400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға өрт туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ӨРТ –ТІЛСІЗ ЖАУ!»


Жамишова Гүлжихан Оңашқызы

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылы

ДК Қосуақова Ж.Қ. «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасы» жекеменшік мекемесінің тәрбиешісі,

Жоғары білімді, І-санатты.

e-mail: kunshuak2017@mail.ru




Аңдатпа. : Оттың адам өміріндегі маңызы, пайдасы, сонымен қатар оның тілсіз жау екендігін түсіндіру. Өрт қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру; Балалардың ой-өрісін, дүниетанымын дамыту. Балаларды еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Түйін сөздер. Өрт туралы толық мағлұмат алу және пайдалы , пайдалы емес жақтарын ажырата білу.

Білім беру дағдысы: Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту. Балалардың шығармашылық дағдыларын зерттеу іс-әрекеттерін дамыту.

Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Қоршаған ортамен таныстыру», «Көркем әдебиет»

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, презентация, бейнеүзік, сұрақ-жауап, мадақтау


Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң достарым,

Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар!


Тәрбиеші: Балалар біздің бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбы «Өрт-тілсіз жау» деп аталады. Біз бүгін өрт қауіпсіздігі туралы әңгімелесетін боламыз.

Жұмбақ

Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін,

Қақалсадада түтінге,

Тайсалмайтын батыл кім?

(Өрт сөндіруші)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

«От» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалар: От жанады, өртенеді.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.От өмірімізге жылуын беріп,бойымызды жылытады, отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді,үй жылымайды. Оттың пайдасымен қатар зиян жағыда жоқ емес.

-Қандай зияны бар балалар?

Балалар: Өртенеді, күйіп қалады, жанып кетеді, жарақат алады.

Тәрбиеші: Өрт шыққан кезде өмірімізге үлкен қауіп келтіреді. Ол еш нәрсені аямай өртеп, күлге айналдырады. Қоршаған ортамыздағы өсімдіктерді, тірі жануарларды құртады. Сондақтан өрт тілсіз жау деп аталады. Өрт туындататын, тұрмыстық заттардың бірі сіріңке деп аталады. Оны үлкендердің рұқсатынсыз алуға, онымен ойнауға болмайды. Сіріңкені біз күнделікті өмірде пайдаланамыз, онымен газ жағамыз.Үлкендердің көмегінсіз үйдегі газдың,сіріңкенің, разетканың қасына жақындауға болмайтынын білуіміз керек.


«Отпен ойнама балақай» бейне үзікті қарау


Тәрбиеші: Оттың шығу себептері туралы не білеміз кәне кім айтады?

-Сіріңкемен ойнаса...............................

-Үтікті қосып кетіп қалса ....................

-Газды ашып қалдырып кетіп қалса .....................

Балалар, егер өрт шықса үлкендерді көмекке шақырамыз. 101 номеріне қоңырау шалып өрт сөндірушіге хабарлаймыз. Өртті өзіміз сөндірмейміз. Түтін болған бөлмеден сулы бет орамалмен демалып, еңкейіп, еңбектеп шығамыз. Балалар өрт болған жағдайда мынандай нәрселерге тыйым салынады.

1.Терезені ашуға болмайды.

2.Ешқашан өрт сөндіруші келмей тұрып, өртті өз бетінше өшіруге тырыспа

3. Өрт шыққа жағдайда шкафтың немесе төсектің астына тығылма

4.Өрт жаңа басталғанда сумен, құм сеуіп өшіреді.

5.Адамның киімі өртенсе суға түскен дұрыс.


«Өрт шықса үрейленбе» бейнекөрініс.


Балалар өрт қауіпсізідігі туралы мақал-мәтел, тақпақтар білесіңдерме?

Өрт пен түтін айнала,

Қарап тұрма жәй ғана.

Тез хабар бер 101-ге,

Уақытты сен байлама. (Ясмина).


Үтікпен киім басарда,

Сақтық керек саған да.

Мұқият бол қашанда,

Үйде жалыаз қалғанда (Қуанышбек)


От жақпа күйерсің,

Өртеніп жүрерсің.

Сіріңке ұстасаң

Бәлеге сен түсерсің. (Мерей)


Мақал:

Сатжан: Отпен ойнама күйерсің.


От жақпа пісерсің,

Ор қазба түсерсің (Ақылбек)


Сумен ойнама батарсың,

Отпен ойнама күйерсің. (Саяна)


От пен су тілсіз жау (Айсезім)


Қауіпсіз деп ойлама, отпен оқыс ойнама (Нұрдана)


Сергіту сәті.

«Көңілді күн» (бейнероликті қарау арқылы билеп сергіп алу)


Дидактикалық ойын: «Болады, болмайды»

Шарты: Қолдарыңа мына бағдаршамды алыңдар, қызыл түсті болмайтын жағдайда көтересіңдер, ал, жасыл түсті болатын жағдайда көтересіңдер.

  • Өрт болған жағдайда 101 нөмеріне қоңырау шалуға ......

  • Жанып тұрған сіріңкені тастауға .......

  • Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға.......

  • Өрт шыққан жерде қалуға ...

  • Өрт кезінде шкаф ішінде, керует астында тығылуға......

  • Өрт кезінде сеік терезені ашуға ........

  • Басымызды, бетімізді ылғал сүлгімен орауға........

  • Өрт кезінде жарға еденге су шашуға.........

  • Лифти пайдалануға ..............

  • Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын тыңдауға........

  • Көршілерден көмек сұрауға ............

  • Өрт кезінде газды , жарықты, тоққа қосылатын құралдарды қосуға..........







Дидактикалық ойын: «Артығын тап»


Көрініс: «Қоянның үйшігі»



Қорытынды: Балалар, естеріңде болсын өрт кездейсоқ шықпайды. Ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер өрттің дос та, жауымызда бола алатынына көз жеткіңіздер. Естеріңде болсын өрт – тілсіз жау.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Мектепке жасына дейінгі балаларды табиғат бұрышының ғажайып құбылыстарымен таныстыру әдістемесі.

  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі.

  3. Бала мен балабақша №11.2019

  4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

  5. Интернет желісі


Picture 1


























Picture 4

Picture 6



Picture 3

Picture 2

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі