жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұйымдастырылған оқу қызметі «Құм қаласына саяхат»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Құм қаласына саяхат»
Мақсаты: Құммен ұқыпты жұмыс жасай білу дағдысын, құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білу, табиғат сырын ұғынып, оны қорғай білу қасиеттерін, қол, саусақ моторикаларын, танымдық даму деңгейлерін дамыту.
Қажетті құралдар: Құм қаласын жасауға арналған шаршы әр түрлі ойыншықтар, түрлі-түсті құмдар, дымқыл қол сүрткіш, түрлі кедергілер, ПВА желімі, сары түсті құм
Әдістер: Шаттық шеңбері, әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, мадақтау, түрлі-түсті құммен сурет салу.
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивация-лық қозғалыс. |
Жайлап музыка ойнап тұрады. Балалар топқа кіреді де амандасады. Әуенмен сиқыршы кіреді. Сәлеметсіздер ме, балалар? Мені таныдыныздарма? Мен сиқыршымынгой. Мен өз сиқырымның күшімен сіздерге де келіп қалдым. Сіздерді көргеніме өте қатты қуаныштымын. Балалар біздерге көптеген қонақтар келіп қалыпты, қане балалар шеңберге тұрып, амандасып алайық. Үш тілде амандасу. «Армысың шапағатты Күн-Ана! Армысың қайырымды Аспан-Ана! Армысың мейірімді Жер-Ана! Армысың менің достарым!
Здравствуй,
солнце золотое!
Hello, Golden sun! Hello the sky is blue! Hello, wind breeze! Hello, my friend!!» Бүгін мен сіздермен бірге бір алыс сиқырлы қалаға саяхатқа барғым келеді. Менімен бірге барасыздарма? |
Балалардың жауабы
Балалар шеңберге тұрып,
Өлең шумақтарын қимылмен қайталап аитады.
Ия барамыз |
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Ол қала жәй қала емес, құмдар қаласы. Оған тек көптеген кедергілер арасымен өтіп қана бара аламыз. Олай болса мына кедергілердің арасымен құлап қалмай жайлап өтіп барайық . Міне, балалар құм қаласына да келіп қалдық. Балалар сендер құм қаласынан не көріп тұрсыңдар? Мұнда ештеме жоққой барін құм басып кеткен қараңыздаршы. -Енді балалар осы жердің құмын зерттеп көрейік. Олай болса алжапқыштарымызды тағып алайық. Сіздерге бір айта кететін жағдай: құмды ыдыстан шашуға, адамға қарай шашуға, құмды ұстаған соң қолды ауызға салуға және жеуге болмайды. Құммен ойнап болған соң қолды жақсылып ылғалды қол сүрткішпен сүртіп немесе қолды жуу қажет. Осы ережелерді орындаймыз ба? 1.Балалар құмды алақандарыңмен ұстаңдаршы. Қатты ма? Жұмсақ па? 2.Құрғақ құм ба, сулы құм ба? 3.Балалар қолдарыңмен құмды уыстап алыңдар да, ақырындап жаңбырша жаудырыңдаршы. Тәжірибе: Балалар енді мен сіздерге бір керемет сиқыр көрсеткім келіп тұр қане баріміз менің қасыма жақындап тұрайық. Құм салғышта түрлі түсті құммен сурет салып көрсету. Құмнында бізге көптеген пайдасы болады оны біз түрлі түске бояп осындай керемет суреттер сала аламыз. Балалар сіздер білесіздер ме, бұл қалада құм аспаннан осылай жаңбырша жауып, қала құмның астында қалған екен. Қанеки, бәріміз бірге бұл құмнын астында не жатқанын көрейік. -Мұнда шашылып қалған текшелер, қане осы текшелерден құм қаласындағы шаһарды құрастырайық. Балалар құрастыру кезінде ақылды, ізденімпаз болуға тырысайық. Жасап болып жатқанда топқа қолында бір табақ құмы бар ата келеді. Ата: Уа балаларым амансыңдар ма? -Сәлеметсіз бе, ата? Ата: Мен алыс жолды шарлап, өздеріңдей ақылды, ізденімпаз балаларды таппай шаршап келемін. -Қанеки ата қош келдіңіз, отырып дем алыңыз. Ата: Балалар мен осы құм қаласының тұрғынымын. Елім мен жерім құмның астында қалғаннан кейін, туған жерімді, үйімді қимай, жерімнің топырағынан салып алдым, өздеріңдей балаларды маған көмектессе екен деп іздеп шығып едім. Мінекей сіздергеде жолықтым. Рахмет, сіздерге балалар! Менің туған жерімді, үйімді қайта жасап қалпына келтіргендеріңізге. Болашақта табиғатты бүлдірмей қорғап, гүлдендіретін сіздерсіздер. Бәріңде жақсы бала екенсіздер. Менің сіздерге беретін сыйлығым жоқ болып тұр. Бірақ, бар сыйлығым мынау табақтағы құмым ғана. Соны сіздерге ұсынайын. Мен сендерге ақ батамды берейін. Жаз келіп көңілдерің жай болсын, Көргендерің шаттық той болсын! Абзал достарың көп болсын, Берген батам сол болсын! Әмин. Сау болыңыздар балалар мен еліме оралайын. Рахмет, ата сізге.аман болыңыз. Сау болыңыз Балалар олай болса, атамыздың табақтағы құмын пайдаға асыра отырып, мен сіздермен Ойын: «Құмда не тығылған?» ойынын ойнап жіберейін. Ойынның шарты: Табақта толтырылып салынған құм, ішінде геометриялық денелер тығылған. Ортаға шыққан бала көзін жұмып тұрып, қолын құмға салып, құмнан тауып алған геометриялық денені сылап сипап қандай дене екенін айтасыздар. Және көзін ашып қандай түс екенін айтасыз. Балалар сіздерге атамыздың сыйлаған құмымен ойын ойнаған ұнады ма? -Балалар бүгін күн көрінбейдіғой, қане баріміз сол күннін бейнесін салайық. Балалар жұмысы: Мен сіздерге боялмаған күннің бейнесін ұсынамын. Соны сары түсті құммен бояймыз. Олай болса балалар күнімізді бояуды бастайық. Бояп болсақ? Денемізді бір сергітіп алайық. Сергіту сәті: 1.Бірнеше рет иықтарымызды көтеріп түсіреміз, одан соң қатып қалған иықтарымызды «қысымынан» айырылу үшін оларды айналдыра қозғаймыз. 2.Жоғары қараймыз, «аспанға жеткізердей» қолымызды созамыз – бірінші бір қолымызбен, содан соң екінші қолымызбен, содан соң екі қолымызбен. 3.Аз уақытқа отырамыз, көзімізді жұмып бірнеше рет дем аламыз. 4.Орнымыздан тұрамыз. Басымызды сипалап және саусақтарымыздың басымен оның барлық ұңқыр-шұңқырларын уқалаймыз. 5.Қолымызбен жағымызды қысамыз. Оны саусақтары-мыздың басымен уқалаймыз. Енді кері өзіміздің тобымызға оралу керек. Олай болса кедергілерден кері өтіп тобымызға оралайық. Міне балалар тобымызға да келдік. |
Балалар келіседі.
Ештеме жоқ
Балалар таң қалады.
Балалардың жауаптары.
Орындаймыз. Жұмсақ құм Құрғақ құм Құмды алақандарына салып себелейді.
Текшелерден құм шаһарын құрастырады. Балалардың жауаптары
Балалар аталарының айтқанын тыңдап отырады.
Балалар қолдарын жайып атасының ақ батасын алады.
Сау болыңыз
Балалар ойынның шартын тыңдайды. Кезекпен табақтағы құмға қолын салып, ішіндегі геометриялық денелерді сылап сипап тауып, көзін ашып түсін айтады. Балалардың жауаптары Балалардың жауаптары Балалар күнді сары түсті құммен бояйды. Балалардың жауаптары Балалар қимылмен сергіту сәтін жасайды. |
Рефлексифті -түзетушілік |
Қане балалар, шеңберге тұрып, сабағымызды қортындылап жіберейік. Қортынды: Бүгін біз қайда бардық? Онда біз не көрдік? Бізге кім келді? Ол сендерге не айтты? Қандай сыйлық берді? Ойын ұнадыма? Рахмет, сіздерге балалар! Бүгінгі оқу қызметі сіздерге ұнады ма? Барлықтарың өте жақсы қатыстыңыздар. |
Балалар шеңберге тұрады.
Балалардың жауаптары. |
Күтететін нәтиеже:
Нені біледі: Құм қаласының басқа қаладан ерекше екендігін біледі.
Игереді: Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуді. Құмды қолға ұстаған соң қолды ауызға салуға болмайтындығын, жеуге болмайтындығын, шашуға болмайтындығын игереді.
Меңгереді: Құмның да түрлі түсті түрлері бар екендігін және оны суретті бояуға пайдалануға болатындығын меңгереді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген