Материалдар / Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі (II кіші топ) Тақырыбы:«Лунтиктің сыйлығы»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі (II кіші топ) Тақырыбы:«Лунтиктің сыйлығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін логопедтерге арналған материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
402
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Алданыш» бөбекжайы КМҚК



















ІІ-кішкентайлар тобы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Коммуникация» білім беру саласы

Тақырыбы: «Лунтиктің сыйлығы»





















Логопед: Акимжанова Г.С.









Қарағанды қаласы







Мақсаты: Балаларға, балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме екені жайлы түсінік беру.Міндеттері:
  • Тіл дамуы бар балалардың түстерді еске түсіріп, оларды ажыртауға үйрету. Бірігіп жұмыс жасай алуға, тыңдауға үйрету.
  • Сипаттық сөздіктерін белсендендіру. Фонематикалық есту қабілетін, есте сақтау, сипап сезу қабілеттерін дамыту; Ұсақ-жалпы моторикаларын дамыту; Сөз тіркестерін жасауды үйрету.
  • Жәндіктерге мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: көбелек, маса, гүлдер, қорап, есек.Құралдар: экран ,түрлі-түсті гүлдер, айналар, суреттер.Қостілдік компонент: көбелек-бабочка, маса-комар, гүл-цветок, сары-желтый, сыйлық-подарок.

Зал тақырыпқа сай безендірілген. Балалар логопед маманының нұсқауымен залға кіреді. Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіпті. Кәнекей амандасайық.
  • Сәлеметсіздер ме. Здраствуйте.
Тамаша балалар. Сендер менімен саяхат жасағыларын келеме?-иә.



Ендеше біз ғажайып орманға баруымыз керек, ол үшін бәріміз бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап көзімізді жұмайық.-балалар көздерін жұмады. Музыка ойнады. Балалар логопед маманының нұсқауымен көздерін ашады.-ой, балалар қараңдаршы, мынау гүл алқабы. Бұл жерде түрлі-түсті гүлдер көп екен. -гүлдің үстінен не көріп тұрсыңдар?

- көбелектерді көріп тұрмыз.-көбелек орыс тілінде қалай айтамыз?

-бабочка.Көбелектер әдемі екен. Балалар көбелектерді қолға алып үрлеп көрейікші. Тыныс алу жаттығулары:«Көбелектер»



Тамаша балалар ал енді көбелектерді гүлдерге қайтадан қояйық.Музыка ойнайды. Экран бетінен Лунтиктің бейнесі шығады. Балалар қарандаршы мынау кім? –Лунтик. Ол хат жазып отырған тәрізді кәні мұқият тыңдап көрейік не жазып отыр екен. Балалар менің сендерге арналған бірнеше тапсырмаларым бар сол тапсырмаларды орындасандар менің сендерге дайындағам сыйлығым бар- депті.





































  • Балалар сендер алғашқы тапсырманы дұрыс орындадыңдар, енді
келесі тапсырманы орындау үшін алдыға қарай жүрейік. Мына ағаштың түбірінің қасында не жатыр? Кәнекей отырып қорапшаны көрейік.-ағаштың түбірінде қорапша жатыр. Балалар барып отырады.







Лунтик айтқан сыйлығы осы шығар. Жоқ бұл жерде келесі тапсырма бар екен. Ендеше айнаға қарап, менімен бірге қызықты жаттығуларды орындайық. Суреттерде (күрекше, шарбақ, сыбызғы, есектің суреті).
  • Балалар айнаға қарап артикуляциялық жаттығуларды орындайды.




  • Мынау не?
  • Есектің суреті.
  • Есек қалай дыбыс шығарады.
  • Ие-ие-ие
  • Тамаша балалар. Ал келесі суретте не көріп тұрсыңдар?
  • Күрекше. Кәнекей бәріміз бірге орындап көрейік.


«Күрекше»
  • Бастапқы жағдай. Ауызды ашу, жымию. Тістерді сәл көрініп тұру керек.
  • «Бір» дегенде тілді күрекше тәрізді,төменгі ерінге қоямыз және тілді қимылдатпау қажет.
  • «Екі» дегенде ауызды жабу.
Тіл алға созылған кезде, қол кеуде тұсына дейін көтеріліп, қатар қоямыз. Тілді ауыз қуысына кіргізгенде, қолды төмен түсіріміз.



























«Сыбызғы» мен «Шарбақ»
  • Бастапқы жағдай. Қол төмен түсірілген.
  • «Бір» дегенде ерінді алға созамыз. Ал қолдың саусақтарын түйістіреміз.
  • «Екі» дегенде тістерді көрсетеміз. Қолымыздың саусақтары ашылады.
  • Жаттығу 3-4 рет үзіліссіз қайталану керек.






































Бәрекелді балалар сендер тапсырманы дұрыс орындадындар. Мына қорапты тағы да тапсырмалар бар екен. Бәріміз бірге орындап көреміз бе? Сендер дайынсындар ма?
  • Иә, дайынбыз.
Мына қорапта түрлі-түсті гүлдер көп екен. Ойын «Түрлі-түсті гүлдер».Сендер түстер бойынша гүлдерді құрастырыңдар. Мына гүлдердің түсі қандай?
  • Сары, қызыл.
  • Орыс тілінде ше?
  • Желтый, красный.
Балалар үлгі бойынша гүлдерге түймелерді түстері бойынша қойып шығады. Өте әдемі гүл жасап шықтындар. Ал енді жинап қояйық.











































Ой, балалар мынау ненің дыбысы, ұшып жүрген не?
  • Маса
  • Дұрыс айтасындар балалар ал маса орыс тілінде қалай айтамыз?
  • Комар.
  • Маса қалай дыбыс шығарады?
  • З-з-з....
Экранда ұшып жүрген масаның суреті шығады. Ал ендеше балалар бізде маса сияқты ұшып көрейікші. Тамаша балалар сендер тіпті масадан аумай қалдындар. Тапсырмаларды дұрыс орындап жатырсындар. Шаршап қалған боларсындар. Бойымызды бір сергітіп алайық. Сергіту сәті.Кәне қанат жазайық.Біз масаға ұқсайықӘрі-бері ұшайық-З-З-ЗТынығып енді алайық. Тамаша балалар бойымыз сергіп қалды.



























Экран бетінен лунтик шығады. Балалар өте жақсы. Масаға қатты ұқсап кеттіңдер гой, сендер тапсырмаларды дұрыс орындап жатырсындар. Жарайсыңдар! Ал енді балалар сендер ән салу білесіңдер ме? Мен сендердің ән айтқандарынды естігім келіп тұр.Ендеше біз Лунтикке ән айтайық, дайынсындарма балалара?
  • -иә дайынбыз.
  • За-За-За Зо-Зо-Зо Зу-Зу-Зу
Бәрекелді, балалар! Балалар менің жасырған сыйлығымды тауып алыңдаршы. Балалар жақсылап жан-жақтарынпа қараңдаршы. Балара ағаш тібінен қорап тауып алады, ішінен Лунтиктің суреті шығады.





































  • Ал енді Лунтикке рақмет айтып қоштасайық. –сау бол Лунтик.
  • балалар өз балабақшамызға оралатын уақыт келді. Көзімізді жұмайық, шыр көбелек айналайық.
  • біз Лунтиктің барлық тапсырмаларын орындай алдықпа?
  • иә.
  • біз ненің дыбысын салдық?
  • масаның дыбысын
  • маса қалай дыбыстайды? Еске түсірейікші.
  • З-З-З...
  • сендер бүгінгі оқу қызметінде жақсы қатысып, өздеріңді көрсете білдіңдер. Мен сендерге ризамын.
  • қонақтармызбен қазақ, орыс тілінде қоштасайық.
  • сау болыңыздар
  • досвидания.






Күтілетін нәтиже:Білу: масаның қалай дыбыс шғаратыныы.Дағдыны игеру: түстер бойынша гүлдерді құрастыру.Істей білу керек: артикуляциялық, тыныс алу жаттығуларын дұрыс орындау.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!