жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған оқу қызметі "Менің таным әлемім"
ҚР ПІБ МО “Қарлығаш” балабақшасы РМК
Тақырыбы: «Менің таным әлемім»
«Балақай» мектепалды даярлық тобы
Педагог-психолог: Қ.М. Ильясова
Нұр-Сұлтан қ, 2021ж
Мақсаты:
- Ауызша және көріп есте сақтау қабілетін дамыту;
- байқағыштық, зейін қабілетін шыңдау;
- жалпы мағлұматтық деңгейін, сөздік қорын молайту.
- логикалық ойлау, сөздік логикасын дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті доска, доп, жай қарандаш.
Дидактикалық құралдар, конверт
- Балалар айтыңдаршы біздің кездесуіміз неден басталады?
- Амандасудан.
- Дұрыс айтасыңдар, менің қолымдағы доп арқылы әр қайсың өздеріңнің оң жақтарыңда тұрған көршілеріңнің есімін атап оған «Мен сені көргеніме қуаныштымын» деп жылы лебізімізді білдіреміз. Менің оңжағымда: Мариям-мен сені көргеніме өте қуаныштымын...
Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: «Менің таным әлемім» деп аталады. Сендер келесі жылы оқушы атанатын болғандықтан сендердің зейіндеріңді, есте сақтау, жалпы мағлұматтық деңгелеріңді, ойлау, жұптасып жұмыс жасай білу қабілеттеріңді шыңдау мақсатында бірнеше тапсырмалар орындайтын боламыз. Бұның бәрі сіздерге мектепте қажет болады.
Ал, балалар бүгін сендер өздеріңді оқушы ретінде сезініп көргілерің келеме? Көзімізді жұмамыз, сағаттың шырылдаған даусы естілді, аналарыңыз сіздерді ертемен оятып, сіздер әдемі мектеп формасын киіп, мектеп құрал-жабдығы салынған сөмкеңізді алып мектеп есігін аштыңыз, қоңырау соғылды, сабақ басталды. Көзімізді ашамыз, орнымызға отырамыз.
Арқамызды түзу ұстап, орындыққа дұрыс отырамыз.
1. «Дыбыстық гимнастика» балалар ауада пішіндерді екі қолмен бірге саламыз (Ұшбұрыш, төртбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер).
2. «Төртіншісі артық» балалар қазір экранда төрт заттың суреті шығады. Сендер ойланып, артық затты тауып, оның себебін түсіндірулерің қажет.




3. «Жатып қалған сегіз» жаттығуы
Балалар орнымыздан тұрып, әуен ырғағымен менің қимылымды дәл қайталауға тырысыңдар, қолдарыңды алға созып алақандарыңды бір біріне қойып, сендердің қолдарыңмен менін қолым бірге екенін сезініп, қимылды қайталаймыз(әуен ырғағымен). Қолымыздың басын сілкілейміз.
4. «Зейін қойып саламыз» келесі тапсырмада балалар сендер экранға мұқият қарап, берілген бейнелерді естеріңде сақтап қалуға тырысыңдар, экран жабылып, бейнелер ғайып болғанда, алдарыңдағы ақ параққа есіңде қалған бейнелерді қайта жаңғыртып салатын боласыңдар. Кім болды қарандаштарыңды қойып, күтеміз. Бәріміз болсақ, жауап парақтарыңды көршілеріңмен алмастырыңдар. Қазір экранға бейнелер шығады сен көршіңнің дұрыс жауабына қосу қоясың, ал дұрыс емес салса алу қойып тексересің.
![]()

5. Ойын «Мұрын, еден, төбе»
1,2,3,4,5 ойын басталды,
мұқият бол балақай
көрсеткенді емес, айтқанды қайталап істе ұрынбай.
Қандай зейінді балаларсыңдар, рахмет
6. Ребусты шеш. Ребус дегеніміз жұмбақ. Жасырынған сөз санның, пішіннің немесе суреттердің көмегімен шешуге болады.
7. Тыныс алу жаттығуы
«Дұрыс тыныс алып үйренеміз» Балалар қазір мұрынмен демді алып ауыздан шығарамыз (3рет қайталаймыз)
Енді саусақпен мұрынның оң жағын басып, сол жақпен дем алып ауыздан шығарамыз.
Терең мұрынмен демді ішке алып, ах дыбысын айтып дем шығарамыз.
8. «Айырмашылығын тап»
Экранда екі сурет шығады сендер суреттерге мұқият қарап өзара айырмашылықтарын тауып айтуларын қажет.

9. «Жұптасып, топтастыр» Келесі тапсырманы орындау үшін сендер жұптасып, өзара келісіп жұмыс жасауларың қажет болады. Екі балаға бір конверт, конвертте тапсырмалар. Суреттерді қарап, өзара келісіп, қандайда бір белгілеріне қарап топтастырасыңдар. (жабайы жануарлар-үй жануарлары, көкөністер жемістер, жәнтіктер-құстар, балықтар-саңырауқұлақ, гүлдер-пішіндер)
10. Рефлексия
Балалар сендер бүгінгі оқу қызметінде нағыз оқушы обрызында болдыңдар. Сендерге ұнады ма? Ұнаса мына жүрекшелерді сыйға алыңдар.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген