400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Қысқы ойындар.Мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүсіндеу ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне арналған әдістемелік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп алды даярлық тобына арналған оқу қызметінің конспектісі

Күні:


Тәрбиеші:

Габдулина Ш.Б.

Білім беру саласы:

Шығармашылық

Бөлімі:

Мүсіндеу

Өтпелі тақырыбы:

Дені саудың жаны сау

Оқу қызметінің тақырыбы:

Қысқы ойындар.

Мақсаты:

Мүсіндеуге арналған құралдармен жұмыс жасай білуге үйрету. Адамның қимылына тән мәнерлікті беру дағдыларын қалыптастыру.

Педагогикалық технология:

Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап

Ресурстармен қамтамасыз ету

Балалардың қысқы ойынын бейнелейтін картиналар, ермексаз, қатырмақағаз, тақтайша, таяқша, қол орамал.

Көптілдік:

Қысқы ойындар – зимние иргы

Оқу қызметінің барысы

Ұйымдастыру кезеңі:


«Шаттық шенбері»

Көңіл күй қалай?

КҮШТІ!!! (Балалар бас бармақтарын жоғары көрсетеді)

– Түгеліміздің! Біз де сондай пікірдеміз!

Негізгі кезеңі:






Кіріспе әңгіме: Балалармен «Қыс қызығы» тақырыбындағы картиналарды қарастырып, суреттегі әр кейіпкердің қозғалысына, киімдеріне, тұрған тұрысына назар аударады. Қар атысып, аққала жасап жатқан немесе шаңғы теуіп жүрген, шана сүйретіп дөңнің үстіне шығып бара жатқан балалардың қысқы ойындарының суретін тамашалайды. Балалардан өздері қыста аулаға шыққанда қандай ойындар ойнағанды жақсы көретіндерін сұрау.


Түсіндіру: Жұмысты бастар алдында балалардың әрқайсысы нені мүсіндейтінін біліп, шешіп алу керек. Әр түсті ермексазды жұмсартып алу.

Ермексаздың бір бөлігінен үлкен цилиндр -денесін (күртеше), басқа бөліктерінен кішірек екі цилиндр - қолдарын, домалақ -басын (шапкасы) дайындау.

Цилиндр пішініндегі денесін конус пішініне келтіру (бас бармағымыздың көмегімен цилиндрдің жоғары бөлігін төменгі бөлігіне қарай аздап жаншу), дене бөлігінің жоғары жағына қолдарын біріктіру.

Домалақ ермексаздан бөрігін мүсіндеу. Ол үшін домалақты конус пішініне келтіру (бас бармағымыздың көмегімен ермексазды аздап жаншу).

Аяқтарын мүсіндеу үшін екі цилиндр пішініндегі ермексазды дайындау.

Екі цилиндрдің төменгі жағын аздап иіп, етігін мүсіндеу.

Ақ және қызыл сары ермексаздарды әбден араластырып, домалақтап илеп, басын мүсіндеу, осы ермексаздан домалақ мұрнын жасау.

Денесіне басын біріктіру.

Бас киімін кигізіп, мұрнын жапсыру.

Аяқкиімін біріне-бірін жабыстырып, біріктіру.

денесін, аяғын біріктіру.
Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын саламыз.

шана, конькилерді қатырма қағаздан қиып жасап, мүсінімен біріктіру.

Мүсіндерді алдын ала дайындалған қатырмақағазға жапсырып, мазмұнды композиңия құрастыру.


Өзіндік жұмыс : Балалардың жұмысы. Балаларға жұмысты орындауға кеңес беріп, мүсіндеуде қиналған балаларға көмектесіп, жұмыстарын талқылап отыру .


Қорытынды кезеңі:



Көрме ұйымдастыру

Ең жақсы жасалған жұмыстарды және өз қиялдары мен шығармашылығын пайдалана білген балалардың еңбектерін атап өту, мадақтау.



Жасайды: Қысқы ойындарды біледі


Түсінеді: Адамның қимылына тән мәнерлікті бере алады


Қолданады: Мазмұнды композиңия құрастырады













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
1309
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі