Білім беру саласы: Таным,
Денсаулық, Коммуникация, Шығармашылық.
Бөлімі: жаратылыстану,
денешынықтыру,сенсорика, сөйлеуді дамыту,
аппликация.
Тақырыбы:
Көліктер.
Мақсаты:
Балаларға көліктер туралы
білім беру, автобус көлігімен таныстыру.
Көліктерді салыстырып, ортақ
белгілері мен айырмашылықтарын табуға үйрету. Тілдерін
дамыту.
Көлік жүргізушілерінің еңбегін
бағалай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: көрсету,
түсіндіру, сұрақ –жауап, әңгімелесу, ойын, фланелеграфпен
жұмыс.
Көрнекіліктер: көліктер
түрлерінің суреттері, таратпа құралдар, фланелеграф, орман
дауыстары.
Мотивациялық –
қозғаушылық
Біздің топта,ұл
қыздар
Тату тәтті
ойнаймыз!
Айналаға бар
адамға
Тек жақсылық
сыйлаймыз!
Сәлеметсізбе,
балалар?
Д/О: “Ненің
дыуысы?”
Сонда бұл ненің дыбыстары болды екен?
Дұрыс айтасыңдар
Балалар көліктердің түрлері
өте
көп.Көліктер жерде, әуеде, суда
жүреді
екен.
Жерде жүретін
көліктерге:
Жеңіл көлік, велосипед,
пойыз,
автобус,троллейбус, жүк
көлігі.
Әуеде ұшатын көлік
түрлеріне:
Ұшақ,тік
ұшақ,зымыран.
Суда жүзетін көлік
түрлеріне:
Кеме, қайық
жатады.
Д/ойын: «Не
жетіспейді?»
Балалар көліктердің
жетіспейтін бөлшектерін атап құрастырады.
(поезд – вагондар,
ұшақ – қанаттары,
кеме – желкен)
Тосын сый: балаларға хат
келеді.
Ұйымдастырушылық – ізденістік:
-
Балалар, біздерге ормандағы
жануарлар жазған екен. «Біздің орманымыздың жанында көп көліктер
жүреді, ұлы газдар көп шығады. Сондықтан біздің ағаштарымыз солып,
ауырып құрап бастады. Орман біздің үйіміз ғой, көмектесіңіз бізге
балалар!
-
Балалар, көліктердің адамға
пайдасы да көп, зияны да көп:
-
Пайдалы
жағы:
-
адамдар баратын жерлеріне осы көлікпен жетіп
қалады.Ауыр жүктерін осы көліктермен тиіп апарады. Ауырған жағдайда біз жедел
жәрдем көлігін шақырамыз, өрт шыққан кезде
өрт сөндіру көлігін
шақырамыз.
-
Зиянды
жағы:
-
көліктерден шыққан түтін,
улы
газдар қоршаған ортаның ауасын
ластайды,
-
адамдардың ағзасына яғни ден саулығына кері
әсерін тигізеді.
-
Кейбір жағдайларда жол апатына ұшырап адамдар
қаза табады, сондықтанда жолдан откенде абай болып
өткен жөн. Үлкен қалаларға барғанда бағдаршамға қарап өту
керек.
-
Балалар, жануарларға қалай
көмектесеміз? Орманға барып, құраған ағаштар орнына кішкентай ағаш
егейік ия?
-
Балалар ал орманға немен
барамыз? (автобуспен)
Таратпа құралмен жұмыс:
автобустың дөңгелектерін
орналастыру.
Орманға автобуспен
бару.
Қоянмен
кездесу.
Фланелеграфпен жұмыс:
ағаштарды геометриялық пішіндерден құрастыру (дөңгелек және
тіктөртбұрыш) түстерін атау.
Сергіту сәті: Қоянмен
ойын.
Қорытындылау:
Топқа
келу.
Қол ұстасып
тұрайық,
Үлкен шеңбер
құрайық.
Кездескенше күн
жақсы
Сау саламат
болайық!
Мәртөк ауданы, Саржансай
ауылы, №5 «Балбөбек» б/б.
Ұйымдастырылған оқу
қызметі:
Тақырыбы:
Көліктер.
Тәрбиеші: Журунтаева
Ж.К.
2019
жылы