Тәрбиеші: Жәнібекқызы Сәулеш
Білім беру саласы:
Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Ұшақ»
Мақсаты: Ұшақты дұрыс жабыстыра білуге
және оның бөліктерін дұрыс орналастыруға үйрету. Көліктер туралы
түсінік бекіту, ұсынылған тапсырмаларды дұрыс орындауға үйрету.
Тазалыққа және әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұшақтардың әр түрлі суреттері,
үлгі жұмыс, тұрлі – түсті қағаздар, ақ парақ,
желім.
Сөздік
жұмыс: ұшақ,
тікұшақ
Билингвальды
компанент: ұшақ- самолет, тікұшақ-
вертолет
Шаттық шеңбері
Арайлап таң
атты,
Алтын сәуле таратты!
Қайырлы тан, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
-
Жарайсыңдар, балалар енді
бәріміз орнымызға отыра қояйық. Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
-
Күз
мезгілі.
-
Күзде қандай өзгерістер болады?
-
Жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы
жаққа ұшады.
-
Басқа тағы қандай өзгерістер
болады?
-
Жаңбыр жауады.
-
Жарайсыңдар! Балалар қазір күз мезгілі. Күз
мезгілінде күн салқындап, жаңбыр жауады. Ағаштардың жапырақтары
сарғайып жерге түседі. Адамдар мен балалар жылы
киінеді.
Тәрбиеші: Мен сіздерге енді жұмбақ
жасырғым келіп тұр шешкілерін келеме?
Құстан аумайды,
Көкте зулайды.
(Ұшақ)
Балалар жұмбақтың шешуін
табады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар жұмбақтың
жауабын дұрыс таптыңдар. Сонда біздің ұшағымыз аспанда ұшып жүрген
құстарға ұқсайды екен. Балалар тақтада ілініп суреттерді көріп
отырсыңдарма, онда ненің суреттері бейнеленген
екен?
Балалар: Ұшақтар.
Тәрбиеші: Дұрыс айттыңдар бүгінгі біздің
ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті тақырыбы -
ұшақ
-
Ендеше балалар біз қазір осы ұшақтармен танысу
үшін ұшақтар әлеміне саяхат жасайық.
-
Балалар бұл ненің суреті, қайда ұшып
жүр?
-
Ұшақтың суреті, ол аспанда ұшып
жүр.
-
Олардың түстері қандай?
-
Қызыл, жасыл, көк, қоңыр.
-
Олардың кемелермен автобустан айырмашылығы
қандай?
-
Кеме суда жүзеді, автобус
жолда жүреді, ал ұшақтай аспанда ұшады.
-
Ұшақтың неше түрі бар?
-
Екі
түрі бар (саусақтарымен екі деп көрсетеді), олар: тікұшақ және
ұшақ.
-
Ұшақтың жүргізушісін кім деп
атаймыз?
-
Ұшқыш.
Жарайсыңдар балалар! Ұшақ – ол
аспанда самғап ұшады, көліктің бір түрі. Көліктер деп біз –
автобус, кеме, поезд т.б. жатады. Ұшақтың екі түрі бар: тікұшақ
және ұшақ деп аталады. Ұшақты жүрізетін адамды ұшқыш деп атаймыз.
Олар ұшақтарды жүргізіп ғана қоймай, аспанды қорғайды және ақылды,
білімді, мықты болады.
Тәрбиеші: Балалар сіздер ұшақ туралы
тақпақ білесіңдер ма, кім айтысы келеді?
Мағжан: Досым маған
ойыншық,
Ұшағын сыйлайды.
Айналам деп аспанды,
Шаршағанға ұқсайды.
Дільназ: Ұшқыр ойлы
Ұзақпай,
Ұқсамайды ешкімге.
Ұшақ жасап, ұзатпай,
Ұшырмақшы аспанға.
Бекжан: Ұшағым бар
ойыншық,
Ұшырмасам ұшпайды.
Бірақ оның ішіне,
Саусағымда сыймайды.
Дидактикалық
ойын: «Не қайда
ұшады?»
Сергіту
сәті: Құстай қанат
жазайық,
Ұшақ болып ұшайық.
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызды табайық.
Жарайсыңдар балалар енді орнымызға отырайық!
Ендеше біз қазір алдарымызда тұрған заттарды пайдалана отырып ұшақ
жабыстырайық. Бірінші мен сіздерге өзім жабыстырып көрсетейін содан
кейін сіздер жабыстырасыздар.
-
Балалар тәрбиішінің көрсетуімен ұшақтарын
жабыстырады.
-
Қәне, жабыстырып болсақ бәріміз ұшақтарымызды
жоғары көтеріп көрсейікші апайларға. Менің балаларым қандай әдемі,
ұқыпты етіп жасаған жұмыстарын жарайсыңдар!
Қорытынды:
Күтілетін нәтиже:
Білу
керек: Ұшақ әуе көлігі екенін білуі
керек.
Нені
игереді: Өз жұмыстарын тиянақты орындай
алады.
Нені
біледі: Ұшақты ұшқыш басқаратынын,
оларды аспанды қорғайтынын