400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы "Құмырсқа мен көгершін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.


Тобы: ортаңғы тобы

Білім беру саласы:«Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің бөлімі:«Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Құмырсқа мен көгершін».

Мақсаты:Әңгіменің мазмұнын түсіну; Сұрақтарға жауап беру аркылы өз ойларын жеткізе

білу, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Құмырсқа мен көгершіннің суреті.

Билингвальды компонент:Құмырсқа-муравей, көгершін-голубь.

Жылулық шеңбері:

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын елге ашқан

Тілейміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын іргеміз

Бәріміз де біргеміз.


Кіріспе әңгіме

  • Балалар, бүгін біз Спандияр Көбеевтің «Құмырсқа мен көгершін» деген әңгімесімен танысамыз.

Әңгімені нақышына келтіріп оқып беру.


Бір құмырсқа шөлдеп, су ішуге өзенге түсті. Құмырсқаны толқын соғып, суға кетіп қала жаздады. Сол мезгілде аузында тістеген бір бұтағы бар көгершін суға кетіп бара жатқан құмырсқаны көредіп аяп, бұтағын оның үстіне тастай берді. Құмырсқа бұтаққа мініп, толқынмен судың жиегіне шығып, қазадан құтылды. Мүның артынан манағы айтылмыш көгершін өзеннің жағасына қонып, бір аңшының құс аулауға құрып қойған ауының астындағы бидайды теріп жей бастады. Аңшы ауды басып қалып көгершінді ұстап алуға даярланып жатқанын құмырсқа көрді-дағы, өрмелеп келіп, аңшының аяғын қатты шағып алды. Аңшы ауды қоя бергенде көгершін көтеріліп ұшып кетеді. Құмырсқа мен көгершін бір-бірін осылай аман алып қалыпты.

Құстар сайрап,бақтар жайнап,

Дала гүлге толады.

Құстай ұшып,

Аунап – қунап алады.

Жыландарша иіріліп,

Жорғалап бәрі қалады.


- Құмырсқа мен көгершін бір-біріне қалай көмектесті?

- Құмырсқа қандай жәндік?

- Көгершін қандай құс?

- Көрдіңдер ме, балалар, екеуі бір-біріне көмек көрсетіп,

осындай ауыр сәтте қиындықты жеңіп шықты.

Ендеше сендер де, балалар, бір-бірлеріңе мейірімді,

қайырымды болып өсулерің керек.

Биллингвальді компонент: құмырсқа-муравей,


Көгершін- голубь.


Дидактикалық ойын: «Құстарды ажырат».

Мақсаты: Балаларды үй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрете отырып, оларға қалай қомқор болу керектігін үйрету.

- Балалар әңгіме не жайында айтылған?

-Әңгіме сендерге ұнады ма?


-Барлығың бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатынастыңдар, жарайсыңдар.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Әңгіменің мазмұнын біледі.

Қандай түсініктерді меңгерді:Өз ойларын еркін айта білуді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Көмектесу арқылы бір-біріне жақсылық жасай алатынын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі