400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі. Құрастыру: "Көліктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру. Жүк көлігі және оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы : «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Құрастыру

Тақырыбы: «Көліктер»

Мақсаты: Балаларды көліктің түрлерімен таныстыру.

1.Білімділігі: Жүк көлігі жіне оның маңызы туралы ұғым қалыптастыру. 2. Дамытушылығы: Көліктердің жеке бөліктерімен таныстыру.

3. Тәрбиелілігі: Әр көліктің пайдасын айта отырып,еңбекқорлыққа баулу.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,тақтамен жұмыс.

Көрнекі құралдар: Көліктер: машина,автобус,жүк машинасы,ұшақ,кеме.

: көлік-транспорт, ұшақ-сомолет, кеме-корабль.

Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы








































Ұйымдастырушылық

Ізденістік













































Рефлексиялық-

түзетушілік

Психологиялық сәт:

Армысың алтын күн!

Армысың асыл жер!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос!

Міне менің қолым!

-Балалар осы алған жылуымызбен,күш-қуатымызбен оқу қызметіні бастаймыз.

Таңдандыру сәті:

(бейне таспадан машиналардың гүрілдеген дауыстары естіледі)

-Балалар бұл ненің дауысы?

-Дұрыс айтасыңдар бұл машинаның дауысы бұл машинамен келген кім екен бәріміз есік жаққа қарайықшы.

- Балалар, бізге қонаққа қонжық келіп тұр.Ол бізден көмек сұрап келіпті.

-Кәне қонжықпен амандасайық.

Тәрбиеші қонжықтың дауысын салып сөйлейді:

Балалар маған машинаның түрлері және олардың пайдасы туралы айтып беріңдерші?

Сурет бойынша әнгімелесу:

-Балалар бәріміз тақтаға қарап,суретте қандай көлік түрлері бар екенін анықтайық.

1-сурет:

Машина, автобус, жүк машинасы, туралы әңгімелесу.

-Балалар, суреттегі көліктердің аттарын атайықшы?

-Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

2-сурет:

Жеңіл машина және жүк машиналары туралы әңгімелесу.

-Балалар мына екі машина туралы не айтуға болады?

-Екеуінің қайсысы жүк машинасы?

-Екеуінің қандай айырмашылықтары бар?

-Иә дұрыс айтасыңдар.Жүк машинасының дөңгелектері көп.Ол жүктасиды.

Мысалы:

Құм,тас,ағаш сияқты заттарды тасымалдайды.

-Ал жеңіл машина кімдерді тасымалдайды?

-Иә дұрыс айтасыңдар.Жеңіл машинамен адамдарды тасымалдайды.Оның адамдар отыратын салоны болады.

Ал машинаны кім жүргізеді?

Жеңіл машина да, жүк машинасы да құрлық көліктері деп аталады.


1,2,3,4-машинаны жүргізуді бейнелейміз.

1,2,3,4-велосипед тебуді бейнелейміз.

Тез,тез тебеміз.

3-сурет:

Су және әуе көліктері туралы әңгімелесу.

-Балалар, енді мына суреттегі көліктерге қарап аттарын атайықшы?

-Иә дұрыс айтасыңдар.

Кеме және ұшақ.

-Балалар,егер біздің жолымызда өзен яғни үлкен су кездессе біз ол судан қандай көлік түрлері арқылы өтеміз?


-Кеме-корабль.

Кәне бәрнеше

рет қайталайықшы.

Кеме және қайық-су көлігі.

-Ал егер алдымыздан биік-биік көп таулар кездессе

қандай көлік түрлерімен өтеміз?

Иә дұрыс айтасыңдар.

Ұшақпен ұшып өтеміз.

Ұшақ-самолет.

Кәне бәрнеше

рет қайталайықшы.

Ұшақ -әуе көлігі.

Дидактикалық ойын:

«Әр көліктің өз жолдарын тап?»

-Балалар, Қонжық біздің айтқандарымызды ұмытып қалмас үшін «Әр көліктің өз жолдарын тап?» деген ойын ойнайық.

Жарайсыңдар балалар!

Кішкентай қонжық көліктер туралы көп мағұлмат алды.


Сонымен көліктер не үшін керек екен?

Көліктердің қандай түрлері болады екен?


Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнекей балалар,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме








Балалар дауыс шыққан жаққа қарай таңырқап қарайды

Машинаның дауысы



Балалар есік жаққа бұрылып қарайды.


Балалар қонжықпен амандады.

Балалар оған көмек беруге әзір екендерін айтады.
















Машина, автобус, жүк машинасы.


Көліктер.







болады,

тез-тез айналдырады.






Кеме және ұшақ.







Кемемен өтеміз.


Қайталайды

Кеме-корабль.


Ұшақпен.


Қайталайды

Ұшақ-самолет.


Балалар әр көліктің өз жолдарын тауып тақтаға іледі.


Жолаушыларды және жүкті тасымалдау үшін.



Құрлық, су және әуе көліктері болады.



Күтілетін нәтиже:


Жаңғыртады:Көлік түрлерін ажыратуға арналған тапсырманы;


Түсінеді: Құрлық,су ,әуе көліктерінің маңызын;


Қолданады: Алған ақпараттарын жүйелеп қорытындылай білу дағдыларын;












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
10583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі