|
Негізгі
кезеңі:
|
- Балалар, мен сендерге жұмбақ
жасырамын, ал сендер оның жауабын шешуге
тырысыңдар.
- Адамдардың бәрі
қызығады, су құймасаң сәні бұзылады. Бұл
не? -
Дұрыс. Жарайсыңдар, ендеше
бүгін біз бөлме өсімдіктерімен таныс
боламыз.
Өсімдік өмір сәні,
табиғат көркі, дәрі - дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп
көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш
сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Олардың көптеген түрлері
болады. Енді балалар тақтаға назарымызды аударайық, міне, мынау
фикус гүлі. Гүлінің түсі қызыл, хош иісті болып келеді
екен.
Фикус гүлі өте
әдемі, бөлмемізді әдемі етіп тұрады. Ал мынау, алоэ
өсімдігі.
Жапырақтары тікенді
болып келген, бірақ тікені қолымызға
кірмейді.
Алоэның емдік
қасиеті бар, дәрі-дәрмек. Егерде, жүгіріп бара жатып, жарақат алған
жағдайда осы алоэ кескінін кесіп алып, жарақат алған жерге тигізіп
бір-аз уақыт ұстап тұрсақ жазылады екен. Міне, өсімдіктердің
осындай адамға деген пайдасы бар екен. Енді, гүлдің сырт келбетімен
танысайық.
Тамыры - сабағы -
жапырағы - гүлі. Балалар, ендеше осы айтып отырған гүлдеріміз
біздің бөлмемізде бар ма? Мұқият қарайықшы, кім көріп
тұр?
Осы мезетте Қоян есікті қағып келеді. Үнтаспаға жазылған ұшақ
дыбысы жіберіледі. Қоян: Саламатсыздарма балалар.
Үйіме, үйдің шатырына ұшып бара жатып (қолмен жоғары жаққа
көрсетеді), сендердің терезелеріңнен өте әдемі бөлме өсімдіктерін
көріп, жақынырақ көруге келдім. Мен де үйіме гүл өсіргім келеді,
бірақ мен күту, баптау ережелерін білмеймін.
- Қоян, сен мұңайма. Балалармен бірге отырып көріп, үйренуіңе
болады.. Қызыл – жасыл гүл егіп,
Баптап, күттік, түрлеттік,
Қалмасын деп қуарып,
Апта сайын суардық.
Арасында гүлдің,
Ойнап бүгін жүрдім
Қызыл, көкшіл, сары
Әп- әдемі бәрі.
Үйде тұрып өсетін,
Әкеп гүлдің көшетін
Топырақты салдым да,
Отырғыздым қалбырға.
- Енді Қоянға өсінді отырғызу
жолын көрсетейік. Балалар, жақсы көріну үшін қасыма, үстелге
жақынырақ тұрыңдар.
Практикалық әрекет: Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет.
Ыдысты алып, ішіне жай даладағы топырақ емес, құнарлы топырақ
саламыз, жақсы өсу үшін. Содан соң, топырақ ортасына құдықша жасап,
гүл өсіндісін отырғызамыз (тамырын көрсету). Енді, осы гүлімізді
табиғат бұрышына қояйық. Балаларға сұрақ: Балалар, гүл отырғызып,
тек осылай қоямыз ба екен?
- Дұрыс айтасың, балалар
егерде біз тамақ ішпесек не болады екен
бізге? -
Әлсізденеміз, ауырып қаламыз
екен. Ал, егерде тамак ішсек, күшіміз көп болады, бойымыз өседі.
Сол сияқты өсімдіктер адам сияқты тамақ ішпесе, ауырып қалады. Су
құйып, күтіп,баптап тұру қажет екен.
Күту
ережелері:
Гүлдердің жапырақтарының шаңын сулы мақтамен сүртеді
Жапырақтары ұсақ өсімдіктерді су шашатын ыдыспен бүркеп-шашып
жуамыз
Суды жапырақтарына тигізбей топырағына
құяды -
Жарайсыңдар, бәрін көріп, ұғып
алған екенсіңдер. Қоян: Балалар, мен сендермен бір
сергіп алғым келіп тұр.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам,
Қанатты бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
|