Ұйымдастырылған оқу қызметі сөйлеуді дамыту тақырыбы "Менің отбасым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі сөйлеуді дамыту тақырыбы "Менің отбасым"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Жаңа сыни тұрғыдағы тәсілдерді қолдана отыра, балалардың үйлесімді сөйлеу дағдыларын, тілдік қорларын дамыту. Отбасындағы әдет ғұрыптар мен салт дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Менің отбасым

Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Жаңа сыни тұрғыдағы тәсілдерді қолдана отыра, балалардың үйлесімді сөйлеу дағдыларын, тілдік қорларын дамыту. Отбасындағы әдет ғұрыптар мен салт дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші:- Балалар, қараңдаршы мен біздің идеялар себетін жаңа заттармен толықтырдым. Сендерге қызықты ма?

Балалар: - Ия, қызықты

Тәрбиеші: - Олай болса мен сендердің себеттің ішіндегі заттарға қарап, бүгін біздің қандай тақырыпта әңгімелесетінімізді ұсынамын.

(Балалар себеттің ішіндегі заттарды қарастырады)

Балалар: - Мен себеттің ішінен газет таптым.

  • Мен жіп таптым.

  • Қараңдаршы , мынау орамал ғой.

  • Мына себетте тамақ пісіруге арналған ожау да бар екен.

  • Мен болсам, машинаның кілтін тауып алдым.

  • Бетті бояуға арналған косметика да бар екен.

  • Маған мынау телефон қызық болып тұр.

  • Мен көзілдірік алып шықтым.

Тәрбиеші: - Сонымен балалар, қызықты заттар ма? Қалай ойлайсыңдар, бұл заттарды кімдер қолданады?

Балалар: - Менің ойымша, бұл заттарды үлкен адамдар қолданады.

  • Үлкен адамдар жұмыста қолданады.

  • Менің ойымша бұл заттарды мамандық иелері қолданады.

Тәрбиеші:- Тағы қандай ойларың бар? Мүмкін тағы ойланып көрерсіңдер?

Балалар: - Осындай орамалды менің әжем киеді.

  • Мынандай көзілдірік менің атамда бар.

  • Мына кілт менің әкемнің машинасының кілтіне ұқсайды екен.

  • Мен түсіндім, бұл отбасы мүшелерінің заттары.

Тәрбиеші: - Дұрыс таптыңдар балалар, бұл заттарды отбасы мүшелері қолданады. Себеттен тағы қарап көріңдерші, осы заттарды жұптастыруға болады ма? Қане қарап көріңдер? Кімге керек екенін айтыңдар?

Балалар:

  • Ата көзілдірікті киіп кітап оқиды .

  • Ана алжапқышты киеді де, ожаумен тамақ пісіреді.

  • Әже басына орамал тағады,жіппен киім тоқиды.

  • Әпке айнаға қарап тарақпен таранады.

  • Доппен кішкентай балалар ойнайды.

  • Әкем мына кілтті алып, машинамен жүреді.

  • Дәптер мен қалам – ағаға керек.

  • Тәте компьютермен жұмыс істейді, телефонмен сөйлеседі.

  • Қуыршақпен кішкентай қыздар ойнайды.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар, сендер отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалар: - Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын адамдар.

  • Отбасы деп- бір- біріне жақын, туған адамдарды айтады.

Тәрбиеші: Балалар әр қайсымыздың отбасы туралы түсінігіміз, ойымыз бар. Ассоциация ойыны: Сендерге «отбасы» сөзін айтқанда қалай елестетіп немен салыстыра аласыңдар?

  1. Егер отбасы – музыка болса, ол қандай болуы мүмкін?

  • Отбасы музыка болса, құстардың әні сияқты болар еді, өйткені құстардың әні керемет.

  1. Егер отбасын түспен теңестірсек, ол қандай түс болар еді?

  • Жасыл түсті болар еді, өйткені біз қорғаныштамыз, қауіпсізбіз.

  1. Егер отбасы геометриялық пішін болса, ол қандай болар еді?

  • Үшбұрыш пішіні сиқты қабырғалары көп, бірақ бір бүтін.

  1. Егер отбасы ағаш болса, ол қандай болар еді?

  • Емен ағаш болар еді,өйткені біздің отбасы емен ағашы сияқты мықты.

  1. Егер отбасы ғимарат болса, ол қандай болар еді?

  • Ол әдемі, жайлы, жылы үй болар еді.

Тәрбиеші: - Отбасы туралы біледі екенсіңдер, ендеше мына тұрған жетістіктер картасын толтырайық. (балалар білемін деген кестеге смайликтерді жапсырады.)

- Балалар, отбасы туралы тағы не білгілерің келеді?

Балалар: - Мен мына тұрған ағаш туралы білгім келеді.

  • Ол ағашта неге фотосуреттер ілінгенін білгім келеді.

  • Мен тағы қандай отбасылар болатынын білгім келеді.

Тәрбиеші: - Мына білгім келеді деген кестеге өзіміздің смайликтерімізді ілейік. (жарты балалар смайликтерді іледі)

- Келіңдер, енді ағашты қарап көрейік. Бұл ағаш жай ағаш емес, шежіре ағашы деп аталады. Шежіре ағашында бір отбасының ата тегі жазылып көрсетіледі. Ал мына ағашта не байқап тұрсыңдар?

Балалар: - Біздің балалардың отбасы фотосуреттері.

Тәрбиеші: - Маған кім өзінің отбасы туралы айтып бергісі келеді?

Балалар: - Менің отбасым үлкен, мынау менің әкем, мынау анам, әпкем, мынау екінші әпкем және мен. Менің отбасым мейірімді.

Мынау суретте менің отбасым, әкем, анам және мен. Мен отбасымды қатты жақсы көремін.

Менің отбасым кішкентай болғанымен, менің туыстарым өте көп, олар бізге қонаққа келіп тұрады.

Тәрбиеші: - Балалар, отбасы туралы тағы не білгілерің келеді? Сұрақтарыңды айтып смайликтерді іліңдер.

Балалар: - Мен отбасындағы әдет –ғұрыптар туралы білгім келеді.

- Мен тағы қандай отбасылар болатынын білгім келеді.

Тәрбиеші: - Балалар мен сендерді тарих дөңгелегі ойынына шақырамын.

Мына дөңгелекті айналдыра отырып, көрсеткіш қандай затқа көрсетсе, сол зат арқылы әдет – ғұрып туралы білетін боламыз.

(Балалар кезекпен дөңгелекті айналдырып, көрсеткіш көрсеткен зат туралы айтады) Балалар:

Мына әдемі әшекейлерді менің әпкем маржаннан тоқиды. Бұл әшекейлерді әпкеме тоқуды анам үйреткен, енді мен де үйреніп жатырмын.

бұл көне кітап менің отбасыма жатады. Біздің үйде отбасылық кітапхана бар, мен де өскенде кітаптарды жинайтын боламын.

- ( ) Мына білезік пен сақина менің әжемнен қалған естелік. Ол күмістен жасалған. Біздің отбасында бұл білезік анадан қызына мұра ретінде беріледі.

- Менің атам өте шебер, ол ағаштан осындай әр түрлі заттар жасайды. Мына тостағанға қымыз құйып ішеміз. Мен де атам сияқты, ағаштан әр түрлі заттарды жасап, шебер болғым келеді.

- Менің әжем осындай әдемі киімдерді тоқиды, тоқуды әжеме анасы үйреткен екен, енді маған да, үйретеді.

- Менің анам тамақты өте дәмді пісіреді. Анама тамақты дәмді пісіруді әжем үйреткен. Міне біз анам екеуміз тәтті торт пісірдік. ( көрсетеді)

- (фотосурет) – Балалар, қараңдаршы, бұл біздің топтың фотосуреті .

- Өйткені біздің топтың әдет – ғұрпы ол фотосуреттер жинау.

Тәрбиеші: - Балалар қараңдаршы қалай көп жиналып қалған. Осы біздің топты, бір отбасы деп айтуға болады ма? Неге?

Балалар:

- Біздің топты бір отбасы деп айтуға болады, себебі, біз бір балабақшаға, бір топқа келеміз.Себебі, біз бір – бірімізге жақын достармыз.

Тәрбиеші: - Олай болса, осы суретті шежіре ағашына іліп қоюға болады ма?

Балалар: - Шежіре ағашына ілуге болады.

Тәрбиеші: - Балалар сендерге төртіншісі артық деген ойынды ұсынамын.

Балалар: Ана, әке, көрші, аға

Әже, ата, мұғалім, тәте

Тәте, іні, жүргізуші, ана

Тәрбиеші: - Енді мына білдім деген кестені отбасы туралы білген білімдеріңді айта отыра толықтырыңдар.

(балалар смайликтерді отбасы туралы мақал мәтелдер айта отыра іледі.)

Балалар: - Менің отбасым менің байлығым.

Балаларсыз отбасы – иісі жоқ гүл сияқты.

Жанұясыз адам – жеміссіз ағаш сияқты.

Жақсы отбасында – жақсы балалар өседі.

Отбасы туылмайды, отбасын құрады.

Отбасы – бақыттың тірегі.

Отбасының сәні – сыйластық, Достың сәні – қимастық.

Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.

Жанұя балалардан басталады.

Біз балдырған тең басқан.

Дос құшағын елге ашқан

Бір шаңырақ астында

Тату – тәтті тұрамыз

Бірге ішеміз асты да.

Бірге сайран құрамыз.




















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2022
1310
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі