400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу-қызметі "Көңілді қыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Таным» білім беру саласы бойынша жаратылыстану ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тақырыбы: Көңілді қыс

Мақсаты: 1.Жылы киініп, шанамен сырғанап, аққала жасайтын көңілді қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.

2.Тақырыпқа сәйкес жұмбақ шешкізіп, балалардың зейінін дамыту.

3.Достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелесу.

Көрнекіліктер: Қыс мезгілінің бірнеше суреті,үлестірмелі заттар.

Әрекеттердің

Кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Ұйымдас тырушылық қозғаушылық

Балалар дөнгеленіп тұрып,бір-бірлеріне жақсы тілектерін тілейді. Жұмбағ шешу.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.

Ол не?(Қар)

Шеңбер бойына тұрып,бір-біріне тілектерін білдіреді.

Балалар жұмбақтың жауабын айтуға тырысады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

1.Әңгіме жүргізу.

-Балалар,барлығымыз терезеден далаға қарайықшы.Қазір жылдың қай мезгілі?

-Оны қайдан білдік?

-Қыс айлары:желтоқсан,қаңтар,ақпан

2.Суретпен жұмыс.

-Қыс мезгілі. Даланы аппақ қар басты.Балалар балабақша ауласына шықты.Айдидар мен Айболат аққала тұрғызады.Айзере мен Жансая шанамен ырғанады,қалған балалар қармен ойнап жүр, бәрі де көңілді.

Қыс мезгілінде ауа райы суық болады.Қыста адамдар қалай киінеді?

-Дұрыс айтсаңдар, балалар,қыста адамдар қалың киінеді.

-Кәне,қысқы киімдерді атайық?

-Тон,тымақ, етік,қолғап және т.б.

3.Сергіту сәті.Ә.Табылдының «Ақ боран» немесе басқа да ақындардың қыс туралы өлеңімен орындалады.

4.Үлестірмелі материалмен жұмыс.Төрт мезгіл бейнеленген сурттердің ішінен қыс мезгілін тапқызып,оны сызып көрсеткізу.

5.Өлең оқу.Қ.Ыдырысовтың немесе басқа да ақындардың қыс туралы өлеңін оқу,мазмұнын түсіндіру

6.«Қар жинау» ойыны.Шарты:екі топқа бөлініп ,мақтадан жасалған қарды жнап,себетке салудан жарысу.

Балалар терезеге қарайды.

-Қазір жылдың қыс мезгілі.

Дала аппақ қар күн суық.





Балалар суртке назар аударады

Педагогтің сұрақтарына жауап береді.

-Балалар қармен ойнайды .

-Қыста адамдар жылы киінеді?

-Күн суық адамдаржылы киініп алған,айнала аппақ қар . Қайталап айту.

-Сергіту сәтін педагогтің көмегімен бірге орындайды.

Педагогтің көмегімен бірге орыдайды.

Балалар қайталап айтады.

Рефлекциялық түзетушілік

7.Сұрақ-жауап арқылы не үйренгенін пысықтау.

Балалардың жауаптары тыңдалады.



Күтілетін нәтиже:

Қыс мезшілінің,жылдың басқа мезгілдерінен ерекшелігін біледі;

Жұмбақ шешіп,тақпақ айтуды.суретке қарап.2-3 сөйлем құрай білу дағдыларын игереді;

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін және қысқы ойын түрлерін меқгереді.




Толтырған тәрбиешінің аты-жөні: _________________

Тексерді:









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
644
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі