|

|
«Алтын
күз»
Даришева Қалампыр
Жолдыбайқызы
«Жауқазын» бөбекжай-бақшасы
тәрбиешісі.
|
Білім беру саласы:
«Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу қызметі
: Сөйлеуді
дамыту
Мақсаты: Күз туралы түсініктерін
кеңейту, әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдауға және
түсінуге,киімдерді топтастыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын
тақпақ жаттау.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын,сөздік,
көрнекілік
Қостілділік
компонент: күз-осень, алтын күз-золотая
осень.
Күтілетін
нәтижелер: Күзгі табиғатты және оның
әсемдігін сезіне отырып, өлеңді жатқа айтуға үйренеді, сұрақ-жауап
арқылы күз туралы түсініктері кеңейеді.
Ғажайып
сәт: Топқа әсем киінген Қуыршақ
келеді.
-Қуыршақ: Жүректері жылы, жылы шуақ
сыйлайтын сендердей балаларды көргеніме
қуаныштымын.
-Балалар! Қуыршақтың үстіндегі
киіміне қараңдаршы! Қандай әдемі!Келіңдер,қуыршақпен бірге шаттық
шеңберіне тұрайық.
Шаттық
шеңбері.
Қуанамын мен
де
Қуанасың сен
де
Қуанайық
достарым
Жарқыраған
күнге
Қуыршақ алып келген
жапырақтарды алып, топқа бөлінеді.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды
аспан
Күз болып , дымқыл тұман жерді
басқан
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны
ма
Жылқы ойнап, тай жарысып бие
қашқан
Балалар! Бұл өленде жылдың қай
мезгілі туралы айтылған?
Бұл өлеңді шығарған
кім?
Қуыршақ бізге көптеген
тапсырмалар алып келіпті.
Тапсырмалар
топтамасы:
1-Балалар жылдың неше мезгілі
бар?
-Қазір жылдың қай
мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай
бар?
-Күзде ауа-райы қандай
болады!
-Күзде құстар тіршілігінде
қандай өзгеріс болады?
-Күз мезгілінде жемістер мен
көкөністерде қандай өзгеріс болады?
-Күзде не салқын болуы
мүмкін?
-Күзде не тәтті болуы
мүмкін?
-Күз нешеге
бөлінеді?
2.Ойын: «Жел мен
Жапырақ» ойнатып фонетикалық жаттығу
жасатады.
С-с-с-с,Ш-ш-ш-шдыбыстарын
дұрыс айтып шығады.
3.«Қай мезгіл екенін
тап?»кубизм әдісі.
4. Күз туралы тақпақ,
жұмбақ.мақал-мәтел айту.
1.-Сарғайды
жапырақ
Сап-сары
айналы
Алтын күз келді
деп
Сайрайды
құстарда.
2.-Ой,балалар,
балалар
Қоңырқай күз
болыпты
Қурап жапырақ
солыпты
Ел егінін
орыпты
3.-Қызыл, сары,
кемелер
Су бетінде
қалқиды
Соқса егер салқын
жел
Ырғалады,
толқиды.
4.Еңбек етсең
ерінбей,
Тояды қарның
тіленбей.
5. «Қатесін тап!» суреттегі
артық затты табу.
6. «Күзде «өлеңімен
танысып, жаттату.
І.Байжұманова
«Күзде»
Алма пісіп,алмұрт
түсіп
Күзде бақтар
жайнайды
Құстар қайтып, қош
айтысып,
Қимас үнмен
сайрайды
өленді мнемотехника арқылы
қайталап жаттау.
Сұрақ-жауап:
-Өлеңде не туралы
айтылған?
-Құстар қай жаққа ұшып
кетеді?
-Жемістер қайда
піседі?
Сергіту
сәті:
Күндей болып
күлеміз
Гүлдей болып
өсеміз
Құстай болып
ұшамыз
Көбелектей
қонамыз.
7.Үстел үсті
жұмыс.
«Дәл
құрастыр!»
Қорытынды:
Дидактикалық ойын: «Мен
бастаймын, сендер жалғастырыңдар!»
-Мақтау, мадақтау, қуанышты
хабарлама тарату.
Атырау
облысы
Махамбет
ауданы