жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Көліктер және оның түрлері" 0 сынып
|
ТАҚЫРЫБЫ: |
«Көліктер және оның түрлері» |
||
|
Күні: |
Педагогтің аты-жөні:Бердибаева Алтынай Алмаскеновна |
||
|
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану 0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау 0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу |
||
|
ҰОҚ мақсаты:
|
Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсінеді, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолданады. Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Көліктің түрлерін біледі. |
||
|
ТАҚЫРЫБЫ: |
«Көліктер және оның түрлері» |
||
|
Күні: |
|
||
|
Жоспар |
|||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин.
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин. |
(Ұ) Сәлемдесу “Сәлем!” Балалар бас бармақтан бастап саусақтарын кезек-кезекпен ұйқастырып, бір-біріне сәттілік тілейді:
сәлем (алақанымен амандасу) -Балалар , көңіл күйлеріңіз қалай? Менің де көңіл күйім тамаша!Себебі, мен сендерге келе жатқанымда сиқырлы қорапшаны тауып алдым. Ішінде не бар екен деп ойлайсыңдар? Мен қазір жұмбақ жасырамын , шешуін тапсаңдар онда осы қорапшада не жатқанын білесіңдер. Құс сияқты, құс емес, Самғап ұшқан биікке. Қанаты бар қақпайды, Жүрсе де сондай биікте. (Ұшақ) Арқасында ауыл жүр, Ала тайым шауып жүр. (Автобус) Ақ шатырлы бір қала Суда жүзіп жүр дара. (Кеме) Балаларды топқа бөлу. - Балалар, менің қолымда суреттер бар. Барлығымыз бір-бірден алайық. Енді артындағы суретті қарайық. Ненің суреті екен? -Олай болса кеменің суреті бар балалар бір адым алға шығайық. Сендер бір топ болып, кеме ойыншығы тұрған партаға жайғасасыңдар. -Енді тік ұшақ суреті бар балалар бір адым алға шығыңдар. Сендер бір топ болып, ұшақ ойыншығы тұрған партаға отырыңдар . –Соңғы қалған автобус суреті бар балалар сендер бір топ болып, автобус ойыншығы тұрған партаға отырыңдар. -Балалар, парталарыңда қандай ойыншықтар тұр? Осыларды бір сөзбен не деп айтамыз? Сонымен, балалар,қалай ойлайсыңдар бүгінгі сөйлеуді дамыту оқу қызметінде немен танысамыз? Яғни.,өтетін тақырыбымыз қандай? -Ал мақсатымыз қандай? - Балалар, көлік дегеніміз не? -Көлік сөзі орыс тілінде және ағылшын тілінде қалай айтылады, білесіңдер ме? Көптілділік: көлік – транспорт – transport - Оның қандай түрлері бар? - Өте жақсы, Көліктер түрлеріне жер, әуе, және су көліктері жатады. -Олай болса, балалар, ұшақ сол әуе, жер, су көлік түрлерінің қайсысына жатады?Неге? -Кеме қай көлік түріне жатады? Неге? -Автобус қай көлік түріне жатады?Неге? |
Жұп болып тұру.
Қорапша, ойыншықтар: ұшақ, кеме, автобус.
Суреттер
|
|
|
III. Тақырып бойынша жұмыс 6–23 мин. |
(Т) Топтық жұмыс: -Сонымен, бірінші топ «Жер көлігі» деп аталады. Екінші топ «Әуе көлігі», үшінші топ «Су көлігі». Енді, балалар, қазір біз топ болып жұмыс жасаймыз. Қазір әр топ өзінің тобының атын қорғап шығуы керек.Әр топқа ақ қағазбен суреттер таратып беремін, сендер сол суреттердің ішінен өз тобының атына сәйкес суреттерді тауып, ақ қағазға жабыстырасыңдар.Және бір-біріңмен ақылдасып, ортаға шығып өз тобының атын қорғайсыңдар. 1 топ –әуе көлігі. 2 топ – жер көлігі. 3топ – су көлігі. -Сонымен, балалар, су көлігіне нелер жатады? Жер көлігіне? Әуе көлігіне? (Ж) Жеке жұмыс. Суретті толықтырып сал. 1 топ – полиция көлігі. 2 топ – жедел жәрдем көлігі. 3топ – өрт сөндіру көлігі. Бірінші топ сендер ненің суретін толықтырдыңдар? Бұл көлік туралы не айтасыңдар?Екінші топ? Үшінші топ? Сергіту сәті. (Ж) Жұптық тапсырма. «Суреттің екінші жартысын тап» ойыны арқылы жұптарға бөлу. Жұптық тапсырма: сурет бойынша адам таситын көлік ішіндегі тәртіп сақтау ережесін құрастыру. |
Ақ қағаз, суреттер.
Суреттер, түрлі түсті қарындаштар
Суреттер |
|
|
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 24–25 мин. |
– Біз бүгін не туралы әңгімеледік? ҰОҚ сендерге ұнады ма? Балалар, мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын. Үш көзді батыр, Жолды аңдып жатыр. Бұл не? Дұрыс бағдаршам..Бағдаршам не үшін керек? (Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту. Тәрбиеленушілер ҰОҚдегі өзінің жұмысына баға береді. Бағдаршам әдісі арқылы. Ештеңе түсінбедім –бағдаршамның қызыл түсті дөңгелегін көтереміз. Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түсті дөңгелегін көтереміз. Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түсті дөңгелегін көтереміз. |
Сары, қызыл, жасыл түсті дөңгелектер. |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген