400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Үү дыбысы және әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үү дыбысы және әрпі туралы ұйымдастырылған оқу қызметі. Документте мақсат, білімділік, тәрбиелік пен жабдықтар жайлы ақпарат пен материал, дамытушылық және жеке жұмыс бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

А шимова Гулнур Абилдаевна

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы

КМҚК «Мерей» бөбекжайы

Тәрбиеші






Ұйымдастырылған оқу – қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Сауат ашу негіздері»

Тақырыбы: «Үү дыбысы және әрпі»

Мақсаты:

Білімділік: Үү дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Аталған дыбысқа сөз ойлап табу арқылы сөздік қорларын молайту. Дамытушылық: Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Шыдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Жабдықтар: мазмұнды суреттер, кеспе әріптер . Қостілділік компонент: үстел – стол, үлкен – большой, үйренген – приучен, түлкі - лиса, жүгері -кукуруза, гүл-цветок, үтік –утюг.

Жеке жұмыс: ү дыбысын сөз арасында дұрыс дыбыстауға үйрету.

Сөздік жұмыс: сөздерді екі тілде бекіту.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

«Шаттық шеңбері»:

Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті,
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей бәріміз,
«Сәлеметсіз бе,»- дейік үлкенге:
"Сәлеметсіздер ме?

Балалар шаттық шеңберін жасап, өлең жолдарын қайталап, сұрақтарға жауап береді.





Ұйымдастыру - іздестіру

Дидактикалықойын:

«Күнді бұлттан қорғайық»

Ойын шарты: Өткенді қайталау мақсатында сұрақтарға жауап беру. Әр сұраққа жауап бергенде бір бұлттан алып отырамыз.

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Буыннан не құралады?

-Сөзден не құралады?

Тақтаға назар аударайық:

-Балалар ненің суреті шықты? 
-Үйректің. 
Үйрек сөзін хормен айтқызу. 
-Сендерге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр? 
-Ү ү дыбысы. 
Үү-хормен айту. 
-Қалай айтылып тұр? 
-Созылып, ендеше қандай дыбыс?

Жіңішке дауысты дыбыс?

- Ү –дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
Ү ү дыбысының таңбасымен таныстыру 
Үү Үү Тақтаға жазып көрсету. 
Қай дыбысқа ұқсайды? Ұ ұ дыбысына. 
Айырмашылығы не деп ойлайсыңдар? 
Ұ ұ жуан дауысты, белінде сызығы бар.

Жұмбақ шешу:

Халық қу деп, қылған күлкі,

Айласы көп, бұл не? (түлкі)

(дыбыстық, буындық талдау)

Түлкі ---------түл-кі.

Жарықта соқырмын,

Ұша алмай отырмын. (үкі)

Үкі -------- ү-кі .

Суретпен дыбыстық талдау жасау:

(карточкамен жұмыс)

Енді мына суретке қараңдаршы.

Үйрек сөзіне дыбыстық талдау жасау 
Үкі ,күріш, түлкі ,жүрек ,
Үйрек, күміс, күлкі ,күрек ,гүл,
Үйшік ,күшік ,түйме, жүзік ,

Тіл ұстарту жаттығуы:

1.Үз – үз – үз,

Жаңбырлы Күз

2.Үн – үн – үн
Ыстық күн.

3.Ие – ие – ие,
Маң – маң басқан түйе.

4.Ле – ле – ле
Үкілі сәукеле.

- Ү дыбысын қандай түспен белгілейміз? - Қызыл түспен белгілейміз де қызыл үйге кіргіземіз.

- Ү дыбысы сөздің қандай буындарында жазылады?

- Сөздің басқы және орта буындарында жазылады.

Сергіту сәті:

Ал балалар бір ауық,

Әріп сырын ұғайық.

«А»дегенде отырып,

«Б»дегенде тұрайық.

«А-Б», «А-Б»,

Отырып тұр тағы.

Ү - дыбысының әріп таңбасымен, жазылу элементтерімен таныстыру.

Дәптермен жұмыс .

Ауада жазып қол жаттықтыру;

Ү дыбысының үлкен және кіші әріптерін жазу.
Тақтада жазу.

Тірек - сызба бойынша сөздерді оқыту, мағынасын айту. (үн, үш, үр, үз, үй) Ү - н, з, й, р, ш, к

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Ойын шарты: кез- келген айтылған әріпке байланысты тез әрі жылдам сөздер айту.













Көреміз.жазамыз.

Естиміз,айтамыз.

Дауысты,дауыссыз болып екіге бөлінеді.

Сөз құралады.

Сөйлем құралады.


-Үйректің.









Балалар тәрбиешіні мұқият тындайды.






Балалар жұмбақтарды шешеді.

Дыбыстық, буындық талдау жасайды.


– Үкі


Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.




Балалар тіл ұстарту жаттығуын орындайды.



(хормен айту)






Балалар сұрақтарға жауап береді.






«Ү» әрпінің баспа, жазба түрлерін дәптерлеріне жазады.





Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.


ү дыбысы бар сөзді шапшаң ойлап айтулары керек. Балалар ойынды қызыға ойнайды.


Рефлексивті - түзетушілік

- Бүгін қандай әріппен таныстық?

- Ү дыбысы қандай дыбыс?

-Дыбыс дегеніміз не?

- Ү дыбысы қалай айтылады?

- Ү,і әрпін ауада жазып көрсет.

Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар.

Тыныштық сәті:

Баяу әуен қойылады.  Балалар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. «Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін.  ұйымдастырылған оқу қызметінде көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»


Балалардың жауаптары.








Балалар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар Үү дыбысы және оның әріп таңбасын біледі.

Қандай түсініктерді игерді: балалар ү дыбысына басталатын сөздер және оларға дыбыстық талдау жайлы түсініктерді игерді. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Балалар сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге дағдыланды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі