400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Дұрыс тамақтану, дәрумендер Мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне арналған әдістемелік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп алды даярлық тобына арналған оқу қызметінің конспектісі

Күні:

15.11.2018

Тәрбиеші:

Габдулина Ш.Б.

Білім беру саласы:

Денсаулық

Бөлімі:

Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Өтпелі тақырыбы:

Дені саудың жаны сау

Оқу қызметінің тақырыбы:

Дұрыс тамақтану, дәрумендердің пайдасы


Мақсаты:

Дұрыс тамақтану мен дәрумендердің пайдасын түсіндіру

Педагогикалық технология:

Әңгімелесу, түсіндіру. Аспаз мектеб3не саяхатқа бару.

Жұмбақтар шешу, сурет бойынша әңгіме құрау.

Ресурстармен қамтамасыз ету

Көкөністер, жемістердің суреттері

Көптілдік:

Дәрумендер - витамины

Алма – яблоко - (эпл), алмұрт – груша - (пэя), банан – банан -(банана), жүзім – виноград - (грейп), сәбіз – морковь - (кэрәт), қияр-огурцы - (кюкамбә), қызанақ – помидор - (таматоу), қызылша-свекла - (бит).

Оқу қызметінің барысы

Ұйымдастыру кезеңі:


«Шаттық шеңбері»
Шуағын шашады,
Күн шықса жиектен.
Жылу алып нұрынан,
Денсаулықты түлеткем.
Денсаулық — ол күлуің,
Көңіл — күйің жадырай,
Денсаулық — ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
— Балалар, осы жақсы көңіл-күймен бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетімізді бастаймыз. Бүгінгі жаңа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде дұрыс тамақтану және дәрумендердің денсаулығымызға деген пайдасын білетін боламыз

Негізгі кезеңі:






- Дәрумендер — дегеніміз не? Орысшасы қалай аталады?

- Дәрумен – Витамин.

- Балалар, сендер балапан телеарнасын көресіңдер ме?

- Олай болса, мына әуенді тыңдап көріңдерші,бұл қай бағдарламаның әуені?

- Аспаз мектебі.

- Дұрыс айтасыңдар,ал балалар сендер аспаз мектебіне қонаққа барғыларың келе ме?

- Олай болса біз бүгін аспаз мектебіне саяхатқа барамыз.

Саяхатқа біз машинамен барамыз. Ал балалар жолға шығайық.

Міне балалар аспаз мектебіне де келіп жеттік.

Аспазша апай: Салеметсіздер ме, балалар! Қош келдіңдер!

- Салеметсіз бе!

- Балалар, сендердің дендерің сау болып, мықты болып өсу үшін не қажет?

- Дұрыс тамақтану, дәрумендер қажет.
Аспазша апай: Сендер тамақты күніне неше мезгіл ішесіңдер?

- Төрт мезгіл. Таңғы ас, түскі ас, бесін ас, кешкі ас.

Аспазша апай: Дұрыс. Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар. Сендер қандай дәрумендерді білесіңдер?

- АВСДЕ дәрумендерін.

Аспазшы апай: Дәрумендер туралы тағы не білесіңдер?

Тәрбиеші: Біздің балалар дәрумендер туралы тақпақтар біледі.

Дәрумендер тірегің,
АВСДЕ деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.

А — сы қажет көзіңе,
В — сы қажет жүйкеге
С — дан микроб безінер,
Д — сүйекті нығайтар.

А — болады асқабақ,
Өрік, айран, салатта.
В — балық, картоп, асбұршақ,
Сиыр еті жаңғақта.
С — апельсин, алмұртта,
Д — балық майында,
Е — қарақаттан табылар.


Аспазшы апай: дәрумендерді біз қайдан аламыз?

- Жемістерден, көкөністердер.

- Ал қандай жемістерді, көкөністерді білесіңдер?

Тәрбиеші: Біздің балалар көп жемістер мен көкөністерді біледі үштілде атауларын атап бере алады.(сурет б-ша үштілде атауларын атайды.)

Алма – яблоко - (эпл), алмұрт – груша - (пэя), банан – банан -(банана), жүзім – виноград - (грейп), сәбіз – морковь - (кэрәт), қияр-огурцы - (кюкамбә), қызанақ – помидор - (таматоу), қызылша-свекла - (бит).

Аспазшы апай: Ал енді балалар,осы жемістерден, көкөністерден не жасауға болады?

- Шырын, салат.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз аспазшы апаймен бірге түскі асқа салат жасаймыз. (балалар аспазшы апаймен,тәрбиешімен ұжымдық жұмыс жасайды).

- Балалар, сендер қандай жемістерден жасайсындар?

Балалар: Алмада «С»дәрумені бар, алма жесек денсаулығымыз мықты болады, ешқандай микробтар жоламайды.

Банан, киви, жүзімде «В»дәрумені бар, «В» дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары, жүйке жолдары, қан айналымдары күшейіп, жақсы жүгіретін болады. Йогуртта да дәрумендер көп.

- Ал, балалар сендер қандай көкөністерден салат жасайсыңдар?

Балалар:

Қызанақта «А»дәрумені бар, оны күнде жесек біздің көзіміз жақсы көретін болады.

Қиярда «В»дәрумені бар, ол бізге өте пайдалы.

Пияз жесек бізге тұмау жоламайды.

(ұжымдық жұмысты аяқтап, келген қонақтарға салаттан дәм таттыру).

Тәрбиеші: Балалар, біздің денсаулығымыз мықты болу үшін дәрумендерді қабылдаумен бірге дене қозғалысына мән беруді естен шығармауымыз керек. Қане барлығымыз денемізді қыздырып, сергіту жаттығуымызды жасайық.

Сергіту сәті:


Тәрбиеші: Балалар аспазшы апайдың бізге дайындаған тосын сыйы бар екен.Ал ол тосын сый тақтада жасырулы тұр.Ол не екенін білу үшін,біз тапсырманы орындауымыз керек . Сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар қандай тосын сый екенін білетін боламыз.


Жұмбақ шешу.

І — ші бөліктегі тапсырма
Бұйра шашы желменен ойнап тұрады,
Қызыл мұрны жерге бойлап тұрады. (Сәбіз).


Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз).


Аласа талда алуан алма,
Ал қызыл болмай аузыңа салма (Қызанақ).


- Қараңдаршы, балалар, сендер жұмбақты дұрыс шешкен соң жасырылған тосын сыймыз ашылды.

Аспазшы апай: Балалар естеріңде болсын, түрлі хот-дог, чипсы сияқты тағамдарды және кола сусындары біздің ағзамызға кері әсерін тигізеді. Бұл тағамдардан әрдайым аулақ болған жөн! Сондықтан да дұрыс тамақтану керек. (тосын сыйын таратады).

Тәрбиеші: Балалар біздің топқа қайтатын уақытымыз болды.

(Аспазшымен қоштасып, топқа қайту).

Қорытынды кезеңі:



- Балалар бізқайда саяхатқа бардық?

- Кіммен кездестік?

- Саяхат сендерге ұнады ма?

- Олай болса біз ойын ойнайық.


Ойын: «Пайдалы және зиянды тағамдар»

Шарты: Пайдалы тағамдарды азық таситын арбаға жинаймыз,ал денсаулығымызға кері әсерін тигізетін тағамдарды қоқыс шелегіне жинаймыз.
- Рахмет, балалар!
Сендер тапсырманың барлығын жақсы орындадыңдар.


Балаларды мадақтау


Жасайды: Көкөністерді, жемістерді атайды


Түсінеді: Көкөністердің, жемістердің қандай дәрумен болатының біледі


Қолданады: дұрыс тамақтанудың, дәрумендердің адам ағзасына пайдасын, олардың қандай тағамдарда болатынын біледі







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
1987
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі