400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі Көкөністер

Материал туралы қысқаша түсінік
көкөністердің пайдасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

№2 «Еркетай» ортағы тобының ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы


Күні: 27.10.2014 ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Бағдарлама тараулары: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Көкөністер, қызанақ, қияр.

Мақсаты: Көкөністер, олардың түстері, жинап алатын мезгілі және неге көкөніс деп аталатының түсіндіру. Күнделікті тамаққа жиі пайдаланатын қияр мен қызанақ туралы әңгімелеу. Көкөністерді сипаттау арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін дамыту. Көкөністерді күтіп – баптауға баулу. Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, санау, сұрақ – жауап, қайталату, ойын. Көрнекіліктер: түрлі түспен бейнеленген көкеністердің суреті, үлестірмелі суреттер, муляждар.

Қостілдік компонент: көкөніс – овощи - vegetables

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық-

Қозғаушы

-Балалар, бәріміз шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізге жақсы тілектер тілеп, қуаныш сыйлайық.

Шұғылалы Алтын Күн!

Күліп шықты ол бүгін.

Балалар дөңгелене тұрып, бір – бірлеріне жылы – жылы сөздер, яғни игі тілектерін айтады.

Ұйымдастыру - іздестіру








1.Әңгіме жүргізу.

-Балалар,қазір қай жылдың қай мезгілі?

-Иә,балалар,күз мезгілі екен.Өткен сабақта біз сендермен күз мезгілімен таныстық.Күз мезгілі-көкөністердің, астықтардың пісетін кезі.

Біз көкөністер туралы не білеміз?

2. Ғажайып сәт.

-Балалар,бәріміз көзімізді жұмып,бір сәт ойланайық.Енді көздеріңді ашуларына болады.Не деген тамаша!

(Балалар үстел үстіндегі себет толы көкөністерді көріп таңғалады).

Қияр,сәбіз,қызылша,картоп,пияз, қызанақ-көкеністер.


-Көкөністер қайда өседі екен?

-Көкөністердің құрамында қажетті дәрумендер өте көп.Күнделікті өмірде көп пайданылатын көкөністердің бірі- қияр мен қызанақ.

Қиярдың түсі қандай?

-Қиярдың түсі жасыл болады.Пішіні сопақша түкті болып келеді.Қияр- асқабақ тұқымдас бір жылдық бақша дақылы.Қиярды тағам ретінде пайдаланамыз.Ал қызанақтың түсі қандай екен?

Қызанақ қызыл түсті көкөніс.

Қызанақтың пішіні дөңгелек.

Сергіту сәті.

Мен қиярмын,қиярмын,

Жаттығуға даярмын.

Қолдарымды көтеріп,

Қиярдай болып өсермін.


4.Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Берілген көкөністердің түсін ажыратып бояу.



Балалар жауап береді.Балалардың жауаптары тыңдалады.Балалар суреттерге қарай айтып беруге тырысады.


Себетте қандай көкөністер бар екенін балалар атап айтады.

-Қияр,картоп, қызанақ,қызылша.



-Көкөністер бақшада өседі.


Балалар жауап беруге тырысады.

- Жасыл,сопақша түктіі болып келеді.

Педагогтің көмегімен жауап береді.



Қимыл-қозғалыспен жасау орындайды.


Балалар көкөністердің түстерін ажыратып, педагогтің көмегімен бірге орындайды.




Рефлексивті - коррегиялық


Сұрақтар:

1.Мына суретте неше көкөніс көрсетілген?

2.Көкөністер қайда өседі?

3.Көкөністерді қалай күтіп баптайды?

Белсенді қатысқан балалар мадақталады.

Суретке қарап айту.

Балалар өз ойларын айтады.



Болжамды нәтиже:

Білу керек: қияр мен қызанақтың түсін,пішінін ажырату

Болу керек: көкөністер адамдарға пайдасы мол екенін туралы түсінік.

Істей білу керек: көкөністерді жемістерден ажырата білу

Дайындаған: А.Б.Бекишева

Тексерілді: Ж.А.Зейноллаева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
909
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі