400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Мемлекеттік рәміздер Мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған ортамен танысу ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне арналған әдістемелік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп алды даярлық тобына арналған оқу қызметінің конспектісі

Күні:


Тәрбиеші:

Габдулина Ш.Б.

Білім беру саласы:

Әлеуметтік орта

Бөлімі:

Қоршаған ортамен танысу

Өтпелі тақырыбы:

Менің балабақшам

Оқу қызметінің тақырыбы:

Мемлекеттік рәміздер


Мақсаты:



Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені туралы түсінік беру, балалардың Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру; мемлекеттік рәміздердің мән - мағынасын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту; балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.

Педагогикалық технология:

көрсету, түсінік беру, әңгімелеу, сұрақ –жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Қазақстан картасы.

Көптілдік:

Республика, рәміз - символ, елтаңба - герб, ту - флаг, әнұран - гимн

Оқу қызметінің барысы

Ұйымдастыру кезеңі:


Шеңберге шығып бір-біріне әдемі тілектерін айтады.

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң балалар!

Негізгі кезеңі:






-Балалар,біз ,қай елде тұрамыз?
-Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-Қазақстан қандай ел?
-Қазақстан егеменді ел.
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Қазақстан тәуелсіз мемлекет.
-Қазақстан көп ұлтты мемлекет.
-Қазақстанның Елордасы қай қала?
-Елордамыз- Астана
- Елбасымыз кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Әрбір мемлекеттің мемлекет екендігін білдіретін өздерінің Әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз қазір тұрып ән тыңдайық.Ол-Республикамыздың Әнұраны,Әнұранды салтанатты жағдайларда орындайды,оны орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз. (Әнұран тыңдалады.)
-Енді балалар, орнымызға отырамыз.
-Ән сендерге ұнадыма?( Балалардың жауабы.)
-Мына суретке қараймыз.Бұл Қазақстан Республикасының туы.
-Тудың түсі қандай?( Балалардың жауабы.)
-Мемлекеттік ту- көгілдір түсті.Ортасында- алтын күн орналасқан.Күн астында- қалықтаған қыран құс бейнеленген,шетінде ұлттық өрнек бар.Бұл- Қазақстанда тұратын барлық ұлттың халықтарының өмірі күндей жарқырап,қыран бүркіттей ұша берсін дегені.
-Балалар,енді Мұзафар Әлімбаевтың өлеңін оқып берейін.(автордың портреті көрсетіледі)

Қазақстан байрағы
Зеңгір аспан көгілдір,
Алтын күні төрінде.
Тамылжытып төгіп тұр,
Шаттық сыйлар көңілге.
Көк аспандай көгілдір,
Қазақстан байрағы.
Тұрса күндей төгіп нұр,
Жылдарымыз жайдары.
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанаты,
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты.(өлең оқылып түсіндіріледі)

-Балалар, мынау Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Елтаңбада не бейнеленген қарайық? Бұл жайлы жазған ақын Сұлтан Қалиевтің өлеңін оқып берейін.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілді,
Ортада аспан әлемі.
Құт,береке- шаңырақ,
Орын алған ол төрден,
Қанатты құс арғымақ.
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған,
Билігі өз қолында
Еркіндігім-Елтаңбам.(өлең оқылып, түсіндіріледі)


- Балалар елтаңбада нелер бейнеленген?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап,уықтар шаншылған.Оны аңыз әңгімелердегі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр.Төменгі жағында Қазақстан деген жазу бар.Жоғарыда-бес бұрышты жұлдыз бар.
(Елтаңба толықтай түсіндіріледі.)

Сергіту сәті
Жоғары қарап,күн көрдім,
Төмен қарап ,жер көрдім,
Оңға,солға,бұрылып,
Егеменді ел көрдім. (балалар қимылмен көрсетеді.)

Балалар мемлекеттік рәміздердің суретін салады.

Қорытынды кезеңі:



Балалар осы елтаңба, ту, әнұран Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.Үлкен мерекелерде,салтанатты жиындарда туымыз көтеріліп, әнұран орындалады. Туды ең сыйлы адам ұстайды. Әнұран орындалғанда орнымыздын тұруымыз керек. Оны әрбір адам жатқа білуі керек.Қазақстан Республикасының Балалар осы елтаңба, ту, әнұран Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.Үлкен мерекелерде,салтанатты жиындарда туымыз көтеріліп, әнұран орындалады. Туды ең сыйлы адам ұстайды. Әнұран орындалғанда орнымыздын тұруымыз керек. Оны әрбір адам жатқа білуі керек. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауымыз керек.қарауымыз керек.


Жасайды: мемлекеттік рәміздерді атайды

Түсінеді: әнұран орындалуының маңыздығын түсінеді

Қолданады: мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайды


































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
698
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі