Ұйымдастырылған
оқу қызметінің жоспары
Тақырыбы:
Менің
отбасым
Тобы:
Ересектер тобы
Білім
беру саласы:
Әлеуметтік
орта
Мақсаты:
Балаларды
өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары,
олардың жақсылығы мен қайырымдылығы,
мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты
сөздерді қолдануға үйрету.
Өзінің
отбасы мүшелерінің бір-біріне қалай
көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға
жауап беруге, басқа балалардың да отбасы
туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге
ынталандыру.
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,
көрсету, ойын.
Көрнекі-құралдар:
Отбасы мүшелерінің суреттері. Үлкенді
құрметтеу, сыйлау туралы суреттер.
Техникалық
құрал-жабдықтар: АКТ,
Интербелсенді
тақта, ноутбук, принтер
Оқу
қызметінің түрі: Жаңа
сабақ
Кіріспе
бөлім:
Тәрбиеші:
-
Сәлеметсіңдер
ме, балалар?
П
сихогимнастика.
- Балалар,
мына пиктограммада не көріп тұрсыңдар?
(Тәрбиеші
пиктограмманы көрсетеді)
- Қараңдаршы,
әрқайсысы әртүрлі ма, балалар? (Балалар
адамның эмоциясын айқындап айтып береді)
- Олай
болса, жылап тұрған баланың түрін
салыңдаршы?
- Ата-анасын
тыңдамайтын бұзық баланың түрі қандай
болады екен, балалар?
- Ал
енді, өзіміздің көңіл күйімізді әдемі,
сұлу күлкімізбен көрсетейікші.
- Жарайсыңдар,
олай болса, біз бүгін осындай керемет
көңіл- күйімізбен оқу қызметімізді
бастаймыз.
Тәрбиеші:
Балалар,
отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, жылы сөздерді
сендерге кімдер айтады?
-Иә,
балалар сендерге жылы сөздерді аталарың,
әке, әжелерің аналарың айтады екен.
-Ал,
осы адамдарды бір сөзбен кімдер деп
айтамыз?
ІІ.Негізгі
бөлім. -Онда
бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз кімдер
туралы әңгіме қозғайды екенбіз?
Балаларды
екі орталыққа бөлемін.
Бірінші
орталықтағы балаларға отбасы бейнеленген
суреттерді қарастырып,өздерінің отбасы
мүшелерінің қызметтері мен қарым-қатынастары
туралы айтып беруді тапсырады.
Екінші
орталықтағы балаларға бірнеше қуыршақтарды
пайдаланып,отбасы мүшелерін топтастыру
және олардың отбасындағы туыстық
қарым-қатынасын анықтап айтып беру
тапсырылады(әңгімелесу барысында
амандасу,қоштасу,алғыс айту секілді
әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен
сыпайылыққа қатысты сөздерді пайдаланады)
Сергіту
сәті
Иіліп
оңға бір, иіліп солға бір,
Жаттығу
жасаймын.
Оң
аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу
оңай-ақ.
Жұмбақ:Жауаптарды
слайд арқыды көреді
1.Ол
өте мейірімді, ақ шашты, көзінің
айналасында ұсақ әжімдері бар, сендерге
жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында
ертегі айтып береді.
-Бұл кім?
-
Ал сендердің әжелерің не істей алады?
(балалардың жауаптары, тәрбиеші толық
жауап беруін талап етеді )
2.Ол
көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды,
көптеген қызықты тарихи оқиғаларды
біледі. Ол әжеге көмектеседі, немерелеріне
таттілер алып береді.
- Кім бұл?
Ол сен үшін ең
қымбат адам.Үнемі үй тірлігімен
айналысады, -Бұл жұмбақ кім туралы?
-Сендер өздеріңнің
аналарыңды қандай мейірімді сөзбен
атайсыңдар? (Анашым, анатайым).
-Аналарың
сендерді қалай еркелетеді? (балалардың
жауаптары)
- Және соңғы жұмбақ..
Ол
салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын
сендермен өткізеді: сендерді циркке
апарады, демалыс кезінде барлық отбасын
табиғатқа алып шығады.
-Бұл кім?
-Дұрыс - Ал сендердің әкелерің
қандай? (күшті, батыл, мықты,...)
-Бәрекелді,балалар
жұмбақтарды дұрыс шештіңдер.Сендер
ақылды,білімді балалар болып осіп келе
жатыр екенсіңдер балалар,жарайсыңдар.
Қане,балалар
шаршаған шығарсыңдар бір сергіп
алайық(Слайд корсету)
«Алма
ағашы әдісі»
-Мынау
не екен өзі? -Балалар ашып көреміз
бе? -Бұл не екен өзі? Балалар сендер
білесіңдер ме? Қане,ашып көреміз бе?
--Ой,балалар бұл суретте не бейнеленген?Қане
айтыңдаршы?(Алма ағашы) -Дұрыс
айтасыңдар,балалар
–Алма
ағашы кандай үлкен? Балалар біз алма
ағашына су құймасақ,оған қарамасақ
дұрыс оспейді.Сол сияқты отбасына да
қамқорлық,мейірім,жылулық қажет.Сонда
ғана отбасымыз маңгіге сақталады.
-
Қане,балалар отбасы мүшелерінің
суреттерін ілейікші. –Ой,жарайсыңдар
балалар.Енді ойын ойнап бір сергіп
алайық
«
Кім жоқ»дидактикалық
ойын:
Тақтада отбасы мүшелерінің суреттері
ілулі тұрады.Балалар көздерін
жұмады.Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы
мүшесінің суретін алып тастайды.Балалар
көздерін ашып,мұқият қарап шығып,кімнің
суреті жоқ екенін айтады. -Жарайсыңдар
балалар,есте сақтау қабілеттерің өте
жақсы дамыған екен.
Сергіту
сәті:
Алма
баққа барайық,
Алма
теріп алайық
Ең
үлкен алманы
Анамызға
сыйлайық
Жарайсыңдар,балалар!Ата-әжелеріңді,әке-аналарыңды
жақсы көретіндеріңді білдірдіңдер.
Енді,балалар,осы отбасы мүшелеріне
әрқайсымыз жақсы тілектерімізді
айтайықшы: 1.Тату болайық 2.Бір-бірімізді
ренжітпейік 3.Бақытты болайық 4.Ата-анамыз
қасымызда болсын 5.Отбасымызда бірлік
болсын.
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:
отбасы мүшелерін
атап, олардың
не істейтінін айта біледі;
Игереді:
үлкенге
құрмет,
кішіге ізет көрсету
керектігін игереді;
Меңгереді:
суреттерді сөйлетіп,
отбасы мүшелерін
– әже,
ата, әке,
ана, аға,
әпке,
іні,
сіңлі,
қарындасты
ажыратып, оларды орынды атай алады.