400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.Тақырыбы:Су – тіршілік көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру. Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы:Саменова Жамила Сайдунуровна

Жұмыс орны: «ФаиЗаман» ЖШС-гі «Күншуақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:12.02.2020 жыл

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: Су – тіршілік көзі

Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру. Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, суды үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Суреттер(слайд), магнитафон, су, стакан, қасық, түрлі түсті су бояу, мұз, қант, су, қолшатыр, ақ қағаз.


Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-оятушылық

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң! апайлар

Қайырлы таң! балалар

Балалар шаттық шеңберге тұрып, тәрбиешінің айтқанын қайталайды.

Ұйымдас-

тырушылық- ізденушілік


Тыныштық сәті.
Көзімізді жұмамыз. Еркін отырамыз.
Мен орманға бардым. Орманның табиғаты өте тамаша. Айналаның бәрі аппақ. Орманның іші суық, аяз. Аспандағы күн біздің денемізге шуағын шашып тұр. Күн мені жылытты. Күннен ләззат алдым, орманның ауасы не деген таза. Таза ауасымен дем алдым. Айналамда тым-тырыс. Орманнан тек қана жануарлардың іздерін көресің.

Ал, балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

Бір аптада қанша күн бар?

Ал балалар бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: Су -тіршілік көзі. Балалар су- мөлдір түссіз. Біз сусыз өмір сүре алмаймыз. Сусыз адамдар гана емес сонымен қатар жан-жануарлар, өсімдіктер осылардың барлығын су керек.

Бір нәрсенің тықыры естілген сияқты.

Ғажайып сәт:

- Бізге қонаққа су патшасы келіпті.
- Қане, балалар, қонақпен сәлемдесейік.
Су патшасы: Сәлем, достар!.
- Су патшасы балалар мен сендерді бүгін мына тұрған қайғыммен тәжірбиелер бөлмесіне апарамын.

1."Су - түссіз"
Стакандағы суға әртүрлі су бояу қосып, одан түс пайда болғанын бақылау.

2. ."Суда дәм жоқ"
Балалар түтікше арқылы су ішіп дәмін көреді. Оны салыстыру суға қант қосып көреміз.
3."Судың күйі". Мұздың қатты су екендігін бақылау үшін, тоңазытқыштағы қатқан мұзға бақылау жүргізеді.

Ал, балалар олай болса шаршаған шығарсыңдар, бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Күн болып жанайық

Су болып ағайық

Терең, терең дем алып

Жүгіріп, жүгіріп алайық

-Ал балалар седер бүгін тәжірбиені жақсы жасадыңдар.

Олай болса балалар су патшаймына жаңбырдың суретін салып берейік. (Балалар көк бояуға саусақтарын батыру арқылы жаңбырдың суретін салады.)

-Жарайсыңдар балалар:

Мен сендерге ойын ойнатқым келіп тұр.

Ойын: «Жел мен жаңбыр»

Ойын шарты: Мен сендерге жел дегенде сендер билейсіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар жақсы ма?

Балалар көздерін жұмып тәрбиешіні тыңдайды.










Қыс мезгілі.

Қыс мезгілінде үш ай бар:

Дала аяз болады, қар жауады, аққала жасаймыз, шанамен ойнаймыз, шаңғы тебеміз, ағаштар, жан-жануарлар ұйқыға кетеді.

Бір аптада 7 күн бар:

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.








Балалар су патшасына амандасады.


















Іс қимылмен тәрбиешінің айтқанын қайталайды.





Балалар іс- тәжірбиеге белсене араласады.

Тәрбиешінің айтқаны қайталап смен тәжірбие жасайды.





Балалар ойынды қызыға ойнайды.










Алақандарымен жаңбыр суретін салады.

Балалар ойынға белсене қатысып, ойнайды.

Қорытынды. Өзін-өзі бағалау

- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу қызметке өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп - көп рахмет! Мадақтау. Ал балалар, енді бізге келген қонақтармен қоштасайық.

Балалар қонақтармен қоштасады. Өздерінің атын атап, мадақтағаны үшін қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Суды үнемдеуді, суды ластамауды;

Игереді: Саусақ арқылы сурет салуды, судың ащы және тұщы болатынын, тұщы суды қайда пайдаланатынын, судың қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы біледі;
Меңгереді: Сусыз тіршілік болмайтынын түсінеді.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Саменова Ж.С.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
1364
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі