400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі "Ақылды лақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Өткізілетін күні:

Тәрбиеші: Ғұмар А.Н.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ақылды лақ

Мақсаты: ертегінің мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі желісі бойынша  саусақ театры, қора макеті, тал, үй жануарларының суреті, үнтаспадағы дауыстары, үлестірмелі материалдар, дидактикалық кітапша.

Сөздік жұмыс:  ақылды лақ,

Билингвальді компонент: лақ - козлёнок

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың

қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Төрт түлік жыры

Шөре-шөре, шөлдедің бе, лағым,

Сонша неге елеңдейді, құлағың?

Қойшы, лағым, әлде қарның ашты ма,

Сен жыласаң, менің келер жылағым.

 Кіріспе әңгіме

  • Балалар, өлең не туралы?

  • Лақ қандай жануар?

  • Неге үй жануары деп атаймыз?

  • Жарайсыңдар, балалар! Үй жануарларына тағы қандай жануарлар жатады?

  • Ал, сендер олардың төлдерін танисыңдар ма?

1-тапсырма. «Адасқан төлдерді тап» ойыны

Дидактикалық кітапшадағы үй жануарларына қыстырғыш арқылы төлдерін қосады. Төлдердің аттарын атайды.

  • Жарайсыңдар! Ендеше, балалар, бүгін төлдер туралы «Ақылды лақ» ертегісін айтып беремін.

 

 

 

Қимылдармен орындайды.

 

Балалар жауабы тыңдалады.

  • Лақ,

  • Үй жануары

Үйде, адамдар өсіреді.

Балалар жауабы.

 

 

 

Тапсырманы орындайды. Төлдерді атайды.

 

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

 

 

 

 

«Ақылды лақ» ертегісін саусақ театры арқылы тамашалату.

Сергіту сәті

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

Бұлтйып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың. 

Секең-секең, ей лақ,

Жүрмін саған кейіп-ақ.

Тыным тапсаң болмай ма,

Секірмей-ақ кей уақ?

 

Тапсырмалар орындату  арқылы ертегінің мазмұны не жайлы екенін білу.

 

2-тапсырма. «Ертегі кейіпкерлерін тап»

  • Балалар, алдарыңдағы қораптағы жануарлардың арасынан ертегі кейіпкерлерін тауып алыңдар!

 

3-тапсырма.

«Жағымды кейіпкер мен жағымсыз кейіпкер»

  • Балалар, енді кейіпкерлердің арасынан «жағымды кейіпкер» жақсысын, «жағымсыз кейіпкер» жаманын тауып, екіге бөліп, арнайы белгісі бар параққа жапсырамыз. Және оларды жағымсыз және жағымды деп неге бөлгендерін әңгімелеп, айтып беріңдер

  • Жарайсыңдар, енді тапсырманы қалай орындағандарыңды көрейік? Үлгі қарап өз жапсырғанымызбен салыстырайық.

 

 Жағымды кейіпкер: лақ, бұзау, қозы;

Жағымсыз кейіпкер: аю, қасқыр, түлкі;

 

  • Ендеше, өз тапсырмаларың дұрыс болса, алдарыңдағы күлегештерден «күліп» тұрғанын, қате болса «ренжіп» тұрғанын алып жапсырамыз.

 

Сөздік жұмыс: ақылды лақ.

Билингвальді компонент: лақ-козлёнок;

 

«Ертегіні сахналау»

  • Балалар, біз ертегіні жақсылап тыңдапалдық қой. Ендеше рөлдерді бөліп алып, саусақ театры арқылы сахналайық.

 

Ертегіні мұқият тамашалайды.

 

Сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қораптан жануарларды бөліп алады.

 

Арнайы белгісі бар парақты алып, кейіпкерлерді екіге бөліп жапсырады. Неге бөлгенін әңгімелейді.

 

 

Үлгімен салыстырады.

 

 

 

 

 

Күлегештерді жапсыру арқылы өздерін бағалайды.

 

Қайталайды.

Балалар рөлдерді бөліп алып, саусақ театры арқылы ертегіні сахналайды.

 

Дауысын салады. Үнтаспадан дауыстарын тыңдайды.

 

4-тапсырма.  «Дауысын сал»

  • Балалар, жарайсыңдар! Сендер осы үй жануарларының қалай дауыстайтынын білесіңдер ме?

Мен слайдтан  бір үй жануарын көрсетемін, сендердің біреуің дауысын саласыңдар. Оның дұрыс екенін білу  үшін үнтаспадан жануардың дауысын тыңдаймыз

 

Балалар ойынға белсене қатысады.

Рефлекциялық-түзетушілік

  • Жарайсыңдар, оқу іс-әрекетіне жақсы қатысып отырдыңдар.

  • Ертегі ұнады ма?

Балалардың өнеріне ризашылық білдіріп, мақтау.

Қоштасу хор

Қол ұстасып тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Аман-есен болайық.

 

 

Балалар қызығушылық танытады. 

 

Қоштасу сәтін орындайды.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Үй жануарларын, төлдерін, олардың қалай дауыстайтынын.

Игереді:ертегі кейіпкерлерін жағымды және жағымсыз топқа бөлуді.

Меңгереді: Көркем әдеби тілде сөйлеуді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
353
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі