Ұйымдастырылған оқу қызметі Тақырыбы: " Б дыбысы және әрпі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі Тақырыбы: " Б дыбысы және әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: "Қатынас" Бөлімі: "Сауат ашу негіздері" Ашық сабақТ ақырыбы: " Б дыбысы және әрпі" Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы: «Балауса» мектепалды даярлық

Күні: 16.11.2020ж.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: «Б дыбысы және әріпі»

Мақсаты: Б дыбысын басқа дыбыстардың арасынан ажыратып, атай алады.Аталған дыбысты заттармен сәйкестендіре алады, таңдаған сөзге дыбыстық талдау жасай алады.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, ойын.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: б дыбысынан келетін сөздер айтқызу.

Қажетті көрнекі құралдар: кеспе әріптер, теледидар, компьютер, тақырыпқа байланысты суреттер,су құйылған ыдыс.

Көптілділік компонент: Бақа –лягушка-, frog, банан- банан- banana.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешенің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылы

ғын ояту кезеңі





















-Балалар бізге бүгін көп қонақтар келген екен. (3- тілде амандасу)

-Балалар біздер сауат ашу оқу қызметінде нелермен танысамыз?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Ал, әріп дегеніміз не?

-Ендеше өткен оқу қызметтерінде танысқан дыбыстарымызды еске түсіріп, «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнайық.

Мақсаты: көрсетілген дыбыстарға сөздер айта алады.

Шарты: Теледидардан дыстардың суреті көрсетіледі, сол дыбысты атап, сөз айтуы тиіс.

Таңғажайып сәт

(Қағаз майлықтың ішкі бетіне фламастермен б дыбысын жазып, су құйылған ыдысқа салған кезде, б дыбысын шығады)

-Балалар қараңдаршы біз бұл дыбысты танимыз ба?

-Ендеше қандай дыбыс екенін білгілерің келе ме?

-Балалар ендеше барлығымыз теледидарға назар салайық.

(Теледидардан Б дыбысы туралы видеоролик көрсету)

-Барлығымыз Б деп айтып көрейікші.Б дыбысы дауыссыз дыбыс.

-Б дыбысынан келетін қандай сөздер бар екен?

-Жарайсыңдар, балалар!

-Енді «Бақа» сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасап

көрейік.

-Бақа неше буын бар екен?

-Қанша дыбыс бар екен?

-Қанша дауысты дыбыс, қанша дауыссыз дыбыс бар?


Дәптермен жұмыс

Дәптердегі 1-тапсырманы орындату.

Сергіту сәті «Сәлем, сәлем!» ( теледидардан қосу)

Дидактикалық ойын «

(Педагог жетекшілігімен)

Мақсаты: дыбыстарды ажыратып, атай алады.

Шарты: суреттегі заттарды атап, қандай дыбыстан басталатынын анықтау.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі 2-тапсырманы орындату.




«Дыбысты анықты» ойыны

Мақсаты: дауысты, дауыссыз дыбысты таба алады.

Шарты: қызыл және көк түсті дөңгелектермен «Бақа» сөзін жазу.

Көптілділік компонент: Бақа –лягушка-, frog, банан- банан- banana.


Балалар амандасады.

-Дыбыстармен және әріптермен.

-Дыбыстарды айтамыз және естиміз.

Әріптерді көреміз жазамыз.

Балалар ыдысқа таңырқай қарады.

-Жоқ біз бұл дыбыспен танысқан жоқпыз.

-Б-Б-Б

-Ия, білгіміз келеді.

-Бақа, банан, бөрік,биші,балапан т.б.


Екі буын бар. Ба-қа

Төрт дыбыс бар.

Екі дауысты және екі дауыссыз дыбыс бар.


Балалар тапсырманы қызығушылықпен орындайды.

Сергіту сәтін балалар қимылмен орындайды.

Балалар ойынды қызығушылықпен орындайды.

4К -коммуникация Тікелей бақылау.

Ерасыл атты балаға саралаудың -диалог түрін қолдандым.




Балалар дыбыстардың орынын дұрыс табуға тырысады.



Көптілділік компонент: Бақа –лягушка-, frog, банан- банан- banana.


Ұйым

дасты

рушы

лық ізденіс кезеңі


Іс-әрекетті бағалау

«Бас бармақ» әдісі арқылы өздерін бағалау.

-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?Б дыбысы қандай дыбыс?

-Б дыбысынан келетін қандай сөздерді білеміз?

-Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

-Кімге қандай тарсырма орындаған ұнады?

-Кімге қиын болды?

-Балалар бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатынасқандарың үшін мен сендерге медаль табыстаймын.

-Б дыбысымен.

-Дауыссыз дыбыс.

-Бақа, банан, бөрік,биші,балапан т.б.

Балалар оқу қызметінде еш қиындық болмағандығы жөнінде айтып береді.

Балалар өз –өздерін бағалап және ұйымдастырлған оқу қызмет ұнаған, ұнамағандығын бағалайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: сөздерге дыбыстық талдау жасауды біледі.

Қандай түсініктерді меңгерді: Аталған дыбысты заттармен сәйкестендіреді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «Б» дыбысының орнын таба алады.




































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2021
477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі