400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі Таным. Жаратылыстану. Тақырыбы: Үлкендердің еңбегімен таныстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалрды үлкендердің еңбегімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Үлкендердің еғғңбегімен таныстыру

Мақсаты: : Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдету. Мамандық түрлерімен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту, қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: Мамандық, тігінші, жүргізуші, дәрігер, шаштараз

Қостілдік компонент: Тігінші – портниха, дәрігер – врач, шаштараз – парихмакер, профессия – мамандық

Керекті құралдар: Мамандық иелері туралы суреттер, құралдар, шарлар, гүлдер

Мотивациялық оятушылық. Тәрбиешінің әрекеті. Бала әрекеті

Балалар сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер? - Таңертең келеміз. Дұрыс айтасыңдар. Міне тағы да таң атып күн шықты. Ендеше сәлемдесіп алайықшы.

Шаттық шеңбер

- Қайырлы таң, көздерім! Қайырлы таң, құлақтарым! Қайырлы таң, қолдарым!

- Қайырлы таң, аяқтарым! Сендер ояндыңдар ма? Ия біз ояндық!

- Көздерім көріп тұр

- Құлақтарым естіп тұр

- Қолдарым қол соғып

- Аяқтарым топылдатты. Біз ояндық! Жарайсыңдар балалар!

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

1) Суретпен жұмыс:

Бүгінгі оқу іс - әрекетінде «Мен өскенде кім болам?» Мамандық түрлерімен танысамыз.

Мамандықтарға дәрігер, мұғалім, шаштараз, аспазшы, тігінші жатады.

- Дәрігер не істейді?

- Дәрігер адамдарды емдейді.

- Аспазшы не істейді?

- Тамақ пісіреді

- Тігінші не істейді?

- Киім тігеді

- Шаштараз не істейді?

- Шаш қияды

(Балаларға сұрақтар қойылып, жауаптары толықтырылады). Сондықтан бізге барлық мамандықтар қажет. Міне, біз қанша мамандық түрлерімен таныстық.

2) Сұрақ – жауап:

- Арман сенің әкең қайда істейді? - Жүргізуші

- Суреттен жүргізушіні көрсетеді.

- Ал, Шынар анасы қайда істейді екен? - Тігінші

- Тігінші не тігеді? - Көйлек

Осындай әр түрлі мамандықты тану үшін алдымен әдепті, тәрбиелі оқыған үлкен азамат болып өсуіміз керек. Ол үшін бәріне еңбек қажет.

3) Балалар біз еңбек туралы қандай мақал – мәтел білеміз. (түсіндіру)

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Еңбек етпеген ішіп жемейді.

4) Балалар біз суретке қарап «Кім болам?» мамандығына суретке қарап әңгіме құрастырамыз.

5) Сергіту сәтін жасаймыз.

6) «Кім жоқ?» ойыны. Балаларға мамандықтар суреті көрсетіледі. Көздерін жұмуды ұсынып, бір суретті жасырады. Қандай мамандық жоқ екенін табады. (Балалардың ойыны)

- Әр бала өз әке – шешесінің қайда жұмыс істейтінін айтып береді.

- Қалай ойлайсыңдар, мамандықтардың бәрі қажет пе?

Әр баланың жауабы тыңдалады

Рефлективтік - түзетушілік

Бүгінгі іс - әрекетімізге жақсы қатысқан балаларды мадақтаймыз.

«Болайықшы осындай» әнімен оқу іс - әрекетіміз аяқталды

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: Балалар мамандық түрлерін білуі, қажетті құралдарын атай білуі керек

Нені игереді: Суретке қарап әңгіме құрауды меңгерді

Нені біледі: Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1279
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі