400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметінің сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге тех. карта жасау кезінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересектер «Балдырған» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Айналамен таныстыру

Тақырыбы: «Киімді қалай күту керек»

Мақсаты: Киім туралы түсініктерін кеңейту. Жыл мезгілдеріне байланысты киетін киімдерді салыстыра әңгімелету. Киімдерін ұқыпты таза ұстауға тәрбиелеу.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне назар аудартып, тақырыппен таныстырады. Киім атауларын, қалай күту керектігі жайлы толық мағлұмат береді. Ұқыптылыққа тәрбиелейді.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне назар аударып, тақырыппен танысады. Өздерінің киіп келген киімдерін атап айтады және киімге қандай күтім керектігі жайлы мағлұмат алады. Киімді ұқыпты таза ұстауға тырысады.




Іздену-ұйымдастырушы

Жыл мезгілдеріне киетін киімдер бейнеленген суреттерді көрсетеді және олардың қасысын қай мезгілде киетінін айту ұсынылды.Бірнеше мысалдар келтіре отырып, киімді күтіп ұқыпты киінсек , ол киімнің өңі кіріп әдемі көрінірі сөзсіз екеніне балаларды көзін жеткізеді.


Суреттен киімдерді атап айтып олардың қай мезгілде киітінін барынша дұрыс айтуға тырысты.

Қысқы киімдерге байланысты әңгімеледі. Өзерінің күнделікті киетін қолғапты серуенен немесе балабақшадан оралған кезде су болған қолғапты сол беті қалтаға салып қоймастан оны кептіріп қою керектігін ұғынды және себебін білді.



Рефлексивті коррекциялаушы

Тақырыпқа байланысты мақал –мәтелдер мен жұмбақтар айтты.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылады.



Тәрбиеші айтқан мақал-мәтелдерді қайталап айтты.

«Адам көркі шүберек»

«Адамның сәні, онсыз мәні жоқ» (киім)



Күтілетін нәтиже:


Біледі: Балалар киімді қалай күту керектігін біледі.

Меңгереді: Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер меңгереді.

Жасай алады: Мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар шеше алады.

Ересектер «Балдырған» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Айналамен таныстыру

Тақырыбы: «Тау-тастар құпиясы»

Мақсаты: Өлі табиғат туралы балалардың білімдерін жетілдіру, ерекшеліктерін түсіндіру. Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне назар аудартып, тақырыппен таныстырады. Табиғаттағы байланысты анықтау.Бақылау, ойлау, танымдық қабілеттерін жетілдіру. Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне назар аударып, тақырыппен танысады. Балалар табиғаттағы құбылыстарды бақылап үйренеді.




Іздену-ұйымдастырушы

Өлі табиғат және оның ерекшеліктерімен таныстыру.

«Өлі және тірі» табиғат арасындағы байланыс туралы әңгімелеу. Табиғаттағы құбылыстарды күнтізбе арқылы белгілеу. Серуен кезінде балалардың назарын табиғат құбылыстарына аудару.


Балалар «өлі» және «тірі» табиғат арасындағы айырма-

шылығы жайлы мағлұмат алды.

Тау-тастар өлі табиғатқа жата-

тынын білді. Серуен кезінде табиғат құбылыстарын тәрбиешімен бірге бақылады.


Рефлексивті коррекциялаушы

«Табиғат құбылыстарын ажырат»

дидактикалық ойынын ойната отырып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылады.



Балалар табиғат құбылыстары-

ның қасысы «өлі» табиғатқа жататынын, қайсыс «тірі» табиғатқа жататынын тәрбиеші көмегімен ажыратып айтты.



Күтілетін нәтиже:


Біледі: Табиғат құбылыстарын бақылай біледі.

Меңгереді: «Өлі» және «тірі» табиғаттың айырмашылығын меңгереді.

Жасай алады: Тақырыпқа байланысты тапсырмаларды жасай алады.




Ересектер «Балдырған» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Айналамен таныстыру

Тақырыбы: «Киім және аяқ киім»

Мақсаты: Киім туралы білімдерін кеңейту. Киімнің атауларын дұрыс атауға үйрету. Киімдерін ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне назар аудартып, тақырыппен таныстырады. Киімнің және аяқ киімнің қалай және неден жасала-

тыны жайлы түсінік беру. Киімдердің түрлерімен таныстырады.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне назар аударып, тақырыппен танысады. Киім және аяқ киімнің түрлерімен танысады. Ұқыпты таза ұстауға тырысады.




Іздену-ұйымдастырушы

Жыл мезгілдеріне қарай киетін киімдер бейнеленген үлестімелі

суреттерді балаларға таратып беріп,

«Нені қай кезде киеміз?» ойынын ойнату.Қайдан алды? Түсі қандай?-екенін сұрау!

Таратып берілген үлестірмелі суреттерімен танысады. Ойынға белсене қатысады.Киімдердің атауларын меңгереді. Берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береді.


Рефлексивті коррекциялаушы

Келесі кезекте балаларға «Біз не киеміз» суреттер (карточкалар) беріледі. Қазір қай мезгіл екені сұралып, қандай киім киген дұрыс екенін сұрайды. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды.



Балалар берілген карточкаларға сөйлем құрастырады. Қазіргі мезгілді айтып, қазір қыс мезгілі болғандықтан жылы киімдер-

імізді киеміз.


Күтілетін нәтиже:


Біледі: Киімдердің және аяқ киімдердің дұры атауларын біледі.

Меңгереді: Киімдердің неден қалай жасалатынын меңгереді.

Жасай алады: Тақырыпқа байланысты тапсырмаларды жасай алады.






Ересектер «Балдырған» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Айналамен таныстыру

Тақырыбы: «Жануарлардың қысқы мекені»

Мақсаты: Жануарлардың қысқы мекені , тіршілігі жайлы түсіндіру. Туған өлкенің жануарларын қорғаумен қамқорлыққа алу сезімін дамыту.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне назар аудартып, тақырыппен таныстырады. Жануарлардың екі түрімен таныстырады және олардың қысқы мекені жайлы,азығы, қысқы ұйқыда болатын, және тонын ауыстыратын жануарлар жайлы толық мағлұмат береді.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне назар аударып, тақырыппен танысады. Балалар жануарлардың екі түрі деп үй жануарларымен, жабайы жануарларды айтады. Әр қайсысының қысқы мекені, азығы жайлы мағлұмат алады.




Іздену-ұйымдастырушы

Тәрбиеші М.Дулатовтың «Қыс» әңгімесін оқып, мазмұнымен таныстырады. Тақырып бойынша сұрақтар қояды.

-Қоян қыста қандай түске енеді?

-Тиын қысқа қандай азық жинайды?

-Аю қыста қайда ұйықтайды?

Үй жануарларының қысқы тіршілігі жайлы сұрады.


Балалар әңгіме мазмұнымен танысады. Тәрбиеші қойған сұрақтарға жауап береді.

-Қоян тонын ақ түске ауыстыра-

ды.

-Тиын қысқа көк жаңғақ жинай-

ды.

-Аю апанда ұйықтайды.

Балалар қыс мезгілінде үй жан-

уарларына қораларға адамдар шөп салып, астын тазалап, су береді.



Рефлексивті коррекциялаушы

Суреттен үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратып айту ұсынылады және олар жайлы әңгімелейді.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды.



Балалар сурет бойынша берілген тапсырманы орындайды. Жабайы жануарларды жазғы демалыста хайуанаттар бағында көргендері жайлы әңгімеледі.


Күтілетін нәтиже:


Біледі: Жануарларды және үй жануарларын біледі.

Меңгереді: Олардың қысқы мекені, тіршілігі жайлы меңгереді.

Жасай алады: Сурет бойынша әңгімелей алады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
2 қаңтар
1252
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі