15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған оқу қызметі "Менің елім, менің жерім"
Бекітемін:
Шағын орталық әдіскері:
А.Д.Джунусова_________
«Менің елім – менің жерім» әңгіме сағат жоспары
Күні: 15 наурыз 2019 жыл
Тәрбиеші: Адиет.С.Т
Тақырыбы:
Жыл басы– Наурыз!
Мақсаты:Наурыз
мейрамы туралы түсініктерін кеңейту,
сұрақтарға толық дұрыс жауап беру
дағдыларын қалыптастыру.
Сұрақ - жауап, жұмбақ шешу, өлеңдер оқу, көрініс қою барысында балалардың ой - өрісін дамыту
Балаларды казақ тілін құрметтеуге, ұлттық киімдерді, мерекелерді қадырлеуге тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
1.
Қазір қай жыл мезгілі?(Көктем)
2. Көктем
айларын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр)
3.
Көктем
мезгілінің алғашқы айын ата? (Наурыз)
4.Наурыз айында қандай мерекелер бар? (8 наурыз, 22 наурыз)
Шаттық шеңбер
Балалар шеңбер жасап тұрайық неге ұқсайды кішкентай шарға шарымызды үлкейтейік үлкен шарға айналды.
Балалар, терезеге қараңдаршы!Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр. Көңіл – күйлерің көтеріледі. Қане, бір – бірлеріңе жымиыңдар. Бір – бірлеріңе жақсы тілектер айтайық:
Денсаулық ,Бақыт, Көңілді күн тілеймін.
Рахмет! Отырыңдар.
IІ Негізгі бөлім
Біздің бүгінгі тақырыбымыз: «жыл басы - Наурыз».
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді.
Наурыз көже қалай дайындалады (айран, жүгері, ет, арпа, құрт, түз, тары) қандай дәмді тәтті.
Бауырсақ
– қазақ ұлттық тағам
Бауырсақ
қалай дайындалады (үн,су,түз,ашытқы,май.)
тәтті екен.
Тағы қандай қазақ ұлттық тағамдарын білесіңдер?
1.
Бауырсақ
2. Ет
3. Құрт
4. Ірімшік
5.
Май
6. Қаймақ
Рефлексия:
-Балалар, ұлттық тағамдарды атаңдаршы
-
Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата?
-
Ұлттық тағамдарын ата?
Күтілетін нәтиже:
Білді:наурыз мейрамы туралы;
Игерді:ұлттық тағамдар түрлерін;
Меңгерді:достық, татулық ережесін.
Келісілді:
Әдіскер: Джунусова.А.Д
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
Күні: 13 .12.2018
Тәрбиеші: С. Т. Адиет.
Білім беру саласы: Коммуникация
Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жайлы түсінік беру. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Егемендіктің мәнін түсіндіру, отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Заттық дамытушылық орта: ҚР рәміздері суреттері, желтоқсан құрбандардың суреттері, тәуелсіздік монументі, Астана, Президент суреттері.
Қостілдік компонент: флаг-ту, Елтаңба-Герб, Гимн-Әнуран, тәуелсіздік-независимость.
Қызмет кезеңі |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Дәлелді түрткі болатын |
Шаттық шеңбері: Армысыз қайырымды Аспан – Ата! Армысыз мейірімді Жер – Ана! Армысыз, балабақша Дос – жаран! Сәлеметсіздерме, баршаға! |
Балалар аттық шеңберге тұрып, барлығымен амандасып шығады. |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік |
Әнұран орындалады. Содан соң балалар Қазақстан Республикасының президентін атайды. Тақтаға Нұрсұлтан Назарбаевтың портретімен танысады. «Тәуелсіздік» сөзіннің мағынасын түсіндіру ұсынылады. -тәуелсіздік- еркіндік, жеке, егеменді деген мағыналарын білдіреді -қай түспен белгілейміз? - Балалар Қазақстан қандай ел? -Еліміздің рәміздрін кім атап береді? - Елордамыз қалай аталады? -Қазақ елін кім басқарады? - Қазақстан Республикасындақандай үлт өкілдері тұрады? Суретпен жұмыс: — Балалар мына тәуелсіздік монументі қай қалада орналасқан. Оның биіктігі 28м екен. Ол алғаш тәуелсіздік алған жылы бой көтерген.
Сергіту сәті: «Ел қорғауға әзірміз» әнін орындау
— Балалар тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсанда үлкен көтеріліс болды . Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлов, Ербол Спатаев, Сабира Мұхамеджанова, Ләззат Асановыалар болды. Олар Отан үшін, туған жер үшін, ана тіліміз үшін, біздің болашағымыз үшін үлкен ерлікпен қаза тапты. Сонымен тәуелсіз мемлекет дегеніміз-өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді болмай, ішкі, сыртқы мәселелерін өздері шеше алатын мүмкіндігі бар мемлекет. Тәуелсіздік туралы заң 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданды. -Ал енді балалар, тәуелсіздік туралы тақпақтарыңды тыңдайық.
Балалар отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
|
Балалар оң қолын жүрек тұсына қойып, әнұранды бірге орындайды
Балалар сұрақтарға жауап береді.
-көк түспен
Егеменді тәуелсіз мемлекет Олар: Ту, Елтаңба, әнұран -Астана -Н.Ә. Назарбаев Қазақ, орыс т.б.
Алматы
Әнді барлығы бірге орындап, қимылмен көрсетеді.
Тәуелсіздік жайлы мәліметтерді мұқият тыңдайды
Тәуелсіздік үшін күрескен жастардың суреттерімен танысады.
Отан
— менің ата- анам, Отан үшін отқа түс – күймейсің. Отан оттан да ыстық. Отан отбасынан басталады |
Рефлексиялық түзетуші |
«Тәуелсіз Қазақстанды қалай бейнелегің келеді?» тақырыбында сурет салу. Қазақстан Республикасының астанасының төрінде орналасқан бәйтеректі салуды ұсынамын. Өз ойлары бойынша да салуларына болатынын айту. Балалармен жеке жұмыс жүргізу Белсенді балаларды мақтап, мадақтау. |
Балалардың жауаптары.
Балалар сурет салуға кіріседі. Өз ойларын қағазға бейнелеп салады, бояйды.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстан Республикасыны рәміздерін, президентін, астанасын;
Меңгереді: Өз ой-қиялымен тәуесіз ел бейнесін салуды;
Жасай алады: Қазақстан Республикасының тәуелсіз, егеменді ел екенін.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
Күні: 1.01.2018
Түрбиеші: А.Н. Ғұмар
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Менің елім- менің жерім (вариатив бөлімі)
Тақырыбы:«Бұл - біздің Ту», «Бұл - біздің Елтаңба», «Бұл-біздің Әнұран»
Мақсаты: Балалардың аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. Отаншылдық, ұлтжандылыққа, тегін, өз елін, тарихын сүюге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған. слайд, шар, күн, гүлдер.
Әдіс тәсілі: Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
Қызметтер кезеңі |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбер: Күлімде күн күлімде, Күлсін барлық бала шат. Бүгінгідей күн қайда, Бейбіт болсын болашақ! Балалар, сендер өте зейінді, ақылды, әдемі, сұлу, дарынды, мейірімді балаларсыңдар. Біз аспаны ашық сәулелі кең байтақ елде тұрамыз. Олай болса балалар бәріміз біргеҚазақстан Республиксының Мемлекеттік Әнұранын шырқайық. -Балалар қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан Республикасының туы. Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштықпен жақсылықтың нышаны. Көк түс –Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн тыныштықпен байлықты бейнелейді. Күн –қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Күн, қыран, ою -өрнек алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков. Елтаңба негізі –Шаңырақ ол елтаңбаның жүрегі. Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі. Шаңырақ - күн шеңбері. Шаңырақ - киіз үйдің күнбезі. Көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгілігі, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі. Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр. Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз ашылып, жұлдызыңыз жарқырай берсің» деген асыл арқаны арқалап тұр. «Қазақстан» жазуы қазақ елінің айғағы. Елтаңбаның авторлары - Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов. Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады. Сонымен қатар асыл мұрамыз-еліміздің кең байтақтығы, жер мен ел байлығы, біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған. Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды. Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды. Кезінде Жұмекен Нәжмиденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді. Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяков, Жұмекен Нәжмиденов, Нұрсұлтан Назарбаев. |
Шеңбер бойымен тұрып, өлең жолдарын қайталайды.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. |
Ұйымдастыру- іздестіру |
Сергіту сәті: Ақ көгершін, көгершін, Қол қанат құс сен едің. Бар кезіп қайт, ел үшін, Кең дүниенің көлемің. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан, Ұшырамын қолымнан. Ғажайып сәт: Балалар бізге шетелден қонақ келді. Good morning, children! My name is Balnur! I from in England, but love Kazakhstan too. It is very beautiful and big Republic. There are peoples are very kind and generous. I speak Kazakh language too, because I love this language . -Балалар мен сендерге бос келмедім. Сендердің білімдеріңді тексеру үшін бірнеше тапсырмалар ала келдім. Олай болса «Шар жару» ойынын ойнайық .(Жарылған шарлардан тапсырмалар шығады) 1-тапсырма. «Біз қай Республикада тұрамыз?» 2-тапсырма. «Отан туралы мақал-мәтел» 3-тапсырма. «Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері қандай?» 4-тапсырма. «Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері туралы қандай тақпақтар білесіңдер?» -Жарайсыңдар, балалар! Төрт тапсырманы керемет орындадыңдар. Балалар біз елімізді сүйеміз қане бәріміз бірге қонақпен өз ыстық ықыласымызды Қазақстан картасына өз қолтаңбамызды қалдырамыз. -Жарайсыңдар балалар! Қонақпен қоштасамыз. |
Қазақстан Республикасында 1. Отан оттан да ыстық. 2. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл. - Ту, Елтаңба және Әнұран
-Көк аспандай көкпеңбек Қазақстанжалауы. Көкемесолтектен-тек Елдіңашыққабығы. Ақниеті – алтын күн, Асқақарман-қыраны. Жалауыбұл-халқымның
-Елтаңбасыелімнің Елтаңбасыелімнің Неткенәйбәт, әдемі! Тұнығындайкөңілдің Ортада-аспанәлемі. Құт, береке, шаңырақ, Орыналғанолтөрден. Қанаттықосарғымақ. Екіжақтанкөмкеркен. Тәуелсіздікжолында Талай-талай тер тамған… Билігімөзқолымда, Еркіндігім-Елтаңбам.
-Әнұраным –жан ұраным Айтар әнім, сөйлер сөзім Туған жерім сағынарым Бақыт-бірлік күн талабы. Тоқтамайды дабыр әні Мәңгі бақи шырқалады Республикам Әнұраны! -Сау болыңыз! |
Рефлексивті-түзетушілік |
Қорытынды: Балаларға сұрақ қою арқылы ұйымдастырылған оқу қызметі аяқтайды. Балаларды мадақтайды. |
Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Қазақстан Республикасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы, мол мәлімет алды, оның қандай екендігін білді.
Нені игереді: Қазақстанда тұратын әр адамның, сол елдің азаматы екендігін ұғынады.
Нені біледі: Балалар, Қазақстан, туған жер туралы тақпақтар айтып, отанға деген сүйіспеншілігін арттырды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
Күні: 8.02.2018
Түрбиеші: С. Т. Адиет.
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Менің елім- менің жерім (вариатив бөлімі)
Тақырыбы: «Елін сүйген - Елбасы»
Мақсаты: Балаларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. Отанын сүюге,елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Тәрбиелік мәні: Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Ту, елтаңба, әнұран.
Жеке жұмыс: Алиханға рәміздер туралы түсінік беру.
Керекті құралдар: Суреттер, елтаңба, ту, слайд-шоу.
Қызметтер кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушы
Іздену - ұйымдастырушы
|
Шаттық шеңбері: - Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер? - Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз. - Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар? - Алақай! деп қолымызды шапалақтап қуанамыз. - Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз, төменнен не көреміз? - Жоғарыдан аспан, күнді, бұлтты. - Төменнен жерді, шөптерді, гүлдерді, суды көреміз. - Ендеше біз де аспанға, жерге, күнге және сабағымызға келген қонақтарға сәлем берейік. Шеңберге тұрады: - Сәлем
саған Алтын күн! Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы: «Елін бастаған – Елбасы» - Балалар, барлығымыз бірге әнұранды орындаймыз. - Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз? - Иә, біз ірі жер көлемі бар мемлекетте тұрамыз. Дүние жүзінде 9-шы орында. - Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер? - Біздің елбасымыз кім? - Ия, балалар, біздің бүгінгі сабағымызда Нұрсұлтан атамызға арналмақ. Себебі 1-ші желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн. Ал Нұрсұлтан атамыз қандай болған? Оны білу үшін теледидарға назар аударайық. (Теледидардан Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзі қойылады). Саяхат. Нұрсұлтан атамыз туралы көбірек білу үшін балалар, жұмыс жасаған қалаларға саяхат жасайық. Қане барлығымыз ұшаққа отырамыз. - Алғашқы жұмыс қадамын Нұрсұлтан атамыз Қарағанды қаласында бастаған. Осы Қарағандыда не бар? Кенші атаның ескерткіші орналасқан бұл қала көмірге бай. - Қазір балалар Елбасымыз қай қалада тұрады? - Бұл қала біздің елордамыз. - Ал Астанада не бар? - Ия, байтерек, ақорда, т.б. бар. - Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік, еркіндік үшін күресіп Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек етті. ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов. ҚР Мемлекеттік әнұраны сөзін жазған Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. – Жарайсыңдар балалар, шаршап қалған болармыз. Сергіту сәтімен бірге сергіп алайық. Сергіту сәті: Балалар слайдтағы балалармен біге «Қазақ жігіттері»әніне билейді. – Балалар елбасымыз, Отан туралы кім тақпақ айтып береді?
Елбасы
елді қорғайды, – Жарайсыңдар балалар. Әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Біздің Қазақстан өте үлкен, көп ұлтты мемлекет. Бәріміз бір үлкен жанұямыз, бір-бірімізді сыйлап, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Сондықтан біз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, қорғауға тиістіміз. |
Балалар шеңберге тұрып, бір–біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Әнұранды орындайды.
- Қазақстан Республикасында
- Елтаңба, Көк ту, Әнұран. - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол президент.
- Көмір
- Астанада
- Бәйтерек
Мұндай
шаттық сыйлаған,
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: ҚР Мемлекеттік рәміздерін, президентін, оларға сипаттама беруді біледі.
Игерді: Еліміздің рәміздерін құрметтеуді, сұрақтарға жауап беруді біледі.
Меңгерді: Патриоттық сезім болуы керек.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
Күні:15.02.2018
Түрбиеші: А. Н. Ғұмар
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Менің елім- менің жерім (вариатив бөлімі)
Тақырыбы: «Мен және менің құқығым»
Мақсаты: Балаларға өздерінің құқұқтары мен міндеттерін түсіндеру. Бізің еліміз демократиялы, құқұқтық мемлекет болғандықтан, балаларды құқықтық жағынан қорғалатыны туралы мәлімет беру. Әрбір баланың өз құқұғы бар екенін, балалар мерекесі туралы түсініктерін жетілдіру. Үлкендер еңбегін сыйлай білуге, бағалауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: заң, құқық.
Керекті құралдар: Суреттер.
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметтері |
Мотивациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбері! -
Көк аспанда күн күлсін! Балалар айналаға қарайықшы, ауа райы бүгін қандай керемет! -Бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар? Өте дұрыс, балалар.
- Балалар, біз қай республикада тұрамыз? - Қазақстан республикасының бас қаласы қалай аталады? - Біз қай қалада тұрамыз? - Қазақстан Республикасының Президенті кім? |
Балалар педагогтың айтқанын қайталап айтады.
Көктем мезгілі
- Қазақстан Республикасында тұрамыз. - Астана - Жаңаөзен қаласында тұрамыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. |
Іздену ұйымдастырушы |
Жаңа тақырыппен таныстыру Тақырыбы: Менің құқықтарым мен міндеттерім. Дұрыс балалар, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.Бізің өз отбасымыз, өз Отанымыз бар. Біз бақытты өмір сүріп жатырмыз. Бақытты өмір сүру дегеніміз-адамның тілегінің орындалуы, әрқашан қуанышты болуы. Бақытты өмір сүру үшін ересектер еңбек етеді,балаларын оқытады, тәрбиелейді. Ал балаалар, балабақшаға, мектепке барады. Еліміздің әрбір адамы бақытты өмір сүру үшін жағдай жасалған. Балабақша, мектеп, аурухана және ойын-сауық орталықтары бар. Кез келген адамның емделуге, оқуға құқығы бар.
Ал сендердің өз отбасыларыңда, өз Отаныңдарыңда бақытты өмір сүруге құқықтарың бар. Әр жылдың маусым айының 1-ші жұлдызы «Балаларды қорғау күні»- мерекесі болып аталып өтіледі.Құқық – мемлекет тарапынан заңмен әрбір адамға берілетін ерік, бостандық. Конституция – бұл біздің еліміздің басты заңы. Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат. |
Балалар жаңа тақырыпты мұқият тыңдады.
Үлкендердің айтқанын тыңдау |
Рефлексті коррекциялаушы |
- Балалар, сендер өз құқықтарым бар деп өз беттеріңше, ойларыңа келгенді жасай беруге болмайды.Өз құқықтарыңмен бірге өз міндеттеріңде бар. - Ол қандай міндеттер? - Сендердің қазіргі уақыттағы басты міндеттерің: Үлкендердің айтқандарын тыңдау. Біздер міне, осындай бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз.
Сергіту сәті (Слайдтан көрсету) Көркем сөз оқу Отан
дейміз от жаққан жерімізді Мақал-мәтелдер үйрету Атаңның
баласы болма, Ел
алғысын алсаң, Адалдықтың
белгісі - Әдепті
бала арлы бала, |
Үлкендердің айтқанын тыңдау |
|
ІІІ. Қорытынды. Сонымен, қорыта келгенде, - Балалар өзіміздің құқығымызды қорғауға, міндеттерімізді орындауға, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. - Қандай оқу қызметі болды? - Бізің қандай құқықтарымыз бар екен? - Балаларды қорғау күні кай күн?
Барлығыңыз бүгінгі оқу-іс әрекетіне толық қатыстыңдар. Сау болыңыздар? |
Балабақшада, мектепте оқып, білім алуға
1-маусым күні
Балалар өз түсінгендерін айта білді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар өз құқықтарын, лайықты өмір сүру заңдылықтарын түсінді.
Игереді: балалар құқығының заңмен қорғалатынын біледі.
Меңгереді: адам құқықтарын сақтау, құрметтеу, дұрыс қарым-қатынас жасау.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Күні:22.02.2018
Түрбиеші: C. Т. Адиет.
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Менің елім- менің жерім (вариатив бөлімі)
Тақырыбы. Мемлекеттік тіл − менің тілім!
Мақсаты: Балаларға мемлекттік тілдің өркендеп,оянуына,мемлекеттік тілімізді сүюге,мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіңдік ерекшеліктері,салт-дәсүрі, діні, тілі болатынын түсіндіру. Балалардың сөздік қорын молайту, еркін сөйлеуге баулу.
Оқу қызметтер кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалар қызметі |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбер: Арайлап
таң атты! |
Амандасу рәсімін жасайды. |
Ұйымдастыру ізденушілік |
- Балалар қазір жылдын қай мезгілі? - Күз мезгілінін қай айы? - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, шеше аласыңдарма? Сөз сөйлесең қозғалыста болады. – Ол не? Дұрыс, айтасыңыздар. Бүгін біздің ана-тіліміздің мерекесі. Республикамызда әртүрлі ұлт-өкілдері тұрады.Олар-орыс, корей, өзбек ұлт өкілдері. Олар бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүреді. - Балалар, біз қандай Республикада тұрамыз? - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. –Балалар, сендер еліміздің тілін білісіңдер ме? Яғни біздің ана-тіліміз қай тіл? - Тақпақ. Еліне арналатын тілегі шын, Ұрпақтарым –Отанымның түлегісің Іргесін туған елдің тіреп тұрған, Қадірін ана-тілімнің білемісің? – Балалар. Сендер шыр етіп өмірге келдіңдер. Сендер сияқтыкүн сайын қаншама адам дүниеге келуде. Нәрісте дүниеге келген соң өзіне есім және азаматтық алуға, өз ата-анасын танып білуге, олардың тарапынан қамқорлық көруге, еркін өмір сүріп дамуына құқығы бар. Ал қазір балалар біз сендермен бір ойын ойнатамыз. – Ойын “Досыңның есімін ата” – Шарты; Балалар өз есімін атап ата-аналары қалай еркелететінін айтады.
Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық Екі
қолды созайық - Дұрыс балалар сендерде тегін білім алуға құқылысыңдар. Олай болса бізде “Ғажайыпстан еліне” бара жатқан балалар сияқты білім алып, тіл үйреніп аласыңдар.
|
- Көктем Наурыз айы - Иә. -Тіл.
- Астана қаласы.
- Қазақ тілі.
|
Рефлективті корр.ш |
-Балалар осы тақырыптық оқу іс-әрекетімізде қандай мереке туралы әңгімелестік -Тақырыптық оқу іс-әрекетіміз ұнадыма? Өте жақсы жарайсыңдар.
|
Ана-тіліміз туралы.
Ия |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ана-тілі туралы білуі керек.
Игереді: Өзге тілдерді болашақта жақсы меңгеруі.
Меңгереді:Ана-тілін құрметтеп, қастерлей біледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген