400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ғажайып математика 
Мақсаты: 1 ден 3 ке дейін санауды біледі және қайталай алады. Логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыта алады, шапшаң, ұқыпты болуға тырысады.
Қажетті көрнекі құралдар: цифрлар, суреттер
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс-әрекеті 

Сәлеметсіздерме балалар!

Балалар бізде қазір математика сабағы.

Қане математика сабағында айтатын ұранымызды айтайық:

Математика керек әр күнге

Математика қажет өмірде

Математиканы оқимыз

Миымызға тоқимыз.

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? 

Күзде қандай құбылыстар болады? 
-Дұрыс, балалар. 
Балалар бүгін бізде ерекше сабақ. Балалар алдымен мен сендерге жұмбақ жасырамын ал сендер шешуін табыңдар. 
Әжесінен қашып кетті 
Атасынан қашып кетті 
Кездестіріп біраз аңды 
Біраз жолдан асып кетті 
Бұл қай ертегі?
Бауырсақ ертегісі 
Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ғажайып сәт 
Шырмадан Бауырсақ пен Түлкі шығады. Балалармен амандасады. 
Сәлеметсіздер ме балалар? 
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме! Балалар, бұл қай ертегінің кейіпкерлері? 
-Дұрыс, балалар бұл бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері
Бауырсақ: Сәлеметсіздер ме балалар, сіздер білесіңдер ғой ертегі желісінде мені түлкі жеп қояды. Ал, енді біз түлкі екеуіміз келісіп ол мені жемейтін болды. Бірақ мен оған мына тапсырмалар арқылы ойындар ойнауға шақырамын. Сендерден көмек сұрап тұрмын, маған көмектесесіңдер ме? 
Түлкі: Балалар, егерде сендер дұрыс жауап бере алмасаңдар мен бауырсақты жеп қоямын. 
Тәрбиеші: Ал ендеше балалар сендер мұқият болындар. 
Тәрбиешінің жетекшісімен ойын: «Ойнада ойлан»

Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыта алады.

Балалар мен сендерге қазір математикалық жұмбақтар жасырамын, сендер мұқият тыңдандар. 

1. 2 мысықтың құйрығы нешеу? 
2. 1 балада неше құлақ? 
3. 3 сиырдың басы нешеу? 
4. 1 балада неше қол? 

5. Аспанда неше ай бар?

6. Адамда неше көз бар?

7. Бір тауықта неше аяқ болады?

8. Ұшбұрышта неше бұрыш бар?

9. Екі қойдың басы нешеу?

10. Дөңгелекте неше бұрыш бар?

Бауырсақ: Көрдіңбе,түлкіжан менің достарым маған қалай көмектесіп жатыр 
Түлкі:Ерте қуанба мен де әлі көп тапсырмалар ойындар бар. 
Тәрбиеші: Балалар ал енді келесі тапсырмаға дайын болыңдар. 

«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай біледі. Бояумен таза ұқыпты жұмыс істей алады.

Shape1






Shape2






Shape3







Shape4







Құрылымдалған ойын:

«Математикалық пазл»

М ақсаты: Балалардың бірден үшке дейін сандарды құрастыра алады. (әр балаға әртүрлі суреттер)








1

2

3




Түлкі: Бауырсақ менің тапсырмаларым аяқталды. Сенің жолын болды. «Көбелек» тобының балалары саған көмектесті. Бірақ ендігіде алдымнан тағы шықсан мен сені жеп қоямын. Балалар сау болыңдар. 
Бауырсақ: Балалар сендерге рахмет. Мен өте қуаныштымын. Сендерге сыйлығым бар сабақтың соңында апайларын сендерге таратып береді. сау болыңдар.
Тәрбиеші: Тағы да көмек керек болса бізге кел, біздің балалар саған көмектеседі.

Балалар сендер бүгін сурақтарға жақсы жауап бердіңдер.

Тапсырмаларды тамаша орындадындар.

Бәрінде жарайсыңдар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.11.2020
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі