жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы : «Құстар сайрайды.»
Мақсаты:
а)кеңістікті бағдарлай отырып үзік сызықтарды салу дағдыларын бекіту.
ә)құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл күй туғызу,оны өз іс-әрекетінде маңайындағыларға бере білуге дағдыландыру,
б)құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс; сайрайды.
Көрнекіліктер:демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар:әр балаға бір-бірден құстың суреті салынған парақтар,үнтаспа (құстар үні жазылған),фломастер немесе қарындаш.
Іс әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі. |
Мотивациялық-қозғаушылық. |
Балалармен амандасып шаттық шеңбеін орындау.
Орнымыздан тұрамыз, Күнге шаттана қараймыз. Қуана қолымызды соғамыз. Осылай күнге жылу шашамыз.
Бірнеше құстардың суретін көрсетіп,олармен жақынырақ таныстырамын(көкек,бұлбұл,кептер, бозторғай т.б) Балаларға үнтаспаға жазылған немесе күйтабақтағы құстар үнін тыңдатамын. -Құстардың сайрағаны сендерге ұнады ма? Әнші құс деп қай құстарды айтамыз? Балалардың ойларын тыңдаймын. |
Қуана қимыл-қозғалыстармен шаттық шеңберін жасайды.
Балалар үнтаспадағы жазылған немесе күйтабақтағы құстардың үнін тыңдайды,өз ойларын айтады.
. |
Ұйымдастырушылық-ізденітік. |
-Енді біз бүгін сурет салу барысында құстардың сайрағанын бейнелеп көрейік.Сендердің алдарыңдағы суретте торғайлар сайрағысы келіп тұмсықтарын ашып тұр,бірақ олардың дыбысы бізге естілмейді.Ол естілу үшін дыбыстарды мына түрде бейнелейміз. Балапанның тұмсығынан бастап үзік сызықтарды солдан оңға қарай тарата сызамын.Бұл шиқылдаған дыбыстар екенін түсіндіремін Балалар менімен бірге ауада үзік сызықтар салып жаттығады. Балаларға өздерінің алдарындағы суреттегі құстарды сайратуды ұсынамын. Балалар жұмысқа кіріскен кезде үнтаспадағы құстар үнін қосамын. Сергіту сәті. Бір ,екі,үш Қане,қанат қағамыз, Бір,екі,үш Қарлығаш боп ұшамыз. Бір,екі,үш Жинап алдық күш. Балалар қз бетімен жұмыс жасайды.Әр балаларға бағыт-бағдар беріп отырамын. «Бейнені құрастыр»ойынын ойнайды |
Балалар сызықтар жүргізеді.
Балалар ауада сызықтарды дұрыс түсіре білуге тырысады. Балалар құстардың сайрағанын естігендей сезінеді.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Құстың қиылған суреттерін жинастыру. |
Рефлекциялық –түзетушілік. |
Бүгінгі оқу қызметі барысы туралы балалардан сұраймын.Жасаған жұмыстары туралы айтамын және сәтті шыққан суреттерді атап көрсетемін.Салған суреттерінен көрме ұйымдастыруға шақырамын. |
Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.Салған суреттерін тамашалайды. |
Біледі : құстар үнін тыңдау арқылы туындаған қуанышты көңіл күйді өз іс-әрекетінде бере білуді.
Игереді :құстар жайындағы қарапайым түсініктерді.
Меңгереді : кеңістікті бағдарлай отырып,үзік сызықтар салуды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Бөлімі: Жаратылыстану.
Тақырыбы : «Жабайы аңдар.Аю.»
Мақсаты:
а)Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беріп,оның ішінде аюмен жақын таныстыру.
ә)Аюдың не себепті жабайы аңдардың қатарына жататындығын түсіндіру,оның тіршілігі туралы әңгімелеу.
б)Аңдарға,қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға баулу.
Көрнекіліктер:аңдардың түрлі түсті суреті,үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілдері:көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын.
Іс әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі. |
Мотивациялық-қозғаушылық. |
Балалар бір-біріне тілек тілеп,шаттанады.
Кел,балалар күлейік, Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік. |
Балалар дөңгелене шаттық шеңберіне тұрады.
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденітік. |
Шарты:әр аңның жүрісін келтіру.Балалар жүрісін салған аңдарды атап шығады.
Тәтті көрсе,бас салар, Айнымайды баладан. 3.Әңгіме жүргізу. -Орманды мекендеп,өз бетімен тіршілік ететін аңдарды жабайы аңдар деп атаймыз.Олар:қасқыр,аю,түлкі,қоянЖабайы аңдар азықтарын орманнан тауып жейді.Қыста қардың көп түсуіне байланысты аңдардың азық табуы қиынға соғады.Осы кезде аңдар адамдардың көмегін қажет етеді.Сендер жабайы аңдарды қайдан көрдіңдер? -Иә,балалар аңдарды теледидардан хайуанаттар бағынан көрдік.Хайуанаттар бағында аңдарға арнайы күтім жасалады,онда жұмыс істейтін мамандар жануарларды қоректендіреді.Ал аңдарды көруге келген адамдардың тамақ беруіне рұқсат етілмейді,өйткені аңдар өте қауіпті.
4 Сергіту сәті. Қорбаңдаған аюдың Құлпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық 5.Суретпен жұмыс. -Суретте қандай аң бейнелнеген? -Иә,балалар,дұрыс айтасыңдар аю екен.Аю-жабайы аңдардың бірі.Жазда аю кез келген жерден өзінің қорегін таба алады.Сонымен бірге аю араның балын да жақсы көреді.Аш кезінде шөп пен ағаштардың тамырымен қоректенеді.Ол қыста ұзақ ұйқы алдында жақсылап қоректеніп,денесіне май жинап алады.Аюлардың түстері қоңыр,ақ болып келеді.Аюдың баласын қонжық деп атайды. -Аю қалай жүреді? -Міне,балалар жабайы аңдар,оның ішінде аю туралы көп нәрсені білдік.Сондықтан да аңдарға қамқорлық көрсету керек. 6.Үлестірмелі материалмен жұмыс. Шарты:аюдың қалған бөліктерін жабыстыру. |
Балалар тәрбиешімен бірге ойнайды.
Балалар суретке қарап,жұмбақтың шешуін айтады. -Шешуі:аю.
-Аю,түлкі,қоян-Жабайы жануарлар.
-Түлкінің суретін кітаптан көрдім. -Теледидардан көрдім.
Балалар сұрақтарға шамаларына қарай жауап береді,бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Балалар аюдың қимылын келтіріп,өлеңді қайталап айтады.
-Аю -,деп жауап береді.
Тәрбиеші көмегімен жауап береді.
-Қорбаңдап.(Аюдың жүрісін салады). -Аюдың баласы қонжық.
Балалар тәрбиеші көмегімен жапсырманы жапсырады. |
Рефлекциялық –түзетушілік. |
Сұрақтар: 1.Жабайы аңдарға нелер жатады екен? 2Аюдың баласын не деп атайды? |
Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі : Жабайы аңдарды бір-бірінен ажыратады..
Игереді :аюдың тіршілігі туралы білімді.
Меңгереді : аюдың тіршілік ортасы туралы білімді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген