Материалдар / Ұйымдастырылған оқу қызметі. Денсаулық білім беру саласы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған оқу қызметі. Денсаулық білім беру саласы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге. Балаларға денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілеттерін дамыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2020
2621
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Мектепалды даярлық тобы

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі : Денешынықтыру

Тақырыбы: Денсаулықтың ажырамас достары

Мақсаты:  Балалардың денесін шынықтыруға, денсаулығын нығайтуға, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету. Қызықты, көңілді ойындарды пайдалану арқылы балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру. Балаларға денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілеттерін дамыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту. Дене мүшелері туралы біліп, тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету. Өз денсаулығына деген дұрыс көзқарас қалыптастыру.

Сөздік жұмыс: Ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, толықтыру

Көрнекіліктер: Суреттер, слайд, саусақ, қол , көз жаттығулары, әртүрлі қағаздар, қызықты суреттер

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Жалпы денсаулық тақырыбы туралы біледі.

Меңгеруі: Денсаулықты сақтау үшін, денсаулық ережелерін білу. «Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың – жаны сау»-деген қағидаларды бала бойына сіңіру. 

Жасай алуы:  жеке бас гигиенасы, тазалық, денсаулық туралы ұғымдарын жасай алу


Оқу қызметі


Тәрбиешінің қызметі

Балалардың

қызметі

Себеп-

салдарды қозғаушы,

ынталан

дырушы

Шаттық шеңбері:

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып,шақырады.

Жарқырап күн ашылды,

Айналаға гүл шашылды,

Біз нәзік қыздармыз,

Біз батыр ұлдармыз.

Көк аспанда күн күлсін

Достығымыз біо болсын

Қыз қолында гүл тұрсын

Ер қолында ту тұрсын

Қайырлы таң баршаға.


Балалар орындырынан тұрып жылы лебіздерін өлең шумақтары арқылы айтып, қимыл қозғалыстар жасайды.

Ұйымдастыру,

ізденушілік.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар бүгін бізге көптеген апайлар қонаққа келіп отыр.Сендердің оқу қызметтеріне деген қызуғышылықтарыңды, білімдеріңді көргілері келеді екен. Ендеше жақсы көңіл-күймен оқу қызметмізді бастайық.

-Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?

Алтынай

Күз келді алақай

Алтын келді далама,

Думан толы асқарлы,

Күз мезгілі басталды.

Абылай

Жапырақ ұшты,

Суық та түсті,

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

Арслан

Қуандырып біздері,

Өлкемізге күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз

-Табиғат өзгерістерін атап беріңдерші?

(орындарында отырып қимылдармен көрсетеді)

II.Сабақтың барысы

-Балалар біз бүгін сендердің арман тілектеріңді орындау үшін Сиқырлы елдегі, Сиқырлы ханшайымнан, Сиқырлы гүлді алдыртуға хат жолдаған едім. Сол елден бізге гүлдің орнына хат келіпті. Онда не жазылған екен. Ашып оқиық.

Құрметті Ұшқын тобының балалары сендерге Сиқырлы гүлді жібере

алмадым. Себебі қатты жел тұрып Сиқырлы гүлдің күлтелерін ұшырып әкетті. Оларды жинау үшін сендерден көмек сұраймын. Ол үшін сендер желдің тапсырмаларын орындасаңдар болды.

Сәлеммен: Сиқырлы елдің ханшайымы

-Балалар сендер ол сиқырлы гүлсіз өздеріңнің арман, тілектеріңді орындай алмайсыңдар. Енді не істейміз?

-Қалай ойлайсыңдар ол гүл қандай гүл,қалай аталады.

-Жеті түсті гүл.

-Ендеше бізге 7 түрлі тапсырмалар берілген.Желдің тапсырмаларын орындаймызба?



Балалар:

Ойнайық,та ойланайық,

Қандай тапсырмалар болсада,

Шешпей оны қоймайық.

-Балалар бұл 7 деген санның өзі қасиетті сандардың қатарына жатады.

Сондай-ақ 3-5-9-12-40 деген сандар да қасиетті сандар деп те аталады.

-Балалар айтыңдаршы осы 7 санына байланысты қандай атауларды білесіңдер?

-7-ата,7-жұрт,7-жетім,7-жоқ,

7-қазына,7-тылсым, 7-нан, 7-апта,

Слайдтан киелі сандар.

Жарайсыңдар.

-Балалар айтыңдаршы адамдар көңілді, әдемі, сұлу болып жүру неге байланысты деп ойлайсыңдар?

-Денсаулыққа

-Дені сау адам бақытты адам.

-Ал дені сау болуымыз үшін біз не істеуіміз керек?

-Дұрыс тамақтану,

-Дәрумендер ішу.

-Шынығу,жаттығулар жасау.

-Таза ауада дем алу,

-Тазалық сақтау

-Жақсы ұйықтау

Дұрыс айтасыңдар.

Ендеше бүгінгі оқу қызметімізді желдің тапсырмаларымен байланыстырып денсаулық тақырыбына арнасақ.

Осы денсаулыққа байланысты тағы кім тақпақтар біледі?

Злата:

Солнце,воздух и вода,

Наши лучше друзья.

С ними будем мы дружить.

Чтоб здоровыми нам быть.

Азамат

Сымбат-мүсін дегенің,

Бітім-көркі дененін,

Сымбат жүру әдемі,

Дене қалпын тік ұстап.



Іңкәр

Басты байлық денсаулық,

Бабаң айтқан даналық,

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

Даниал

Спортпен айналыс,

Сұлулық сыйлаған,

Сол саған пайдалы іс,

Сауықпен кинодан.

Слайдта Даниал мен Злата Міне балалар экранға қараңдаршы, біздің балалар салауатты өмір салтын дұрыс орындайды екен. Спортпен айналысып, үй жұмысына көмектеседі екен.

-Ал ендеше 7- түрлі тапсырманы орындайтын кез келді. Балалар бұл тапсырмаларды бізде түрліше орындасақ, яғни денсаулық, шынығу түрлерін суреттер арқылы көрсетеміз.

Бұл тапсырмалар:

1.Психологиялық жаттығулар. (тепе-теңдікті сақтау)

2.Динамикалық үзілістер, сергіту сәті

3.Саусақ жаттығулары.

4.Қимылды, дауысты жаттығулар.

5.Тыныс алу жаттығулары.

6.Көзге арналған жаттығулар.

7.Релаксация

1.Тапсырма:

Психологиялық жаттығу.

Мұнда жіпке ілініп тұрған ақ бетке күзгі табиғат өзгерсітерін көрсетеді. (мұнда балалар отырып, тұрып.тепе-теңдік сақтайды.)

Күзгі табиғат құбылыстарын көрсету.

2.Тапсырма:

Динамикалық үзілістер, сергіту сәті.

Балалар мына суреттерге назар салыңдаршы. Не көріп тұрсыңдар?

Қазақтың ұлттық киімдері.

Енді сендерге тапсырма. Біз алдымен қай киімнен бастап киінеміз? Киініу ретін, сандармен белгілеп, сол киінетін киімді қимылмен көрсетеміз.

1.Көйлек

2.Камзол

3.Белдік

4.Тақия

5.Етік

Кәне балалар санайықшы,1-5 санап айтады. Кәне енді қамажай биінің бір элементтерін көрсетіп,билеп жіберейік.


3.Тапсырма:

Саусақ жаттығулары.

Арслан-қоян, Даниял-ит, Кемел-жылан, Абылайхан-жылан, Азамат-ит, Іңкәр-құс, Злата-5 саусақ, Сүндет-тасбақа, Абылай-сегіхз аяқ, Бейбарыс-ит, Алтынай-5 саусақ


4.Тапсырма:

Қимылды, дауысты жаттығулар.

Тақтаға жәпке байланған суреттер ілінеді.

Бала өзіне ұнаған суретті алып бастырады, қандай жануар екенін айтады, сұрақтарға жауап береді.

Слайдтан жануарлардың дауыстары естіледі, соған орай олар қимылмен көрсетеді.

Секіріп, жүгіреді.

1.Арслан-аю

2.Іңкәр-түлкі

3. Даниал- қасқыр

4. Злата-мысық

5. Бейбарыс-сиыр

6.. Азамат- ит


5.Тапсырма:

Тыныс алу жаттығулары.

Стрелкова тәсілі арқылы дем алу, сөйлеу,өлең айту.

1.Қолымызды ішімізге қойып 1,2,3....10 деп санап,жел шығару.

2.Үлкен тербеліс қолды жоғары созып мұрынмен деп алып, қолды жерге тигізу, дем шығарғанда иыққа қою.

3.Бір-біріне бұрылып күз әнін айтып, арқаларынан ұру.

Енді кәне столға жақындап, онда тыныс алуға арналған жаттығу жұмыстарын орындайық.

Бірін көпірту арқылы сурет салу.

Екінші топтағы балалар үрлеу арқылы ағаш мүсінін салу.

Үшінші топтағы балалар қағазды бір ыдыстан, екінші ыдысқа түтікше арқылы апару.

Ақырын әуен ойнап тұрады.


6.Тапсырма:

Көзге арналған жаттығулар.

Балалар кәне енді біз көзімізге жаттығу жасап алайық. Ол үшін экранға назар аударыңдар. Ондағы берілген тапсырмаларды орындайық.

Көзімізге көзілдірік киіп, слайдтағы көрсетілген жаттығуды бірге қайталап жасайды:

7.Тапсырма:

Релаксация

Балалар сендер бағанадан 7-түрлі тапсырманы орындадыңдар. Гүлдің күлтешелерін жинадыңдар.Ендігі кезек сендердің арман, тілектеріңді орындайтын сәтке де келіп жеттік. Барлығың көздеріңді жұмып, сол тілектеріңді көз алдарыңа елестетіп, қиялға сәтіне көшейік.


Ұйымдастыру кезеңінен өтеді.


Жаңа оқу іс-әрекетімен танысып,түсінеді.


Күз мезгілі туралы айтады.


Кұз туралы тақпақтар айту.


Берілген тапсырмаларды ретімен орындау.


Күзгі табиңат өзгерістерін атап беру.


Сиқырлы елден келген сиқырлы тапсырмаларды тыңдайды.Хатпен танысады.


Ойынды түсінеді. Қайталайды. Қызығып ойнайды.


Сұрақтарға жауап береді.



Хатпен танысады.




Әртүрлі қосымша тапсырмаларды толығымен жауап беріп отырады.




7-түсті гүлмен танысады.





Барлығы бірге хормен жауап береді.




Қасиетті сандармен танысады, оларға не жататындарын айтып береді.





Денсаулық туралы не білетіндерін айтады. Денсаулық дегеніміз не сұрағына жауап береді.




Оларға не жататындарын айтады.




Желдің тапсырмаларын орындайды.





Денсаулыққа байланысты тақпақтарды айтады.






Слайдпен жұмыстарды орындайды.







Желдің тапсырмаларын тыңдайды, орындайды




7- түрлі тапсырманы орындауға көшеді.




770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!