Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Менің досым Мектепалды даярлық тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Менің досым Мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне арналған әдістемелік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп алды даярлық тобына арналған оқу қызметінің конспектісі

Күні:


Тәрбиеші:

Габдулина Ш.Б.

Білім беру саласы:

Қарым-қатынас

Бөлімі:

Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырыбы:

Менің балабақшам

Оқу қызметінің:

Менің досым

Мақсаты:



Балаларды дос деген сөздің мағынасымен таныстыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту. Адал дос болуға тәрбиелеу.

Педагогикалық технология:

көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап алу, әңгімелесу, бой сергіту, ойындар.

Ресурстармен қамтамасыз ету

достар тақырыбына арналған суреттер, жыл мезгілдерінің суреттері, баулар, сылдырмақ, ұялы телефондар, доп, гүлдер, қоңырау, дабыл, қағаз, кубик, мозайкалар тақтайшасымен

Көптілдік:

Дос-дру

Оқу қызметінің барысы

Ұйымдастыру кезеңі:






«Шаттық шеңбері»

Арайлап таң атты,

Күн нұрын таратты.

Аспанымыз ашық болсын,

Деніміз сау болсын,

Достарымыз көп болсын,

Қайырлы таң қонақтар,

Қайырлы күн достар!

Балалар қазір жылдын қай мезгілі?

- Қазір жылдын қыс мезгілі.

- Қыс мезгілінің алдында қандай мезгіл болды?

- Әрине күз мезгілі.

- Ал қыс мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?

- Көктем мезгілі келеді.

- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Қыс мезгілінде күн суық болады, жиі-жиі ақ қар жауады, айналаның барлығы ақ мамыққа оранады, далада аяз қатады.

Негізгі кезеңі:






-Балалар бүгін біз дос жайлы әңгімелесеміз. «Дос» деген сөз екі немесе бірнеше бірге ойнап, бір-біріне кез келген сәтте көмектесе білетін, ренжітпейтін, ойыншықтарың бөллісетін, ұрыспайтын, бірге саябаққа, музейге, асханаға, театрға баратын, бірге би-билеп ән айтатын өзара достығын айтамыз.

- Балалар біз кез келген баламен дос болу үшін, біз мейірімді, ұқыпты, тәртіпті әр сәтте бір-біріне көмектесе білетін, жақсы бала болуымыз керек. Егер біз қасымыздағы баланы ренжітіп, ұрсатын болсақ, ол бала бізбен дос болмайды. Сондықтан балалар сендердің достарын көп болсын десендер, алдымен өздерін жақсы әрі тәртіпті болуларын керек.

- Балалар мына тақтадағы суреттерге қарандаршы?

- Бірінші суретте үш ұл бала бірге бір дастархан жайып, шәй ішіп отыр. Қанекей балалар суреттегі балаларға есім берейікші, шәй құйып отқан баланың есімі Болат, кесе ұстап отырған баланың есімі Тараз, ал қасындағы баланың есімі Сергей. Бұл балалар бір-біріне жақсы достар екен, себебі Тараз бен Сергейді Болат ойыннаң соғ үйіне шақырып шәй беріп отвр.

- Келесі суретте қыздар мен ұлдар бірге қосылып ән айтып, ойыншықтарды бірге бөлісіп, ойнап жүр екен.

- Ал, мына суретте ұлдар мен қыздар бірігіп дос болып, далада серуендеп жүр екен. Мінекей балалар ұлдар ұлдармен, қыздар қыздармен және ұлдар,қыздар болып жақсы дос болып ойнауға болады.

- Балалар сендердің әрқайсыларының өз топтарын бар. Сол топтың ішінде көптеген жақсы балалар бар, бірақ сендердің сол топта немесе басқа топтан достарың барма?

- Жарайсындар балалар, сендердің достарын көп екен. Ал, ендеше маған өз достарының есімін және достарынның жақсы жақтарын, қай топтағы дос бала екені жайлы айтып беріндерші?

- Балалар жалпы біз бір шаңырақтың астында тұрғандықтан, бір-бірімізге әрқашанда дос болып, бір-бірімізге көмектесіп жүрейік.

-Қанекей балалар орнымыздан тұрып бойымызды бір сергітіп алайық.


Сергіту сәті:

Қане достар орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Алақанды ашайық,

Саусақтарымызды атап шығайық,

Басбармағым- ағасы.

Балаң үйрек-нағашы,

Ортан терек-атасы.

Шылдыр шүмек-анасы,

Шынашағым-қарлығаш.

Барлығына қарындас,

Бесеуі де бауырлас.

Ағайын, дос, бауырлас!


«Ақ тілек» ойыны.

Ойын шарты: балалардың қолына гүл шоқтары беріледі, балалар шеңбер құрып гүлді бір-біріне беру кезінде жақсы ақ тілек сөздер айтады.

Мақсаты: бір-біріне деген мейірімділігін, достық сезімдерін ояту, ойлау қабілеті мен сөздік қорың дамыту.

Достық туралы лебіздер айту. (Мен сенің досын болғым келеді, Мен сенімен барлық жерде бірге болғым келеді. Мен сендермен саябаққа барғым келеді. Менің достарым көп болсын. Достарым ешқашан ауырмасын. Біздің ойыншықтарымыз көп болсын. Достарымды мен ренжітпеймін, оларға көмектесемін. Достарымды мен жақсы көремін. Барлығымыз бақытты тәртіпті бала боламыз).


Ұсақ қол моторикасына арналағн ойындар.

а) Мозайкамен жұмыс, мозайканың түймешелерінен кез келген пішіндер (гүл, үй, көлік) жасап досына сыйлау.

б) тесіктері бар ағаш және балық пішінге бауды өткізу.


«Қайсы заттан дыбыс шығардым?» ойыны.

Ойынға керекті құралдар: қоңырау, дабыл, қағаз, сылдырмақ, ұялы телефондар, кубиктер.

Ойын шарты: айтылған заттардың атауын атап үстел үстіне қоямын және қайсысынан қандай дыбыс шығатының, дыбыстар шығарып көрсетемін. Сосын ойыншықтарды жерге қойып, үстел астынан шылдырлатып дыбыстар шығарамын, ал балалар қай ойыншық екенін тауып айтады.


«Қателеспей қайтала?» ойыны.

Ойын шарты: табиғат аясында шығатын шулы дыбыстар- ды және жәндіктер мен жануарлардың дыбыстауларын дыбыстап айтқызу.

Жаңбыр жауды –тырс-тырс-тырс;

Жел тұрды- уууу- ууууу –уууууу;

Ағаштар шуылдады – ышшш-ышшш-ышшш;

Көліктер жүрді –вуу-вууу-вуууу;

Есікті біреу соқты – тук-тук-тук;

Сағат тықылдап жүреді- тик-так-тик-так;

Маса ызыңдады- ыззз-ызззз-ыззззз;

Қоңыз ыжыңдады- ыжж-ыжж-ыжжж;

Мысық мияулайды –мияу-мияу-мияу;

Ит ырылдайды- ырр-ыррр-ыррррр;


«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

Ойын шарты: қолымдағы допты кез келген балаға бір сөз айтып беремін, ал допты тосып алған бала қайта өзіме кері доты беру кезінде, кез келген бір сөз айту керек. Мысалы: орындық, кілем, бала, қыз, жақсы, жаман, доп, ойыншық.



Қорытынды кезеңі:




Сонымен балалар сендердің достарың барма?

Жақсы дос болу үшін, сендер қандай болуларын қажет?

Жарайсындар балалар, бүгінгі ойындар сендерге ұнады ма?


Жасайды: достарын атайды


Түсінеді: дос туралы түсінеді


Қолданады: достықты құрметтейді






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.11.2018
856
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі