Материалдар / Ұйымдастырылған оқу қызметі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы Білім беру аймағы: «Қатынас» Бөлімі:Тіл дамыту Тақырыбы:Біздің балалар қайда екен? Мақсаты: Топпен таныстыру, бөлмелердің аттарын үйрету. Сұрақтарға жауап беруге үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар:балабақшаның суреті, орамал Биленгвальді компонент:жиһаз. Іс-әрекет кезеңдері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2021
251
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шебер қолдар» жұмысы «Шоколадтың сыры»

«Балбөбек» бөбекжай-бақшасы тәрбиешісі

Сарманова Сапаргүл Елубайқызы

Сабақ түрі:

Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық.

Тақырыбы: Шоколадтың сыры. «Шебер қолдар»

Мақсаты: Балаларды шоколад тарихымен таныстыру, шоколадтың зияны мен пайдасын үйрету, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Шоколадпен сурет салуға қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер: шоколадтар бейнеленген суреттер, какао ағашы суреті, түрлі шоколадтар, слаид.

Тарқатпа материалдар: әрбалаға арнайы ыдыста ерітілген шоколад, қасықтар, пластик бутелкада су, алжапқыштар, дымқыл майлықтар.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ӨТШТ (ТРИЗ) технологиясын қолдану.

Билингвальды компанент: тәтті-сладкие, коречневый-қоңыр

Сөздік жұмыс: шоколад, кондитер фабрикасы,

Мотивациялық қозғаушылық:

Балалар қараңдаршы , бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық. Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы – жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

-Жарайсыңдар балалар! Балалар сендер бір- біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?

Балалар сіздер мен бүгін не жайлы айтайын деп тұрғанымды біліп, сезіп тұрған шығарсыңдар, солай ма?

Әрине мына суреттерден, үстел үстінде тұрған түрлі шоколадтардан әңгімеміздің шоколадтар жайлы болатынын білдіңдер. Ал, айтыңдаршы шоколад дегеніміз не, ол бізге қайдан келеді?

Шоколадтарды жеміс жидектер сияқты бақшадағы ағаштардан аламыз ба? Қалай ойлайсыздар шоколад ағашы болады ма?

Жоқ әрине шоколад ағашы болмайды екен. Шоколадтар какао ағашының какао бұршақтарынан алынады екен. Какао ағашы міне мына суретте көрсетілген. Осындай болып өседі екен. Міне көрдіңіздер ме, какао бұршағы үлкен болады екен. Қалай ойлайсыздар какао ағашы біздің Қазақстанымызда өседі ма? Жоқ әрине какао ағашы қыстың суығына шыдамайды екен. Какао ағашы ыстық жерлерде тропикалық Америкада өседі.

Ал, ендеше балалар шоколадты қалай дайындайды сол жайлы кішкене бейнематериал (слаид) қарап алайық.

Слаид көрсетіледі.

Міне балалар біздің елімізде де шоколадтар Алматыдағы «Рахат» кондитерлік фабрикасында және Қостанайда «Баянсұлу» кондитерлік фабрикаларында дайындалады екен.

Балалар шоколадты бәріміз жақсы көріп жейміз, солай ма? Ал енді шоколадтың біздің денсаулығымызға қандай пайдасы бар екен. Шоколад біздің көңіл күйімізді көтереді, құрамындағы Е дәрумені, магний және темір жүрек ауруларына шалдығу қауіпін азайтады. Сондықтан шоколадты күніне ең аз дегенде

 10 грамм жеген пайдалы. Шоколад күш қуат беретін энергияның бір түрі болып табылады екен. Сондай ақ шоколад мидың жақсы жұмыс істеуіне де көмектеседі екен.

Бірақ шоколадтың зиянды жағы да бар, балалар.

Ұйымдастыру-іздестіру:

«Ғажайып сәт» (осы кезде тісін байлап алған Тәттібек жылап келеді. Оның тісі ауырған өзі толып кеткен, бет аузына шоколад жағылған).

Тәттібек: Ой,ой,ой тісім-ай, тісім-ай ауырып барад.

Тәрбиеші: Тәттібек саған не болған?

Тәттібек: Білмеймін не болғанын?

-Не болғанын шынымен білмейсіңба? Мына шама көп шоколадтарды жегеннен тістерің ауырған шығар?

Тәттібек: Жоқ, жоқ, бұл тәттілердің бәрі менікі мен жеймін.

Тәрбиеші: Тәттібек, шоколадты көп жеген денсаулыққа зияндығой. Шоколадты көп жесең сенің толып кетуіңе себеп болады. Толып томпақ болып кетсең жүріп-тұруың, балалармен жарысқанда жүгіруің қыиндасады. Түнде жесең дұрыс ұйықтай алмайсың, денең аллергия шығады. Міне қара денеңде қызыл бөртпелер пайда болыпты.

Тәрбиеші: Тәттібек сен білесің бе, шоколадтарды тек жей бермей, олардан суреттер де салуға болады.

Тәттібек: Ооо меніңде сурет салғым келеді, шоколадпен сурет салуға болады ма сонда?

Тәрбиеші: Әрине болады. Бүгін біз балалармен бірге түрлі түсті бояусыз, қарындашсыз, қылқалмсыз тек қана ерітілген шоколадпен сурет саламыз. Ендеше біздің балаларға шоколадты көп жемеймін деп уәде бер сонда біздің балалар өздерімен бірге сағанда сурет салуға келіседі.

Тәттібек: Балалар мен енді шоколадтың бәрін жалғыз өзім жемей сендермен бөлісетін боламын. Маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар міне сіздерге ерітілген шоколадтар арнайы ыдыстарда берілді. Енді сурет салуды бастаймыз. Сурет салмастан бұрын мұқият боламыз. Ыдыстарыды байқап ұқыптылықпен ұстаймыз.

Балалар шоколадты қалай ерітуге болатыны жайлы айтайын. Шоколадты эмальды ыдысқа ұсақтап салып, қайнаған судың буында ұстап тұрамыз ыстыққа шоколадымыз еріп мінекей мынадай сұйықтыққа айналады. Бірақ сендерге айта кететінім үйде жалғыз өздеріңіз аналарыңыздың рұқсатынсыз істеуге болмайды қайнаған суды үстілеріңізге құйып алуларыңыз мүмкін. Шоколадты ыдысқа ұсақтап майдалап салып күннің көзі түсіп тұрған терезенің алдына қойып қойсаңыздар ыстыққа шоколадымыз ериді екен. Сондай тәсілмен ерітіп алуға да болады екен.

Балалар бүгін біз сіздермен бірге ерітілген шоколадтан қағаз бетіне үлгісі салынған суретке гүл және жүрек пішіндегі суретті саламыз. Ол үшін бізге мынадай су қалталар керек болады. Ерітілген шоколадтарды сол су қалталарға құйып, ұшын иненің көзіндей тесіп аламыз. Солай етіп суретімізді бастаймыз.

Жарайсыңдар, балалар.

Тәрбиеші: Ал, балалар суретті салып болдық, ендеше Тәттібекпен бірге бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Бойыңды сергек тік ұста.
Емін еркін тыныста,
Деміңді ішке тез алда.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қарада

Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қолың босқа тұрмасын, шеңбер жасап зырласын.

Музыка әуеніменде балалар сергіту сәтін орындайды.


Балалар енді сіздермен тағы бір сиқыр жасап көрейік. ММД шоколадтары түрлі түсті бояулармен боялған. Осы ммд шоколадатрынан қандай әдемі кемпірқосақтың суретін салуға болады.

Балалар ммд терді жалпақ тарелкаларға түстеріне ажыратып тізеді. Сосын тарелкаға аздап су құямыз. ММД шоколадтарының түстері суда еріп әдемі кемпірқосақтың суреті пайда болады.

Өте тамаша!

Рефлексивті- түзетушілік

Қорытындылау:

-Балалар шоколад жайлы қандай жаңа мәлімет білдіңдер?

-Сабақтың қай жері сіздерге ең қызықты болды, ұнады?

-Өте жақсы балалар, енді апайлардың да көңіл-күйлері тамаша болып жүрулері үшін апайларға да күліп тұрған смайлктардан сыйлық ұсынайық.

Апайларға сәттілік тілеп қоштасамыз. Қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып қонақтар мен қоштасайық

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау- саламат болайық.

Сау болыңыздар










Shape1


Shape4 Shape3 Shape2

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!