Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Тақырыбы: «Туған өлкеміздің
жануарлары»
Тобы: Ортаңғы
тобы
Бөлімі:Жаратылыстану
Білім беру
саласы: «Таным»
Мақсаты: Балалардың
қарапайым математикалық ұғымдар туралы білімдерін және түстерді
ажырата білуін ойын арқылы бекіту; туған өлкемізде кездесетін
жануарлар жайында түсінік беру;
Туған өлкеге деген
сүйіспеншілік сезімін ояту; Балаларды қарындашты дұрыс ұстап, таза
және ұқыпты бояуға дағдыландыру және ойлау қабілеттерін
арттыру.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,
ойындар, тыңдау, көрсету.
Көрнекі-құралдары: Көрнекілік
суреттер, үлестірмелі құралдар, плакат, геометриялық пішіндер,
музыка.
Билингвальдық
компоненті:қоян-заяц,түлкі-лиса,қасқыр-волк
Ұйымдастыру
кезеңі.
Шаттық
шеңбері:
Қуан шаттан алақай
Қуанатын күн келді Қайырлы тан, Қайырлы күн күліп шықты күн
бүгін.
-Балалар, біз қай Республикада
тұрамыз?
- Қазақстанның қай өлкесінде
тұрамыз?
- Иә, балалар, біздің туған өлкеміз Орал
деп аталады. Ал, Орал өлкесінде нелер кездеседі?
-Дұрыс. Біз бүгін солардың ішінде
жануарлар туралы айтатын боламыз. Балалар, жануарлар екіге
бөлінеді. Үй жануарлары және жабайы жануарлар. Үй жануарларына
сиыр, ешкі, түйе, қой, ит, мысық жатады. Ал жабайы жануарларға аю,
түлкі, қасқыр, қоян сияқты орманда мекендейтін жануарларды
жатқызамыз.
-Ал, енді мына суреттерге назар аударайық.
(орман, үй маңы (аула) Балалар орманда жабайы жануарлар мекендейді.
Ал, үй айналасында үй жануарлары мекен етеді.
-Балалар, енді осы мекендерге мұқият
қарайықшы. Мекендерде жануарлар көрінбейді. Біздер жануарларды өз
мекендеріне орналастыруымыз қажет. Ол үшін бірнеше тапсырмаларды
орындауларыңыз керек.
Дидактикалық ойын: «Торғайларды
қорға»
(Шарты: Тақтаға үйшік суреті үлінеді.
Үйшіктің терезелері әр түрлі пішінді. Әр терезеде торғайлар
отырады. Үйшікке келе жатқан мысықтан торғайларды қорғау үшін
торғайлар отырған терезелерді сәйкес пішінмен жабу
керек)
- Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы дұрыс
орындадыңдар! Мысықтан торғайларды қорғап қалдыңдар! Мысық біздің
өлкемізде кездесе ме?
-Иә. Ендеше үй жануарларды енді өз
мекеніне орналастыруға болады. (үй жануарларды үй маңы (аула) суреті
бейнеленген плакатқа орналастыру)
-Ал, мына жерде балалар, бізді жабайы
жануарларымен бірге үй жануарлары күтіп қалды. . Дидактикалық
ойын: «Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырат»
- Жарайсыңдар! Балалар біз жануарларды
ажырата отырып не құрастырдық? Бұл жануарларлар туған өлкеміз
Маңғыстауда кездеседі.
Сергіту сәті
Секірейік, секірейік,
Ұзын құлақ қоянша.
Шаршағанды басайық,
Сонда болар тамаша.
Дидактикалық ойын: «Жануарлардың тағамын
тап»
-Балалар, енді алдарыңызда берілген
шеңберлерге назар аударайық. Шеңбердің ішінде жануарлардың сүйіп
жейтін тағамдарының суреттері жапсырылған. (сәбіз, балық, жапырақ,
сүт, сүйек) Әр берілген тағам суреті жанына қыстырғыштарда
жапсырылған тиісті жануарларды таңдап қыстыруымыз қажет.
(М.Монтессори әдісі)
-Жарайсыңдар! Тапсырманы дұрыс
орындадыңдар! Ендеше жабайы жануарларды енді өз мекеніне
орналастыруға болады. (жабайы жануарларды орман суреті
бейнеленген плакатқа орналастыру)
-Өте жақсы! Балалар, менің қолымда осы
жабайы жануарлардың ішінде, қорқақ, бірақ өзі сүйкімді, өзіміздің
өлкеде кездесетін қоян суреті бар. Бұл ойыншық қоянның суреті, және
ол боялмаған. Сіздерге осы ойыншық қоян суретін бояуға тапсырма
беремін. Өздеріңіз қалаған түспен бояуға болады.
Саусақ жаттығуы
Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Үркек қоян, сұр қоян.
Қаша берсең қалыңға
«Қорқағым» деп ат қоям.
Балаларға сұрақтар қойылады.
-Балалар, біздің бүгінгі ұйымдастырылған
оқу қызметіміз ұнады ма?
- Ұйымдастырылған оқу қызметімізде не
туралы айтылды?
- Өлкемізде кездесетін қандай жануарлар
бар екен?
-Жануарларды неше топқа
бөлеміз?
-Жарайсыңдар!
-Олай болса, бүгінгі ұйымдастырылған оқу
қызметіне жақсы қатысып отырған балаларды жұлдызшамен
бағалаймын.
Күтілетін
нәтиже:
Білуі
керек: Туған өлкеде
кездесетін жануарларды, өткен тақыпыптарда кездескен
қарапайым
математикалық ұғымдарды
және түстерді ажырата білуі керек;
Болуы
керек: Балалардың
ұйымдастырылған оқу қызметіне және шығармашылыққа,
суреттерді
қарындашпен бояуғадеген
қызығушылығы болуы керек;
Үйренуі
керек: Сөздерді анық
айтып, тәрбиеші сұрақтарына толық және нақты жауап
беріп
үйренуі керек.