Күні:
08.10.2019
жыл
Білім
беру саласы:
Таным
Ұйымдастырылған
оқу қызметі:
Құрастыру.
Тақырыбы:
«Үй»
Мақсаты:
Кірпіштерден (текшелерден) үй құрастыру.
Көрнекілігі:
Үйдің макеттері, суреттер, текшелер.
Шаттық
шеңбері:
Қуанамын
менде
Қуанасың
сенде
Қуанады
достарым
Жарқыраған
күнге!
-Жарайсыңдар,балалар!
-Балалар
қазір жылдың қай мезгілі?
-
Күз
-Күз
мезгілі неше айдан тұрады?
-Күз
мезгілі 3 айдан тұрады
-Қыркүйек,
қазан, қараша айларынан.
-Балалар
қазір күз мезгілінің екінші айы екен,
қазан айы.
-Күз
мезгілінде ауа-райы қандай болады?
-
Суық болады.
-Үстімізге
қандай киімдер киеміз?
-
Жылы киінеміз.
-Жапырақтар
қандай түске боялады екен?
-
Cары түске
-Жарайсыңдар
балалар, олай болса мына суреттерге
назар аударыңдар.
-Біз
не көріп тұрмыз? Үйлерді көріп тұрмыз
, қандай үйлерді көріп тұрсыңдар?
-
Көп қабатты және бір қабатты жай үйлерді
көріп тұрмыз балалар.
-Балалар
бүгінгі біздің оқу қызметіміздің
тақырыбы «Үй».
-Балалар
мен тақтаға сендерге үйдің қабырғасын
және шатырын құрастырып көрсетемін
мұқият қарап отырыңдар. 1-ші үйдің
қабырғасын қоямыз
-
Үйдің қабырғасын немен қалаймыз?
-Кірпішпен.
Содан соң шатырын жабамыз.
-Енді
балалар мен сендерге үйдің бөлшектерін
таратып беремін. Сендер құрастып
көріңдер. Балалар үлестірмелі
материалдардан үйді құрастырады.
Балалардың жұмыстарын бағалау.
-Енді
балалар мына текшелерден үй құрастырып
көрейікші. Кезек-кезек текшені алып
қабырғасын тұрғызайық. Содан соң шатырын
жабамыз.
-Жарайсыңдар
балалар.
Енді
онымыздан тұрып серігіп алайық.
Сергіту
сәті:
Ал
балалар тұрайық
Алақанды
соғайық
Бір
отырып, бір тұрып
Біз
тынығып алайық
(Бірнеше
рет қайталапы жасату.)
-Балалар
енді біз ойын ойнап көрейік. Ойынымыздың
аты «Тамшыларды
қойып шық»
мына тамшыларды рет ретімен қойып
шығамыз.
-
Мына жерде әдемі үйіміз тұр. Күн әдемілеп
жарқырап шығып тұр. Кенеттен бұлт пайда
болды. Жаңбыр қайдан шығады? Бұлттан
шығады. Ал олай болса мына тамшыларды
рет-ретімен қойып шығайық. Балалардың
барлығын қамтып ортаға шығарып қойдыру.
-Жарайсыңдар
балалар!.
-
Жаңбыр қалай жауады?
-Тырс-тырс
деп . (балалар саусақтарымен үстел үстін
тырсылдатып көрсетеді)
-Дұрыс
айтасыңдар тырс-тырс деп жауады екен.
-Балалар
бүгін біз нені құрастырдық?
-Үйді
құрастырдық.
-Қандай
үйлер бар екен?
-
Көп қабатты үйлер, жай үйлер.
-Жарайсыңдар
балалар, бүгінгі оқу қызметіне барлығың
жақсы қатыстыңдар.
-Қане
балалар келген қонақтармен қоштасайық.
Сау болаңыздар!