Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
«Балбөбек» шағын
орталығы
Тобы: ортаңғы
Күні:
22.11.2017ж
Білім беру
саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: «Көркем
әдебиет»
Тақырыбы:
«Ойыншықтар»
Мақсаты:Балалаларға ойыншықтар туралы білім беріп,
ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттау, жұмсақ
қаттылығын айтып түсіндіру.Қалай ойнау керек жолдарын аша отырып,
ұқыптылыққа тәрбиелеу,ойыншықты ұқыпты ұстауға деген ықыласын
дамыту.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,ойын
әрекеті.
Алдын-ала
жүргізілетін жұмыстар: шаттық шеңбері.
Қажетті
көрнекі құралдар:әр түрлі ойыншықтар, резина, жұмсақ
ойыншықтар.
Билингвальды
компонент:Ойыншықтар-игрушки
Шаттық
шеңбері:
Арайлап таң
атты
Алтын сәуле
таратты
Жарқырайды
қаламыз
Жайнай түсті
даламыз
Қайырлы таң
балалар!
Қайырлы таң
апайлар!
Сәлем саған,алтын
күн!
-Балалар, қазір қай
мезгіл?
-Күз мезгілінде қанша ай бар? Атаңдаршы?
- Қазір қай
ай?
-Аптаның қай
күні?
- Күзде қандай
өзгерістер болады?
Балалар бүгін біз
күнделікті бала бақшада үйде ойнайтын ойыншықтармен
танысамыз.
Ойыншықтар ербалалар
ойнайтын және қызбалалар ойнайтын болып екіге
бөлінеді.
Нұрсұлтан Әмірқұлов
«Ойыншықтар» өлеңін оқу.
Біздерде бар
қуыршақ,
Бұзау,қозы,құлыншақ,
Ойыншықтар
тыңдайды
Ақыл айтсақ,
бұйырсақ.
«Машина»
Үлкенмін ғой, міне
мен,
Ойыншықтарды
жинаймын.
Машинаға мінер
ем,
Кабинаға
сыймаймын.
«Пойыз»
Рельстің жолы
ұзын,
Мынау менің
пойызым,
Тық-тық жолға
шықтық,
Тақ-тұқ шамды жақтық
тап!
Жолдан кет
тақ-тұқ
Керек
соқтық.
- Балалар өлең нелер
туралы айтылған?
- Қандай ойыншықтар
туралы айтылған?
- Сендердің үйлеріңде
ойыншықтар барма?
Сергіту
сәті:
Бап, бап, бап
дейді,
Жолдан былай кет
дейді.
Күшікті басуға
болмайды
Болмайды
машина.
Бип, бип, бип
дейді,
Жол шетінде күт
дейді.
Көшеде асығыс
жүруге
Болмайды, болмайды
машина.
Дидактикалық ойын:
«Ойыншықты тап»
Ойын барсы: тығылған
ойыншықты тауып, атын атап, түсін, үлкен, кішілігін ажырату. Сол
ойыншыққа жақсы мейірімді тілек тілеу.Кезегімен балаларды жіберіп,
әр түрлі ойыншықтарды алып, оны сипаттап беру. Тапқан ойыншықтардан
көрме жасау.
-Осы көрмеде тұрған
заттарды бір ауызбен қалай атаймыз?
Ойыншықтар жасалуына
қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Жұмсақ, резиналы,
қатты
Дидактикалық ойын: «Не
өзгерді?»
Мақсаты: балалардың
есте сақтау қабілеттерін дамыту
Шарты: дөңгелене
отырып, ғажайып қалтадан ойыншықтарды алып атау.
Ойларын тиянақты айтқан
балалардымадақтау,
еңбектерін
бағалау.
-Бүгінгі оқу
іс-әрекетімізде не жайында таныстық? Не айттық?
Ойыншықтар қалай
бөлінеді?
Ал жасалуына қарай
қалай бөлінеді?
Ойыншықтарды қалай
ұстауымыз керек екен?
Өте жақсы балалар
жарайсыңдар балалар!
-Жарайсыңдар балалар
барлығыңда өз ойларыңды қостыңдар.
Күтілетін
нәтиже:
Нені біледі: Ойыншықтар
туралы түсінік алып, ұғынуы.
Қандай түсініктерді
меңгерді:Ойын арқылы өз ойлары ашық айтып олардың қыр сырын
меңгереді;
Меңгерген дағдылары мен
іскерліктері:Сұрақтарға толық жауап бере алуы;