым-қатынас жайындағы білімдерін кеңейту, «қ»дыбысының дұрыс айтылуын бекіту. «қ»дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аягөз қалалық №5 бөбекжай-балабақша» КМҚК-ның тәрбиешісі Карлыбаева Гульмира Жумагазыкызы



Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру салалары: Коммуникация.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Ойыншықтар достығы.

Мақсаты: балалардың достық қарым-қатынас жайындағы білімдерін

кеңейту, «қ»дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.

«қ»дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.

Міндеті: а) Білімділік: ойыншықтар және олардың достығы туралы

сюжеттік әңгіме құрауға үйрету;

ә) Дамытушылық: "Ойыншықтар достығы" атты шығармамен таныстыра

отырып, сөздік қорын дамыту, «қ» дыбысына артикуляциялық жаттығу

жасату.

б) Тәрбиелік: достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: қысқа сюжеттік әңгіме құрауға арналған тапсырмаларды;

Түсінеді: достық пен бірліктің не екенін;

Қолданады: бір-біріне қол үшін беру керек дағдыларды.

Көрнекіліктер: № 11 демонстрациялық материал (суреттер, ойыншықтар,

қуыршақ, маймыл, аю, көжек).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: маймыл, көжек.

Билингвалды компонент: маймыл – обезьяна, көжек – зайчик.

ҰОҚ барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең.

Шаттық шеңбері.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Педагог балалармен достар, достық туралы әңгімелеседі. Өлеңді

педагогпен бірге қосылып қайталайды.Тәрбиеші балаларға достар бір-біріне

әрдайым көмекке келіп, қолындағысымен бөлісетін, тату, сүйіспеншілігі мол,

бір-бірін сыйлайтын жандар екенін айтады. «Ойыншықтар достығы»

шығармасын тыңдауға ұсыныс тастайды.

2. Негізгі кезең.

Ертеде сұлу, әдемі қуыршақ болыпты. Ол өз әдемілігіне масаттанып, басқа

ойыншықтармен ойнамапты. Достары: аюдың баласы – қонжық, қоянның

баласы– көжек, маймыл оны ойнауға шақырса, бармапты. (қ дыбысының

анық айтылуына мән беру) Бір күні қатты жел соғып, қуыршақ еденге

құлапты. Оның әдемі көйлегі жыртылып, қатты жылапты. Оны байқаған

ойыншықтар не істепті?

– Маймыл не істеді?

– Көжек қалай көмектесті?

–Олар Қуыршақты аяп кетіп, біреуі көйлегінің жыртығын тігіп, ал біреуі

шашын сәндеп, басынан сипап жұбатыпты.

– Ал қонжық ше?

–Қонжық болса, қуыршақты жерден көтеріп, орындыққа отыруына

көмектесіпті.

– Қуыршақ не себепті өзін танымай қалады?

Доссыз өмірдің қызық емес екенін ұғады. Осыдан соң қуыршақ мен

мендігін ұмытып, сұлулығына мақтанбай, достары жайлы қуана айта жүріпті.

Билингвалды компонент: маймыл – обезьяна, көжек – зайчик. Осы сөздерді

қайталайды, суреттеріне қарап, әр жануарды ажыратады.

Сергіту сәті:

Санайық жаңаша,

Бір, екі, үш!

Желбіре, жалауша,

Достықта біздің күш!

Қимылын келтіріп, жаттығуды орындайды.

«Менің досым» ойыны.

Шарты: балалар шеңбер құрып тұрады. Педагог допты лақтырып, кезеккезек балаларға сұрақ қояды.

– Сенің досың кім?

– Сен досыңды жақсы көресің бе?

– Досыңа қалай көмектесесің?

Допты ұстап, сұрақтарға жауап береді, балалармен достық жайлы

әңгімелеседі.

Рефлексия:

Балалар, біз бүгін «дос», «достық» деген ұғымдармен таныстық. Достар

қашанда бір-біріне көмектесіп, бірге ойнайды екен. Балалардан достық

туралы түсінгендерін сұрайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі