Материалдар / ұйымдастырылған оқу қызметі Қош келдің, Білім күні!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ұйымдастырылған оқу қызметі Қош келдің, Білім күні!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2021
707
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қош келдің,Білім күні!»

Мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.

Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер.

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.

Барысы:

І. Кіріспе бөлім.

Мемлекеттік әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі оқу қызметіміз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни балалар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).

Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.

Балалар, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.

(балалардың жауабын тыңдау)

Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.

Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?

Балалар: Қасым Жомарт Тоқаев.

Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?

Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Нұрсұлтан қаласы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?

Балалар: Біз Кызылорда қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.

Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?

Балалар: «Шұғыла» балабақшасы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге Жомарт атты баламыз Отан туралы тақпақ айтып бергісі келеді.

ІІ. Негізгі бөлім.

Жомарт:
Отанды 

Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені, онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.


Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен оқу қызметімізді жалғастырайық.

Нұрила: Өсті міне бойымыз,

Өсті міне ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын мерекеміз.

Шадияр: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.

Мағжан: Бұл - екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз
Біз - осы үйдің сәніміз.

Құралай:              
Қыркүйектің бірінде, кеудем толы дірілге
Құлақ түйем елеңдеп, «Бақша» деген бір үнге.

Анель:              
Сәлем саған балабақшам, алтын ұйям сүйікті
Сен әпердің білікті, сенен өсіп көктедім.

 

Балалардың орындауында ән «Біздің балабақша».

Ерасыл:
Келгенімде алдыңа, қызыл арай гүл алып
Жақын тартып жаныңа, шәкіртім деп қуанып.

Балалармен суреттер бойынша әңгімелесу.

Ойын: «Менің сүйікті балалбақшам».

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, өз туған жерлеріне, елдеріне, балабақшаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Иса:
Сәлем саған балабақшам, алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие, ой санама еккенің.

Айнәзік:
Балабақшам – айтар әнім, сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды, өзіне қайтарамын.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.

Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі оқу қызметімізге жақсы қатысқандарыңыз үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған оқу қызметіміз осымен аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!