400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу-қызметі "Жж дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жж дыбысы және әрпі. 35 – бет.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ж дыбысының айтылу, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру. Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ, ресурс (суретті жұмбақ) шешу, т.б.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: ойыншықтар, суреттер, кеспе әріптер, әртүрлі текшелер.

Қостілділік компонент: жапырақ-листья, жолбарыс-тигр, жаз-пиши, жазу-письмо.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Жылулық шеңбері. Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.


Ұйымдастыру-іздестіру


















































ІІ. Негізгі бөлім. 1. «Алма жинау» дидактикалық ойыны. – Мына алма ағашында алмалар пісіп тұр екен. Әр алманың артында дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, дыбысты атап, сол дыбысқа байланысты

сөз құрап, мына үлкен себетке саламыз. Аталған сөздерді буынға бөлу.

2. Тіл ұстарту жаттығуы: Жа-жа-жа

Менің атым – Қожа.

3. Дәптермен жұмыс: а) Әже, жолбарыс, морж сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ж дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ж дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

ә) Жазу жұмысы. Үлгі бойынша ж дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі ж дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

4. Педагог жұмбақ жасырады: Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады (Жұлдыз)

5. Бұдан кейін «Кім жылдам?» ойыны арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардың атауларын атату. Буынға бөлгізу. Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетінін балаға өздеріне байқатып атату, аңғарту. Суреттер: жылқы, жапалақ, жұлдыз, көжек, морж.

6. «Біз зерекпіз» ойыны. Шарты: педагог сөздерді ретімен айтады. Балалар осы сөздерден ж дыбысы бар дыбыс, буын, сөз кездескенде қолдарыңды шапалақтайды.Мысалы: 1. П, б, с, ж, л, ж, қ, ә, т.б. (Дыбыс) 2. На, са, жа, ла, за, жу, т.б. (Буын) 3. Таға, саға, жаға, алға, жылға (Сөз)

7. Сергіту сәтін: Топ-топ етіп басайық, Жаса-жаса жарқын күн,

Жалаудан күн жасайық. Жаса-жаса алтын күн.

Балалар тәрбиешімен бірге жұмыс жасайды.




Дәптердегі сөздерді оқиды.



















Жұмбақты шешеді.













Ойынды ойнайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту: - Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық? - Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? - Өте жақсы, балалар. Олай болса, «Жау, жау, жаңбыр» әнін айтып жіберейікші. Бәрі қосылып айтылған осы әнмен сабақ аяқталады.





Күтілетін нәтиже:




Нені біледі: Ж дыбысымен таныстыру, сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.

Қандай түсініктерді игерді: балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балаларды Ж дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
476
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі