Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: "Ойнайықта,ойлайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге смарт бағдарламасымен математика сабағынан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Математика негіздері.

Ұйымдастырылған оқу – қызметінің тақырыбы: «Ойнайықта, ойлайық»

Ұйымдастырылған оқу – қызметінің мақсаты: Реттік санау қабілеттерін нығайту 0-ден, 5-ке дейінгі сандар. Сандарды тура және кері санау,сандардың көршілерін атау,түстерді ажырату.Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.Логикалық есте сақтау қабілетін дамыту,ертегі арқылы тілдерін дамыту,білімге деген құштарлығын арттыру.Зейінділікке, ойшылдыққа,қамқорлыққа,ұжыммен жұмыс істеуге

тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу – қызметінің әдіс тәсілі: Сұрақ -жауап, ертегі кейіпкерлерін жандандыру.

Ұйымдастырылған оқу – қызметінің түрі:жаңа сабақ

Ұйымдастырылған оқу – қызметінің жоспары:

І. Ұйысдастыру кезеңі

А) амандасу

Ә)шаттық шеңбері

ІІ Жаңа сабақ

А)кіріспе сөз

Ә)әңгімелеу

ІVОйын

А)Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын

Ә)құрылымдалған ойын

Б)Еркін ойын (күнің екінші жартысында)

V Сергіту сәті

VIТапсырма

VIIБекіту

VIII Қортындылау

І. Ұйысдастыру кезеңі

А) амандасу

--Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

--Сәлеметсіздерме қонақтар!

Шаттық шеңбері:

Қуан шаттан

Қуан шаттан

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң

Қайырлы күн

Күліп шықты күн бүгін

ІІ Жаңа сабақ

А)кіріспе сөз

-Балалар бүгін өте ерекше күн!

Біз сендермен саяхатқа барамыз.

Саяхатқа бару үшін қандай көлік түрлерімен баруға болады? (балалардың жауаптары тыңдалады)

--Дұрыс айтасыңдар балалар.

Ол үшін біз бәріміз геометриялық

пішіндерден ұшақ құрастырайық.

Ұшағымызды енді іске қосайық,

музыка әуені ойналады.

Ә)әңгімелеу

--Балалар қараңдаршы біз ертегілер еліне келіп қалдық.

--Балалар не көріп тұрсыңдар?

--Не естіп тұрсыңдар?

--Ата-әже: Неге жыламайық ,

Мен бауырсақ пісіріп, терезе алдына суытып қойып едім,оны түлкі алып кетіпті.

--Ата-әже жыламаңыздар,біз бауырсақты тауып береміз.

--Балалар ата-мен әжеге көмектесеміз бе?

--Олай болса бауырсақты бірге

іздейік, бізбен болыңыздар.

Музыка әуенімен қоян келеді:

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Мен орманда келе жатсам,қасымнан түлкі өтті,қолында сап-сары бауырсағы бар. Менің тапсырмамды орындап берсеңдер, сендерге көмектесемін.

--Балалар тапсырманы орындайсыңдар ма?

ІVОйын

А)Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын

Қоянның тапсырмасы:

Ойынның тақырыбы:«Адасқансандар»

Ойынның шарты:0ден, 5-ке дейінгі сандарды рет-ретімен орналастыру,тура және кері санау, және сандардың көршілерін атау.

Әңгімелесу

Музыка әуенімен қасқыр келеді:

Иіскеленіп мында не болып жатыр?Қоян сен не істеп жүрсің?

Қоян: Біз бауырсақты іздеп жүрміз.

Қасқыр: Менің бір шартым бар,тапсырманы орындасаңдар мен де көмектесем сендерге.

Ә)құрылымдалған ойын

Қасқырдың тапсырмасы:

Ойынның тақырыбы:«Ауызша есептер»

«Табақта 5 алма,қолымда 2 алма

Барлығын қосқанда,болады неше алма?»

V Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Орнымызда айналып,

Билеп, билеп аламыз,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Оңға қарай бір адым,

Солға қарай бір адым,

Жоғары –төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Әңгімелесу

Музыка әуенімен аю келеді:

Мұнда не болып жатыр?Қоян қасқыр сендер не істеп жүрсіңдер?

Аю: Мен де көмектесем,тек мына тапсырмаларды орындасаңдар.

VIТапсырма

Мына слайд бойынша көлемді

және кеңістікті бағарлау.(слайд көрсетіледі)

Әңгімелесу:

Музыка әуенімен түлкі келеді:

--Алло, мм, мана мен ата мен әженің терезеге қойған бауырсағын ұрлап алып кеттім.

Кешке кел, бауырсақпен шәй ішеміз.

Ата мен әже:Түлкі бауырсақты

бізге қайтарып берші?

Түлкі: Жоқ бермеймін,ол үшін менің тапсырмамды орындап беріңдер?

Б)Еркін ойын (күнің екінші жартысында)

Түлкінің тапсырмасы:

Ойын:«Кім

жылдам?» (жолақшалар арқылы жуан-жіңішке, ұзын-қысқа)

Түлкі: Жарайсыңдар балалар,

тапсырманы жақсы орындадыңдар. Мен ата мен әжеге

бауырсақты қайтарып беремін.

VIIБекіту

Тыныштық сәті: Кәнекей балалар

барлығымыз жайғасып отырайық

(музыка әуені жүріп тұрады)

--Балалар көздерін ашқан кезде

ортада түлкі мен бауырсақ тұрады. Бауырсақтың қолында балаларға арналған сыйлық болады.

--Көрдіңдер ме балалар, сендер барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар, түлкі сендерге риза болып, бауырсақты босатты.

Бауырсақ ата мен әжені көргеніне қуанады.


VIII Қортындылау

--Балалар бауырсақтың түсі қандай?

Бауырсақтың пішіні қандай?

Балалар біз саяхатқа немен бардық?

Қандай аңдарды кезіктірдік?

Қандай тапсырмаларды орындадық?

Нешеге дейінгі сандарды қайталадық?

Жүректен-жүрекке:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан,

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан,

Мықты болсын іргеміз,

Бәрімізде біргеміз!



22 «Балдырған»МДҰ











Білім беру саласы: Таным


Бөлімі: Математика негіздері


Тақырыбы: «Ойнайықта, ойлайық»











Тәрбиеші:Жақсымбетқызы Г

Тобы:мектепалды даярлық «Жұлдыз»

























Ақтөбе қаласы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2021
567
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12